
- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
Бақылау сұрақтары:
Қылмыстылықтың алдын алудың мақсаты, міндеттері және функциялары?
Қылмыстылықтың алдын алу шараларының топтастырылуы?
Жалпы және жеке профилактика?
Әдебиеттер:
Аванасев Г.А. Криминология и социальная профилактика. М., 1990.
Блувштейн Ю.Д. Зырин М.И., Романов В.В. Профилактика преступлений. Минск, 1986.
Бородин С.В. Борьба с преступностью: теоретическая модель комплексной программы. М., 1990.
Жалинский А.Э. Специальное предупреждение преступлений в СССР. Львов, 1976.
Каиржанов Е.М. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1986.
Теоретические основы профилактики преступлений. М., 1979.
Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
Жоспар:
Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы және маңызы.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері.
Жазадан босатудың ұғымы.
Жазадан босатудың негіздері, түрлері.
Сотылықты жою мен алып тастау. Соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза тағайындаумен байланысты және жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады. Бiрiншi жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай тоқтатылады.
Гуманизм және әдiлеттiлiк принциптерiне сүйенiп ҚР Қылмыстық заңы кiнәлi адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толық босатуды реттейтiн нормаларды да бекiткен. Алайда, қылмыстық жауаптылықтан босату белгiлi бiр шамада қылмыстық құқықтың арнайы прициптерiнiң бiрi – жауаптылықтан құтылмайтындық принципiне қайшы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады. Мысалы, шын өкiнуiне байланысты немесе жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кiнәлi адамдарды ынталандыруға шақырады.
Сонымен, кейбiр жағдайларда қылмыстылықпен күресу мақсатына қол жеткiзу кiнәлi адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оларды соттаған кезде жазаны өтеуден босату арқылы да мүмкiн болады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институты енгiзiлген.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:
– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы);
– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы);
– жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы);
– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы);
– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы);
– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы);
Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi және факультативтiк болып бөлiнедi.
Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу танылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарын негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешiмге келедi. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын әрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады. Сөйтiп, қылмыстық жауаптылықтан босату–қылмыстық-құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн толық жүзеге асыру деген сөз, ендеше қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейiн жасалған қылмыс қайталанған қылмыс ретiнде есептелмеуi керек.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңда бекiтiлген бiрқатар шарттар болған кезде мүмкiн:
а). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн кiнәсiн мойындап өз еркiмен келсе – адам өзi қылмыстың жасалу фактiсi жөнiнде оның тергеуденн, соттан қашуға мүмкiндiгi бола тұра, мемлекеттiк билiк органдарына не құқық қорғау органдарына өз еркiмен хабарлауы.
б). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн қылмысты ашуға жәрдемдессе – кiнәлi адамның тергеу, анықтау немесе сот органдарына жасалған қылмысты ашуға маңызды болып табылатын мән-жайларды анықтауға, жасалған қылмыстың iздерiн, қылмыстық жолмен табылған заттарды сақтау орнын, қылмыстың басқа қатысушыларын iздестiруге бағытталған әрекеттер жасауы. Мұнда кiнәлiнiң жәрдемдесу әрекеттерi оң нәтиже бермесе де ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
в). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасап, ол қылмыстан келген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе – кiнәлi адам қылмыс жасағаннан кейiн өз ұсынысымен қылмыстан келген зиянды қалпына келтiруге немесе зиян келген құндылықтарды өтеуге әрекет жасаған болса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тiң 65-бабының 2-бөлiгiне сәйкес, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, осы қылмысқа қатысушыларды анықтауға белсендi түрде жәрдемдессе қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл жағдайдың 65-баптың 1-бөлiгiндегi ережеден айырмашылығы:
а). бұл жағдай тек ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрамында қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылады;
б). бұрын қылмыс жасаған адамдарға да қолданылуы мүмкiн;
в). жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан басқа барлық санаттағы қылмыстарға қолданылады.
ҚК-тiң 65-бабының 3-бөлiгiне сәйкес, осы баптың 1 және 2-бөлiктерiнде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн: арнайы белгiлерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату марапаттау нормалары бар ҚР ҚК-тiң ерекше бөлiмiнiң 125-б.“Адамды ұрлау”, 165-б. “Мемлекеттiк опасыздық”, 231-б. “Коммерциялық сатып алу”, 233-б. “Терроризм”, 234-б. “Адамды кепiлге алу”, 236-б. “Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру”, 251-б. “ Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”, 252-б. “Қаруды заңсыз жасау”, 259-б.“Есiрткi заттарды немесе жүйкеге жер ететiн заттарды заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату”, 297-б. “Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу”, 312-б. “Пара беру”, 326-б. “Әскери қызметтен жалтару”, 352-б. “Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару”, 358-б. “Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу” баптарының ескертулерiнде көрсетiлген.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мiндеттi емес және шартсыз болып табылады. Мiндеттi емес деген сот, тергеу, анықтама орандары 65-баптың 1 және 2-бөлiктерiнде көзделген жағдайлар болғанның өзiнде кiнәлiнi қылмыстық жауаптылықтан босатпауы да мүмкiн, себебi бұл олардың мiндетi емес құқығы болып табылады.
ҚК-тiң 66-бабына сәйкес, қоғамға қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды iстiң мән-жайларын ескере отырып сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
Тараптарды татуластыру институты жәбiрленушiнiң қылмыстық процестегi рөлi мен белсендiлiгiн арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге бағытталады.
ҚК-тiң 67-бабына сәйкес, ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен не оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Сонда 67-баптың 1-бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай төрт негiздiң жиынтығы болғанда ғана мүмкiн болады:
а). қылмыс жасаған адамның қылмысты бiрiншi рет жасауы,
б). қылмыс жасаған адамның әрекетi онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы;
в). қылмыс жасаған адамның жәбiрленушiге келтiрген зиянның есесiн толтыруы;
г). қылмысты жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы.
Ал ҚК-тiң 67-бабының 2-бөлiгi бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Мұнда заңшығарушы орташа ауырлықтағы кез келген қылмысты жасаған адамды, әкеп соққан қылмыс салдарына, оның әрекеттерiнде қылмыстардың бiрнеше рет жасалғанына, жиынтығына, қайталанғанына қарамастан, егер қылмыс жасаған адам жәбiрленушiмен татуласса және жәбiрленушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн қарастырады:
Жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз беретiн бiрiншi рет жасалған қылмысқа, адамның шын мәнiсiнде бiрiншi рет жасаған әрекетi не қайталанып жасаған әрекетi, бiрақ егер адам бұрын жасалған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiппен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатылса не оның соттылығы жойылса немесе алынса жатады.
Кiнәлi адам есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жәбiрленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген немесе моральдық кез келген зиянды жатқызу қажет. Бұл жағдайда тек тiкелей шығындар ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалатын шығындарды да жатқызуға болады. Қылмыспен келтiрiлген зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дәрi-дәрмектердi, санаториялық-курорттық жолдамаларды сатып әперу, жәбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тиым салынбаған өзге де нысандарда болуы мүмкiн.
Татуласу жәбiрленушiнiң кiнәлi адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi тоқтату туралы өтiнiшi түрiнде болады. Жәбiрленушiнiң еркiн бiлдiруi жазбаша арызбен рәсiмделедi немесе алдын ала тергеу барысында одан сұрақ алу хаттамасында көрсетiледi.
Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай екi жағдай да мүмкiн болады:
а). қылмыс белгiлерi бар әрекеттi жасаған адам, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса;
б). ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол адам қоғамға қауiптi деп есептелмесе.
Жағдайдың өзгеруi қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болу үшiн мемлекет көлемiнде, жеке аймақ немесе нақты мекемедегi әлеуметтiк-экономикалық немесе ұйымдастырушы лық- шаруашылық өзгерiстер түрiнде көрiнiс табады. Мысалы, әлеуметтiк-экономикалық саясаттағы өзгерiстерге байланысты Қазақстанда 1959 жылғы ҚазССР Кодексiндегi бiрқатар қылмыстар 168 бап алыпсатарлық, сауда ережелерiн бұзу, паспорт ережелерiн бұзу, азаматтық хал-актiсiн тiркеу жөнiндегi заңдарды бұзу, спирт өнiмдерiн саудалаудың ережесiн бұзу сияқты баптар қылмыс қатарынан алынып тасталды.
ҚК-тiң 68-бабының 2-бөлiгi бойынша кiнәлi қылмыс жасағаннан кейiн iстi сотта қарағанға дейiн өзiн мүлтiксiз ұстаса ғана қолданылады. Кiнәлi адамның мүлтiксiз мiнезделуiне ешқандай құқық бұзушылық, тәртiптiк, әкiмшiлiк жағынан жұмысы, оқуы, тұрғылықты жерi бойынша оң мiнезделуiн түсiну қажет. Яғни, 68-баптың 2-бөлiгiн қолдану үшiн мына жағдайлардың жиынтығы болуы қажет:
а). егер адам қылмысты бiрiншi рет жасаса;
б). жасалған қылмыс ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс болса;
в). егер адам iстi сотта қарағанға дейiн өзiнiң мүлтiксiз мiнез-құлқымен қоғамға қауiптi емес деп саналса.
Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегенiмiз – бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы және өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап кiнәлi адамды сол қылмысы үшiн заңда көрсетiлген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкiндiк беретiн уақыттың өтуiне байланысты кiнәлiнi жауаптылықтан босату жөнiндегi құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын қарастырады:
1). Заңда көрсетiлген мерзiмдердiң өтуi;
2). Осы мерзiмдер iшiнде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;
3). Тергеуден не соттан жалтармаса;
Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап бастап мынадай мерзiмдер өтсе мүмкiн болады:
а). ауырлығы онша емес қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;
б). орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;
в). ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он жыл;
г). аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл.
Ескiру мерзiмдерi қылмыс жасалған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. Созылмалы қылмыстарда қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi кiнәлi адамның өз еркiмен бас тартқан кезiнен бастап есептеледi, ал жалғаспалы қылмыстарда соңғы қылмыстық әрекет жасалған кезден есептеледi. Егер адам қылмысқа дайындалса не оқталса, онда ескiру мерзiмi қылмыстық әрекеттi тоқтатқан кезден басталады. Қылмысқа қатысушылардың ескiру мерзiмдерi (ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушiлер) де қылмыстың орындаушысымен бiрге есептеледi. Заңда әртүрлi жаза бекiтiлген бiрнеше қылмыстар жасаған кезде ескiру мерзiмi олардың iшiндегi ауыр түрi бойынша есептеледi.
Ескiру мерзiмi мынадай үш жағдайда тоқтатылады:
1). Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, яғни қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатын көздейтiн қасақана әрекеттер: тұрғылықты жерiнен кетiп қалу, аты-жөнiн өзгерту, бөтен фамилиямен жаңа жерде өмiр сүру және т.б. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе айыбын мойындап келген мерзiмiнен басталады, яғни осыған дейiнгi өткен ескiру мерзiмi күшiн жоймайды деген сөз. Ал егер ескiру мерзiмi тоқтатылмастан қылмыс жасалған уақыттан берi 25 жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
2). Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы қылмыстар үшiн ескiру мерзiмi өткенге дейiн (10-15жыл) жаңадан қылмыс жасаса ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiнгi уақыттар жойылып, жаңадан жасалған қасақана қылмыс пен бұрынғы ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшiн ескiру мерзiмдерi жаңадан жасалған қылмыстардың жасалу уақытынан бастап қатар есептеледi. Осы уақыттан бастап бiрiктiрiлмейтiн және сiңiрiлмейтiн екi жеке ескiру мерзiмдерi қатар басталады. Тиiсiнше, егер адам жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейiн ауырлығы онша емес немес орташа ауыр қылмыс жасаған болса ескiру мерзiмдерi тоқтатылмайды. Сондай-ақ, егер адам ауыр не аса ауыр қылмыс жасаса бiрақ жаңа жасаған қылмысы қасақана қылмыс категориясына жатпаса ескiру мерзiмi тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда әрбiр жеке қылмыс үшiн ескiру мерзiмдерi олардың жасалған кезiнен бастап есептеле бередi.
Өлiм жазасы түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн қылмысты жасаған адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Бұл мәселенi шешу кезiнде сот қылмыс жасағаннан кейiнгi кiнәлiнiң мiнез-құлқын, отан алдындағы еңбегiн, наградасының барлығын және қоғамдық пiкiрдi ескеруi тиiс. Ескiру мерзiмiнiң бiтуiне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы тағайындалмайды, оның орнына 25 жыл бас бостандығынан айыруды немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қылмыстық кодекстiң 156-154 бабындағы қылмыстарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде ҚР Парламентi шығарады. Бұл бiрқатар қылмыс санаттарына қатысты немесе жеке айқындалмаған сотталғандар тобына, мысалы, жүктi әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, 60 жастан асқан ер адамдарға, 1-шi, 2-шi топтағы мүгедектерге және т.б. қатысты шығарылатын нормативтiк актi, яғни рақымшылық қолданатын адамдар алдын ала анықталмайды. Осы белгiсi арқылы рақымшылық нақты сотталғанға қатысты шығарылатын кешiрiм жасаудан ерекшеленедi.
Рақымшылық шығару мынадай құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкiн:
1). Кiнәлi адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады,
2). Кiнәлi адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады;
3). Тағайындалған жаза қысқартылады;
4). Тағайындалған жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылады;
5). Қосымша жаза түрiмен босатылады;
6). Соттылығы алынуы мүмкiн;
7). Алдын ала тергеудегi және сотта қаралмаған қылмыстық iстердiң өндiрiсi қысқартылады.
Рақымшылық құқықтық құбылыс ретiнде мынадай негiзгi ерекшелiктерге ие:
- Мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органының актiсi бола тұра, рақымшылық нормативтi сипатты иемденедi, яғни ол барлық органдар лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi;
- Рақымшылық актiсi ерекше құқықтық құжат. Оның күшi ол шыққанға дейiнгi әрекеттерге ғана таратылады, солай бола тұра қысқа уақытқа созылады;
- Рақымшылық актiсi тек қылмыстық емес әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн;
- Рақымшылық жалғаспалы және созылмалы қылмыстарға, егер олар рақымшылық актiсi қабылданғанға дейiн аяқталса ғана таратылады.
Рақымшылықтың кешiрiм жасаудан айырмашылығы:
1). Рақымшылықты Парламент шығарады, ал кешiрiмдi Президент жасайды.
2). Рақымшылық кең көлемде таратылады, ал кешiрiм нақты әрекетке қатысты қолданылады;
3). Рақымшылық негiзiнен ауырлығы онша емес қылмыс жасағандарға, ал кешiрiм жасау кез келген санаттағы қылмыстарға қатысты қолданылады;
4). Рақымшылық бойынша кiнәлi адам жауаптылықтан және жазадан босатылады, ал кешiрiм жасау бойынша тек жазадан босатылады.
Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мәнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сәйкес қылмыс жасаған адамға әсер етуден тұрады.
Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған адамның түзелуiн ынталандыру, тез арада оны қайта тәрбиелеу, сонымен бiрге жазаны қолданбай-ақ қылмыстық құқықтың мақсаттарына қол жеткiзуге болатын жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның гуманизациясын бiлдiредi.
Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi адамға соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсатта ры орындалды және сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық-атқару құқығымен ұштасып отырады.
Бiрақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейiн не жазадан босату туралы ұсыныстан кейiн орындалады. Жазадан босатудың материалдық негiзi сотталған адамға оның денсаулығына қатысты, немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты немесе кiнәлiнiң түзелуi үшiн жазаны толық өтеуiнiң қажет еместiгi болып табылады. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану (ҚР ҚК-тiң 55 б.-1 т.) және шартты түрде соттау (ҚР ҚК-тiң 63 б.) мiндеттi белгiлер ретiнде саналады, яғни қылмыстық жазадан босату институтымен әсiресе осындай жаза тағайындау кезiнде тығыз байланыста болады.
Белгiлi бiр деңгейде жазадан босату қылмыстық жауаптылықтан босатуды еске түсiредi. Бiрақ жауаптылық ұғымы жаза ұғымынан неғұрлым кең.
Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға және қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әдiлеттiлiк, iзгiлiк, жеке кiнәлi жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттары мiндеттi түрде бiрге жүзеге асырылып отырады. Кейбiр жағдайларда кiнәлi болып қалған адамды қыл мыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бiрақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстыру арқылы көзделген мiндеттер дi орындап тиiстi мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану органдары қызметкерлерi осы мәселелердi шешу барысында қылмыстың жасалуының қоғамға қауiптiлiгiн ескередi, кiнәлiнiң жеке басына оның қылмыс жасағанға дейiнгi және қылмыс жасағаннан кейiнгi әрекеттерiне мән беруi керек (шын өкiнуi, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуi, т.с.с.)
Қылмыстық жауаптылықтан босату адамның жасаған әрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгi аз, онша қауiптi болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуi мүмкiн болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңiлiрек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық жазадан босату белгiлi бiр деңгейде қылмыстық жауаптылықтан босатуды еске түсiредi.
Дегенмен, босатудың бұл түрлерiнiң арасында қағидалық тұрғыдағы айырмашылықтары да бар:
- қылмыстық жауаптылықтан әдетте ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да мүмкiн;
- қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн сот қана емес, сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы да жүзеге асырады. Ал жазадан босату айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн және осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi жазадан босатудың мынадай түрлерiн қарастырады:
1). Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (ҚК-тiң 70-бабы);
2). Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру (ҚК-тiң 72-бабы);
3). Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-тiң 73-бабы);
4). Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру (ҚК-тiң 74-бабы);
5). Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату (ҚК-тiң 75-бабы);
6). Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату (ҚК-тiң 76-бабы);
7). Кәмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тiң 81-бабы);
Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын тек қылмысы үшiн кiнәлi деп танылған адамдарға қолданылады. Бұл шаралар егер кәмелетке толмаған адам бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасады деп танылса. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың негiзi болып кәмелетке толмаған адамның қылмыстық жазаны өтемей-ақ түзелуiне мүмкiндiгiнiң болуы. Қылмыстық жазаны қолданбау мәселелерiн шешу кезiнде сот қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына, жанұялық жағдайына, тәрбиесiне, басқа да мән-жайларға қарай жаза қолданусыз түзелуiне қол жеткiзуге болады деген сенiмнiң белгiлерiн ескередi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1999 ж. 30 сәуiрдегi №1 “Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” Қаулысында, 1 жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына немесе жеңiл жазаларға қатысты, әрбiр мән-жайларға байланысты iстердi нақты ескере отырып, қылмыстық iстi қысқарту және заңмен қарастырылған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларының берiк қолдану мәселелерiн шешу қажет деп көрсеткен. Сонымен, бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн сотталған 18 толмаған адам, тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Қорыта келе, қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгiлi бiр санаттағы қылмыс жасаған адамға тиiмдi бола отырып мемлекет атынан болатын әлеуметтiк сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетiлген негiздер мен тәртiптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңiлiрек болуы тек қана соттың құзыретiмен жүзеге асады деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi алдыңғы заңдармен салыстырғанда, белгiлi бiр қылмысы үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты ұғымына талдау жасай отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қоспайды.
Заңда белгiленген негiздерге сәйкес сотталған адам:
- сотпен тағайындалған жазаны өтеуден,
- жазаның өтелмеген бөлiгiн шартты түрде мерзiмiнен бұрын өтеуден босатылады.
Бұл жалпы негiздердiң жазадан босатудың әрбiр түрiн қолдануда маңызы зор.
Қылмыстық жауаптылықтан босату сияқты, жазадан босату да iзгiлiк пен әдiлеттiлiк қағидаларын жүзеге асыру болып табылады. Ол да өз соңынан белгiлi бiр қылмыстық-құқықтық салдарды ерте жүредi. Қылмыстық қудаладан босату фактiсi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынасты тоқтататын заң жүзiндегi факт болып табылады. Ендеше мұндай босату әлгiндей құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды бейнелейдi. Тоқтатылған қылмыстық-құқықтық қатынастар ды қайта жаңғырту қылмыстық заңмен арнайы көзделген жағдайларда ғана мүмкiн болады.