Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЛОССАРИЙ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
542 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық – құқықтық реттеу пәнінің және әдісінің ерекшелігі және басқа құқық салаларының әдісі мен пәндерінен айырмашылығы?

  2. Қылмыстық құқықтың қағидаларының жүйесі?

  3. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң?

Әдебиеттер:

Ағыбаев А.А. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. Алматы, 1999

Васильев Н.В. Принципы  советского  уголовного права. М., 1983

Джекебаев  У.С. Основные принципы уголовного права Республики Казахстан.  (Сравнительный комментарий к книге Дж. Флетчера  и А.В. Наумова «Основные концепции современного уголовного праваң). Алматы, 2001г.

Дулатбеков Н.О. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. Астана, 2001

Жунусов Б.Ж. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Караганда, 1998

Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2003

Келина С.Г., Кудрявцев В.Н. Принципы  советского уголовного права. М., 1988

Разгильдиев  Б.Т. Задачи уголовного права  Российской Федерации и их реализация. Саратов, 1993

Наумов А.В. Реализация уголовного закона . Волгоград, 1983

Кудрявцев В.Н., Келина С.Г. Уголовный закон: опыт теоретического моделирования.  М., 1987

 

Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.

Қылмыс, онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәiрлерiнде өзгермелi сипатта болып келген ұғымдар. Қылмыс – бұл адам iс-әрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан.

Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр әрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық әрекеттiң мәнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр әрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл әрекеттер қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды.

Қылмыстың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы – оның қоғамға қауiптiлiгiмен анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сәйкес, қылмыс дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi iс-әрекетi болып табылады. Жасалған әрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi.

Сонымен, формальды және материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстың ұғымын бередi. ҚР ҚК 9-бабының 1- бөлiгiне сәйкес Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамға қауiптi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады.

Көрсетiлген анықтамадан қылмыс ұғымы өзiне келесi белгiлердi қамтитынын көремiз: қоғамға қауiптiлiк, қылмыстық құқыққа қайшылық, кiнәлiлiк және жазаланушылық. Осы аталған белгiлердiң жиынтығы болғанда ғана iс-әрекет қылмыс деп танылады.

Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады. Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-әрекеттiң өзiне (әрекет немесе әрекетсiздiк); қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тәсiлiне; қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне және т.б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн.

Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар:

- сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты,

- сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дәрежесi.

Қоғамға қауiптiлiктiң сипаты қылмыстың қандай қылмыстарға қол сұғатындығымен (адамның өмiрi, меншiгi, денсаулығы, мемлекет қауiпсiздiгi), ал қоғамға қауiптiлiк дәрежесi қол сұғушылықтың ерекшелiгi мен деңгейiне, қылмыстан келген зардаптың ауырлығына байланысты анықталады. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дәрежесi қылмыстық заңда көрсетiлген санкция бойынша да анықталады.

Жасалған әрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң болмауы оның қылмыстылығы мен жазаланушылығын жояды. Сондықтан, жасалған әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамға қауiптi емес iс-әрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi).

Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi.

Қоғамға қауiптi iс-әрекет егер ол қылмыстық заңда тiкелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады. Сондықтан әрекеттiң қылмыс немесе қылмыс емес екендiгiн шешу кезiнде заңның аналогиясы қолданылмайды деп көрсетiлген (ҚР ҚК 9- бабы). ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында жекелеген қылмыс құралдары үшiн жауаптылық қарастырылған. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы iс-әрекет жасауды қылмыстық құқыққа қайшылық деп атайды. Тиiсiнше, адамның қылмыстық заң тыйым салмаған iс-әрекеттердi жасауын қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заңшығарушы ғана белгiлi бiр әрекеттi қылмыс қатарына жатқызуға мүмкiндiк беретiн оның мәндi белгiлерiн анықтайды, сондықтан iс-әрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын белгiлеген тиiстi заңның жарияланған уақыттан бастап ондай iс-әрекеттер қылмыс деп танылады.

Қылмыстың келесi белгiсi – кiнәлiлiк. Адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады. Яғни, белгiлi бiр әрекеттi қылмыс деп тану үшiн онда кiнә орын алуы қажет. Белгiлi бiр психологиялық негiзден айрылған нақты әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды (мысалы, рефлекторлық қозғалыс, ессiз жағдайдағы iс қимыл немесе гипноз, ұйқыдағы әрекеттер). Сонымен бiрге, сыртқы формальды белгiлерi қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нәтижесiнде немесе күштеп мәжбүрлеу кезiнде адамның жасаған әрекетi де қылмыс ретiнде саналмайды. Яғни, кiнәсiз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.

Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн және осы iс-әрекет үшiн қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы жазалау қатерiмен тыйым салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады.

Қоғам өз мүшелерiне белгiлi бiр әлеуметтiк талаптар қояды, мұндай талаптарды орындамау жауаптылыққа әкеп соғады. Орындалмаған талаптың сипатына қарай бұл жауаптылық моральдық немесе құқықтық болуы мүмкiн.

Жалпы, философия ғылымында «жауаптылықң - деп жеке адамның қоғамға немесе жалпы адамзатқа деген өзiнiң адамгершiлiк мiндетi мен құқықтық нормаларды орындауын сипаттайтын және оның ерекше әлеуметтiк және моральдық қатынасын бiлдiретiн категорияны айтады. Жауаптылық - бiр жағынан сезiм, қоғамдық байланыс, ынта болса, екiншi жағынан шара немесе санкция. Ол адамды белгiлi бiр әрекетке ынталандырады немесе белгiлi бiр әрекеттi жасаудан бас тартқызады.Әрине, жауаптылық субьектiге қойылатын әлеуметтiк талаптар болған кезде немесе субьектiнiң бұл талаптарды өзi ұғынған жағдайда пайда болады. Осыған байланысты жауаптылықты жүзеге асыру екi нысанда көрiнедi: бiрi - әлеуметтiк талаптарды субьект өз еркiмен орындайды, екiншiсi - әлеуметтiк талаптарды субьект мәжбүрлеп орындайды. Осы екiншi көрiнiс қылмыстық жауаптылыққа тән келедi.

Қылмыстық жауаптылық азаматтық- құқықтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық жауаптылықтар сияқты құқықтық жауаптылықтың бiр түрi және ең қатал түрi.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық мәселесiнiң зерттелуiне көп көңiл бөлiнгенiмен, оның түсiнiгi, анықтамасы төңiрегiнде әлi де болса пiкiрталастар жетерлiк.

Қылмыстық жауаптылыққа түсiнiк беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбiне қылмыстық жауаптылықты белгiлi бiр категориямен теңдестiру арқылы, мысалы «қылмыстық жауаптылықң және «жазаң, «қылмыстық жауаптылықң және «кiнәң, «қылмыстық жауаптылықң және «қылмыстық құқықтық қатынасң терминдерiмен байланыстырып зерттеген.

«Қылмыстық жауаптылықң ұғымы қылмыстық заңда берiлмегенiмен, оқу және ғылыми әдебиеттерде оған әртүрлi сипаттағы анықтамалар берiлген. Солардың iшiнде негiзгi дегендерiн қарастырып көрелiк:

1). Қылмыстық жауаптылық адамның жасаған қылмысы үшiн қылмыстық заңның тиiстi бабы санкциясында көзделген белгiлi бiр жеке немесе мүлiктiк зардапты шегу мiндетi (Пионтковский А.А. О понятии уголовной ответственности. Сов.гос-во и право. М.1967. 12-с).

2). Қылмыстық жауаптылық - бiр жағы, мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы қылмыс жасаған адамға қылмыстық жазалар түрiндегi ауыртпалықтар мен мүмкiндiктерiн айыруларды өтеу мiндетiн жүктеу құқығын жүзеге асыра отырып, ал екiншi жағы, құқық бұзушы осы ауыртпалықтар мен мүмкiндiктердi айыруларды өтеу мiндетiн орындай отырып, қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және еңбекпен түзеу құқықтық қатынастарға түсуi (Марцев А.И. Уголовная ответственость и общее предупреждение преступлений. Омск, 1973, С.23; Шаргородский М.Д. Основанис уголовной ответственности. – В кн.: Курс Советского уголовного права. Т. – 1., Л., 1968, С. 222 – 221. и др).

3). Қылмыстық жауаптылық қылмыстық заңның талаптарына негiзделген, қоғамға қауiптi әрекетке және оны жасаған адамға мемлекет атынан сотпен берiлетiн баға (Кругликов Л.Л., Васильевский А.В. Дифференциация ответственности в уголовном праве. – Спб.: изд-во Юрид. центр пресс. 2003, С. 34).

Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған үшiн кiнәлi адамды соттаумен байланысты туындайтын жағымсыз құқықтық салдар.

Кез келген құқықтық жауаптылық сияқты қылмыстық жауаптылықтың өзiне тән ерекшелiктерi бар:

Мазмұны мен нысаны бойынша ол мемлекеттiк - мәжбүрлеу сипатын иемденедi. Себебi, қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамға мемлекеттiң жағымсыз реакциясы ретiнде қарастыруға болады.

Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтiк мазмұнын - қоғам мен мемлекеттiң қылмысты және қылмыскер тұлғасын соттау, оған терiс баға беру құраса, ал заңдық мазмұнын - қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шаралары құрайды.

Сондықтан, қылмыстық жауаптылық өзiнiң мазмұны бойынша әлеуметтiк, нысаны бойынша нормативтiлiк реттеушi қызметтердi атқарады және қоғамдағы қатынастарды тәртiптеу мақсатында қолданылады.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекеттi жасаған адамға арнайы өкiлеттi мемлекеттiк органдар мен қолданылатын қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық - құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар түрiндегi жағымсыз салдарды өтеу мiндетiн жүктеудi түсiну қажет.

Бұл анықтамадан қылмыстық жауаптылықтың негiзгi белгiлерiн ашып көрсетуге болады:

1). Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәтi болып қылмыс құрамының белгiлерiн құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.

2). Қылмыстық жауаптылық кiнәлi адам үшiн жағымсыз салдарды өтеу мiндетi жүктелгендiгiн бiлдiредi. Яғни, қылмыстық әрекет – себеп болса, қылмыстық жауаптылық - салдар.

3). Заңда көрсетiлген жағымсыз салдар тек арнайы өкiлеттi мемлекеттiк органдармен ғана қолданылады.

4). Қылмыстық жауаптылық - жағымсыз салдарды iс-жүзiнде нақты өтеу ғана емес, оны өтеу мiндетi болып табылады.

5). Жағымсыз салдардың сипаты тек қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және қылмыстық - атқару заңдарымен ғана анықталады.

Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы , жүзеге асырылуы және тоқтатылуы туралы мәселелердi шешу қылмыстық-құқықтық қатынас шеңберiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық өзiнiң бастауын қылмыстық - құқықтық қатынастан алып қана қоймайды, ол оның бiр бөлiгi ретiнде танылып бiр – бiрiмен тығыз байланыста тұрады. Сондықтан, қылмыстық-құқықтық қатынастарсыз қылмыстық жауаптылықтың тууы мүмкiн емес.

Құрылымы бойынша қылмыстық-құқықтық қатынас обьектiден, субьектiден және субьектiлердiң заңдық құқықтары мен мiндеттерiн құрайтын мазмұнынан тұрады.

Мұндай қатынастардың субьектiлерi ретiнде бiр жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге мiндеттi, бiрақ осы жауаптылықтың заңмен бекiтiлген шегiн және белгiленген тәртiбiн сақтауды талап етуге құқылы, қылмыс жасаған адам танылады. Екiншi жағынан - өзiнiң арнайы өкiлеттi органдары арқылы қылмыс жасау фактiсiн анықтауға, оны жасаған нақты адамның кiнәсiн дәлелдеуге мiндеттi және қылмыстық iс жүргiзу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары негiзiнде аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады.

Қылмыстық-құқықтық қатынастардың обьектiсi болып адамның қылмыс жасауы нәтижесiнде құқықтық шектеулерге түсетiн жеке, мүлiктiк және өзге де игiлiктер. Қылмыстық-құқықтық қорғаушылық қатынастардың обьектiсiне деген мұндай көзқарас, яғни аталған қатынас қылмыстың жасалуымен байланысты туындағанымен, қылмыс жасаған адамның түзелуi және қайта тәрбиеленуi үшiн оның жеке немесе мүлiктiк игiлiктерiне әсер ету арқылы жүзеге асырылатындығымен негiзделедi.

Қылмыстық жауаптылықтың құқықтық табиғаты жөнiнде айтқанда, оны жазамен теңестiруге болмайды. Бұл қылмыстық құқықтың екi негiзгi институттары, олар қылмыстық заңның әртүрлi жеке нормаларымен қарастырылады. Жаза ең қатал және кең қолданылатын қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны.

Қылмыс жасаған адамның әрекетiнде қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамын анықтау барлық уақытта жазаны қолдануға әкеп соқпайды. Қылмыстық заңның Жалпы бөлiмiнде қылмыс жасаған адамға жазадан басқа тәрбиелiк сипаттағы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылу туралы нормалар немесе жазадан не жауаптылықтан мүлдем босату мүмкiндiгi де қарастырылған.

Қылмыстық-құқықтық қатынас қылмыс жасау сәтiнен бастап туындайды. Осы сәттен бастап қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi есептеледi. Қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы кiнәлiге айып таққан кезден басталады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастың одан әрi дамуы барысында қылмыс жасаған адам айыпкер, сотталушы, сотталған адам ретiнде танылады және жасаған қылмысы үшiн жауап беруге және жазаны өтеуге мiндеттi болып табылады. Жазаны орындау барысында қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыстық-атқару қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық қатынас соттылықтың өтелу немесе алыну сәтiнен тоқтатылады.

Қылмыс құрамының ұғымын теорияда қылмыс құрамының элементтерi деп аталатын белгiлердiң төрт тобы құрайды. Олар: қылмыс құрамының объектiсi, объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы.

Қылмыс объектiсi- қылмыстық қол сұғушылық нәтижесiнде қауiп келтiрiлетiн немесе қауiп келтiрiлуi мүмкiн қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар, мүдделер немесе игiлiктер.

Қылмыстың объективтiк жағы - қылмыс объектiсiне қауiп төндiретiн немесе қауiп төндiруi мүмкiн қоғамға қауiптi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк).

Қылмыстың субъектiсi болып қылмыс жасаған және жасаған қылмысына жауап беруге қабiлеттi жеке тұлға танылады. Субъектiнiң  жауап беру қабiлеттiлiгi оның ақыл-есiнiң дұрыстығы мен қылмыстық заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылық жасына толуымен анықталады.

Қылмыстың субъективтiк жағы - қылмыс субъектiсiнiң өзiнiң жасаған қылмыстық әрекетiне психикалық қатынасы. Оған қасақаналық немесе абайсыздық түрiндегi кiнәсi, сондай-ақ қылмыстың ниетi мен мақсаты жатады.

Қылмыс құрамы осы жоғарыда аталған қылмыс құрамы элементтерiнiң мiндеттi жиынтығы. Себебi, осы элементтердiң кемiнде бiреуiнiң болмауы қылмыс құрамын құрамайды. Барлық төрт элементтер бiр бiрiмен тығыз байланысты және өзара әрекеттесiп жатады. Мысалы, қылмыс объектiсi объективтiк жақпен келтiрiлген зардап арқылы байланысса, ал объективтiк жақ iс қимыл актiсi ретiнде қылмыс субъектiсiмен әрекеттеседi, себебi объектiге келтiрiлетiн зиянды әрекет немесе әрекетсiздiктi нақ сол адам жасап отыр. Субъективтiк жақ  қылмыстың объективтiк жағымен байланысты, өйткенi нақты әрекетке және оның зардабына деген психикалық қатынас алдын ала бағытталған  iс қимыл арқылы жүзеге асырылады.  Қылмыс құрамының бұл элементтерi ең алдымен қылмыстық заңда, яғни Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көрсетiледi. Алайда, қылмыс құрамының элементтерiне сiлтемелер Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң нормаларында да кездеседi. Мысалы, ҚР ҚК-нiң 2-бабының 1-бөлiгiнде қылмыс обьектiсiнiң жиынтығы, 14,15,16-баптарда қылмыс субъектiсiнiң белгiлерi, 19,20,21,22-баптарында субъективтiк жақтың  нышан дары көрсетiлген.

Қылмыс құрамының элементтерi  мiндеттi және факультативтi  болып екiге бөлiнедi. Мiндеттi элементтердiң қатарына қылмыс құрамын бар деп тану үшiн қажеттi  кез келген қылмысқа тән элементтер жатады. Олар: қылмыс объектiсiнде-қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; Объективтiк жақта – қоғамға қауiптi iс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк), қылмыс зардабы және әрекет пен зардап арасындағы себептi байланыс материалдық құрамдағы қылмыстар үшiн мiндеттi белгi; субъектiде – жауаптылық жасына толған , есi дұрыс  жеке тұлға; субъективтiк жақта - қасақаналық немесе абайсыздық түрiндегi  кiнә.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]