
- •Макроэкономика пәнінің, әдісінің сипаттамасы. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Айналым үлгісі.
- •Жіө және жұө сипаттамасы. Есептеу әдістерінің жіктелімі.
- •Ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштерін өлшеу және ашып көрсету
- •Шығындардың негізгі компонеттері, негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Тұтыну функциясы, инвестициялық функция. Графикалық түсіндірілімі.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •6.Жиынтық сұраныстың және оны құрайтын бөліктердің және ad-ға әсер ететін факторлардың сипаттамасы
- •7.Жиынтық ұсыныс қисығын құру және as-қа әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық, классикалық тәсілдемелері. Графикалық түсіндірілімі.
- •8.Инфляция мәні, өзгерісі, салдары, түрлері, және ұсыныс шоктары. Тұрақтану саясаты.
- •9.Жиынтық сұраныс шоктарының теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •10.Ақша мәнін ашу, ақша функциялары. Ақша агрегаттарының жіктелімі. Ақша сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдігі.
- •Ақшаға сұраныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Ақшаға ұсыныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Ақша базасы және ақша массасы, мультипликаторлар.
- •Еңбек нарығының сипаттамасы, жұмыссыздықтың түрлері және себептері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.
- •Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу. Төлем балансы.
- •16. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. (Модель ad-as).Теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •17. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пе жиынтық ұсыныс тепе-теңдігінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •18. Экономикалық тербелістер. Жабық экономикада жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың әсері.
- •19. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сипаттамасы. Кейнс кресі. Инфляциялық, рейессиондық үзілістер.
- •3.6 Сурет қолмен салыңдар
- •20. Бюджет-салық саясатының тепе-теңдікті табыс деңгейіне әсерінің салдарын анықтау (кейнс кресі)
- •3.7 Сурет. Қолмен жазыңдар
- •21. Is қисығын шығару. Is қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар. Графикалық түсіндірілімі
- •Ақша нарығындағы тепе теңдік. Lm қисығын шығару. Lm қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар.
- •23.Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе- теңдік сипаттамасы. Is-lm үлгісі. Саясаттардың тепе теңдікке әсерінің графикалық түсіндірілімі.
- •24.Ағымдық операциялардың шоттары (Nx) өзгерісіне әр түрлі саясаттардың сипатын анықтау. Графикалық түсіндірілімі
- •25. 10. Ашық экономика үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Айырбас бағамдарының түрлерін, әсер ететін факторларын анықтау, графикалық түсіндірілімі.
- •. Нақты айырбас бағамының сипаттамасы. Сатып алушылық мүмкіндік паритетінің теоретикалық және графикалық көрсетілімі. Ортақ баға заңы.
- •Солоу үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.
- •Солоу үлгісіндегі стационарлық тәртіптің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Жинақтаудың «Алтын тәртібі»
Макроэкономика пәнінің, әдісінің сипаттамасы. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Айналым үлгісі.
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық ауытқуларды, макроэкономкалық саясатты және елдер арасындағы макроэкономикалық өзара байланыстарды зерттейді.Макроэкономиканың негізгі мәселелеріне экономикалық өсу, инфляция және жұмыстылық жатқызылады. Экономикалық теорияның жеке бағыты ретінде макроэкономика XX ғасырдың 30-жылдары қалыптасқан. Оның пайда болуы батыс елдерінде Ұлы депрессия мен жалпы дағдарысқа 1929-1933 жылдары байланысты болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қатысты. Дж.Кейнс макроэкономиканың негізін қалады. Дж.Кейнс ұсынған экономиканы мемелкеттік реттеу моделі:
G



Макроэкономиканың негізі мәселелері:
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
Жалпы экономикалық тепе-теңдік және оған жету шарттары;
Макроэкономикалық тұрақсыздық, оны өлшеу және реттеу әдістері;
Экономикалық іс-әрекеттер нәтижелерін анықтау;
Мемлекеттік бюджет пен елдің төлем балансының жағдайы;
Сыртқы экономикалық қатынастарды оңтайландыру;
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру.
Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және шетелдік (сыртқы сектор).
Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұраныс білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-ауқатын жақсартуға тырысады.
Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тұдырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.
Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол, мысалыға, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құрып, жүзеге асырады.
Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капитал және ұлттық валюталармен өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.
Макроэкономикада экономиканы бір тұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.
Макроэкономика деңгейінде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі шарттары айқындалады, ол шарттар: тұрақты экономикалық өсу, ресурстардың толық жұмыс бастылығы, инфляция деңгейін минималдау, төлем балансының тепе-теңдігі.
Экономикалық теориялар мен модельдер.
Экономикалық теориялар жиі модельдер түрінде тұжырымдалады, олар экономикалық айнымалылар арасындағы ара қатынастарды анықтайды. Макроэкономикалық үлгі дегеніміз- экономикалық құбыдыстар мен процестердің жеңілдетілген абстрактілі қөрінісі, ол экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Үлгілерді қолдану арқылы мемлекет экномикаға әсер ету нүктелерін, жүргізіп отырған саясат қағидаларын, пайыздық қойылым, еңбекақы динамикасы, инфляция темпі және тб құбылыстардың басқару механизмдерін анықтайды. Әр модель белгілі мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономиклық заңдылықты зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер сөзбен, график арқылы немесе математикалық түрде құрылады.
Экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады, ал эндогенді айнымалылар модельдің ара қатынасынан шығарылады.
Сонымен бірге экономикалық айнымалыларды келесі түрінен ажыратады: қор айнымалысы белгілі уақыт мезетінде анықталатын шама болса, ағын айнымалысы уақыт бірлігіне шаққандағы шаманы көрсетеді. Мысалы, капитал көлемі, мемлекеттік қарыз, байлық қор айнымалысына, ал жалпы ішкі өнім, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ағын айнымалысына жатқызылады.
Экономикада уақыт аралығында бағалар өзгеріп тұрады. Бірақ бұл лезде орын алмайды. Себебі бағалар мен жалақы қатаң болады. Макроэкономикада қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңі ажыратылады. Экономистердің айтуынша, бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді және қысқа мерзімді кезеңде икемсіздеу болады.
Қарапайым сызықтық модельдерді келесі түрде жазуға болады:
y = kx + b (1.1)
мұндағы - x,y - айнымалылар, ал қалған шамалар – модельдің тіркелген параметрлері.
1.1.Сурет. Түзу сызық
k шамасы – (1.1) теңдеуімен берілетін сызықтың бұрыштық коэффициенті, b – бұл сызықтың тік осінен кесетін кесіндінің шамасы.
k бұрыштық коэффициентін экономистер сызықтың көлбеуі деп атайды. Ол х айнымалысын 1 бірлікке арттырғандағы тәуелді айнымалы у қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. Егер k>0 болса, сызықтың көлбеуі оң болады (оңға-жоғары), ал егер k<0 – сызықтың көлбеуі теріс (оңға-төмен).
(1.1) теңдеуінің параметрлерінің өзгеруі сызықты жылжытады, оның көлбеуін өзгертеді. k коэффициентінің абсолютті шамасы артқанда сызық тіктеу, ал азайғанда – жатықтау болады. Егер b мәнін өсірсек, сызық өзінен параллель түрінде жоғары жылжиды, егер де кемітсек – төмен жылжиды.
Әрине, практикалық мақсаттарда қолданылатын модельдер (1.1)-ге қарағанда аса күрделі болуы мүмкін. Олардың құрамында бір емес, алайда бірнеше теңдеулер, олардың ішінде сызықтық емесі де болуы мүмкін. Экономикада табиғи ғылымдармен салыстырғанда эксперименттер жүргізу мүмкіндіктері өте шектеулі. Сондықтан экономикада модельдердің құрылуы статистикалық мәліметтерге сүйенеді.
Айналым үлгісі:
Үй шаруашылығы, мемлекет, фирмалар, шет ел (ашық экономикада).Осы субьектілер арасында табыс пен шығындар ағыны айналыста болады. Бұл жағдайда кез-келген экономика субьектілерінің бірінің табысы басқа субьектілер үшін шығын болып табылады.
«Қуат
берулер»
G
Ex
И |
I
Шығындар
табыстар
ф |
-
Үй шаруашылығы
т абыстар шығындар
Ө ндіріс факторлар нарығы |
S Im
T
«жылыстаулар»
1 сурет. Экономикадағышығыстар мен кірістер айналысы
Табыстар мен шығындар айналысында «қуат берулер» мен «жылыстырулар» бар. «Қуат берулер» ел ішінде өндірілген өнімді сатып алуға отандық тұтынушылардың шығындарына қосымша ретінде жүзеге асырылатын шығындар болып табылады:
Инвестициялар (отандық және шетел), I;
Мемлекеттік шығындар, G
Шетелдік тұтынушылардың отандық экспортталған тауарды сатып алу шығындары,Ex
Экономиканың жетілген баланс жағдайында келесідей теңдік орын алады:
S+T+Im=I+G+Ex
Бірақ тәжірибеде мұндай тепе-теңдік өте сирек сақталадыж және үкімет пен қарапайым азаматтардың қалауларына қарамастан, экономика тепе-теңсіз жағдайлармен жиі кездеседі. «Қуат берулер» мен «жылыстырулардың» T=G
Теңдігін былай түсіндіруге болады. T-бұл мемлекеттік бюджетке түсетін табыс, ал G-мемлекеттік бюджеттің шығыстары. Мемлекет бюджеті сирек жағдайларда ғана балансталған жағдайда болады, жиі T<G – болған кезде, оның тапшылығы жөнінде, ал T>G болғанда артықшылығы жөнінде естиміз. Сондай-ақ жинақтар әр кезде инвестицияларға тең бола бермейді, ал экспорт импорттан аз немесе көп болуы мүмкін.