Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЛОССАРИЙ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
541.7 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

Кудрявцев В.Н. Генезис преступления. Опыт криминологического моделирования. М., 1998

Кузнецова Н.Ф. Преступление и преступность.  М., 1969

Прохоров В.С. Преступление и ответственность. Л., 1984

Онгарбаев Е.А. Классификация преступлений и ее правовое значение. Караганда, 1996

Игнатов А.Н., Костарева Т.А. Уголовная ответственность и состав преступления. Лекция. М., 1996

Козаченко И.Я. Уголовная ответственность: мера и форма выражения. Свердловск, 1987

Кругликов Л.Л., Васильевский А.В. Дифференциация ответствен ности в уголовном праве. – Спб.: изд-во Юрид. центр пресс. 2003

Звечаровский И.Э. Уголовная ответственность.  Иркутск, 1992

Пионтковский А.А. О понятии уголовной ответственности. Сов.гос-во и право. М.1967.

Якушин В.А. Проблемы субъективного вменения в уголовном праве. М., 1998

Алауханов Е.О., Үмбеталиев С., Рахметов С.М. Қылмыс құрамы. Алматы, 2000

Гонтарь И.Я. Преступление и состав преступления как явления и понятия в уголовном праве. Владивосток, 1997

Игнатов А.Н., Костарева Т.А. Уголовная ответственность и состав преступления. Лекция. М., 1996

Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.

Қылмыс объектiсi қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi,  сондықтан да объектiсiз қылмыс жоқ.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектiсi деп қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды тану қалыптасқан. Себебi, кез келген қылмыс жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бiр элементiне озбырлық жасайды. Олардың өзара байланысын бұзады, қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мүддесiне тiкелей немесе жанама нұқсан келтiредi.

Қоғамдық қатынастар адамдар арасында олардың күнделiктi iс-әрекетiнде танымдық және рухани өмiрде қалыптасатын қатынастар. Қоғамдық қатынас сипаты мен құрылымы бойынша күрделi құбылысты құрайды. Қоғамдық қатынастардың басты элементтерi: қоғам, мемлекет және оның қалыптасуы, құрылуы және олардың өкiлдерi; әртүрлi бiрлектiктер мен адамдар ұжымы, жеке адамдар; материалдық заттар және қоғамдық қатынасқа қатысушылар арасындағы әртүрлi нысанда көрiнiс табатын өзара байланыстар.

Қоғамдық қатынастың маңызды элементi болып қоғамның мүдделерi табылады. Мүдде - қоғамдық қатынастың нақты көрiнiсi. Адамның қоғамға қауiптi әрекетi немесе әрекетсiздiгi қоғам, мемлекет және жеке адамдардың мүдделерiне зиян келтiргенде ғана ол қылмыстық мәнге ие болады.

Қылмыстық заңда қылмыс деп танылған кез келген қоғамға қауiптi iс-әрекет белгiлi бiр жағдайларда осы қоғамдық қатынастарға, мүдделерге зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады. Сонда, қылмыстық құқықта қылмыс объектiсi деп қоғамға қауiптi iс-әрекет неге бағытталған және ол неге зиян келтiредi соны айтады.

Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын емес, оның iшiнде құнды, маңызды дегендерiн ғана қорғайды және ол қатынастар өзгерiп отырады. Олардың өзгеруi көптеген мән-жайларға байланысты: ерекше тарихи кезеңге, уақыт ағымына, қандай да бiр нақты жағдайға және т.б. Қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын аса маңызды қоғамдық қатынастардың шеңберi ҚК-ң 2-бабында анықталған: «адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi, меншiк, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiк, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерi, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгi ң.

Қорғалатын объект маңызды болса, соған сәйкес қылмыс та қауiптi болып саналады, соған орай оны қылмыстық-құқықтық қорғауда қатаң түрде  жүзеге асырылады.

Қылмыс объектiсi түсiнiгi қылмыстық әрекеттiң түсiнiгiмен және қылмыстың материалдық белгiсi - қоғамға қауiптiлiкпен тығыз байланысты. Себебi, тек әлеуметтiк маңызды игiлiкке, мүддеге елеулi зиян келтiрген немесе зиян келтiруi мүмкiндiгi туындаған кезде ғана әрекет қылмыс деп танылады. Егер әрекет қылмыстық құқықпен қорғалатын қандай да бiр мүддеге зиян келтiру қаупiн тудырмаса немесе нақты зиян келтiрмесе, не бұл зиянның қауiптiлiгi шамалы болса, онда әрекет қылмыс деп танылмайды.

Сонымен, қылмыстың объектiсi дегенiмiз - қылмыс жасаушы адам қол сұғатын және қылмыс жасау нәтижесiнде зиян келтiрiлетiн немесе елеулi зиян келтiрiлуi мүмкiн қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтiк маңызды құндылықтар, мүдделер, игiлiктер.

Қылмыс объектiсiнiң қылмыстық құқықтағы маңызы жөнiнде айтатын болсақ, оны мына жағдайлармен сипаттауға болады:

1). Қылмыс объектiсi – кез келген қылмыстық iс-әрекеттiң элементi, яғни кез келген әрекет тек қылмыстық заңмен қорғалатын құндылыққа, мүддеге, игiлiкке зиян келтiрсе немесе зиян келтiру қаупiн тудырса ғана қылмыс болып табылады.

2). Қылмыс объектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi. Тiкелей қолсұғушылық объектiсiнсiз бiрде бiр қылмыс құрамы болмайды.

3). Қылмыс объектiсi қылмыстық заңды кодификациялау үшiн маңызды болып табылады. Топтық объектiнiң белгiсi бойынша ҚК-ң Ерекше бөлiмiнде қылмыстар құрылған.

4). Қылмыс объектiсiн дұрыс анықтау қылмысты өзге де құқықбұзушылықтардан және аморальдық әрекеттерден ажыратуға мүмкiндiк бередi.

5). Қылмыс объектiсi қылмыстық iс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дәрежесiн анықтауға көмектеседi.

6). Қылмыстың объектiсi iс-әрекеттi дұрыс саралауға және қылмыстарды бiр-бiрiмен ажырату үшiн шешушi және маңызды роль атқарады.

Сондықтан, қылмыс объектiсi туралы мәселенi дұрыс шешудiң теориялық және практикалық маңызы жоғары.

  Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектiлерiн жалпы, топтық және тiкелей деп бөлу қарастырылған. Объектiнi мұндай түрлерге бөлу жалпы қоғамдық қатынастар жүйесiндегi нақты объектiнiң орнын дұрыс анықтауға және сол арқылы қол сұғушылықтың қоғамдық қауiптiлiгiн түсiнуге ықпал етедi.

Жалпы объект – бұл қылмыстық заңмен қорғалатын, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни әртүрлi деңгейдегi қоғамдық қатынастар кiретiн қылмыстық қорғау объектiлерiнiң жүйесi. Қылмыстың жалпы объектiсi жасалған қоғамға қауiптi әрекет құқық бұзушылықтың қандай тобына (қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк немесе тәртiптiк) жататындығын анықтау туралы мәселенi шешуде маңызды болып табылады. Бұл мәселенi шешудiң заңдық негiзi болып ҚК 2-бабы табылады. Онда қылмыстық заңмен қорғалатын маңызды қоғамдық қатынастардың тiзiмi берiлген. Кез келген қылмыс қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қандай да бiр нақты игiлiкке немесе мүддеге қол сұға отырып, соңында қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың барлық жүйесiне, яғни жалпы объектiге қол сұғады.

Қылмыстың топтық объектiсi – бұл қылмыстық заңмен арнайы қарастырылған нормалар тобымен қорғауға алынған бiртектi қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Топтық объект қылмыстың белгiлi бiр топтары қол сұғатын бiртектi мүдделердiң не игiлiктердiң тобын құрайтын жалпы объектiнiң бөлiгi. Қоғамдық қатынастардың бiртектi екендiгi мүдделердiң бiр типтi болуымен анықталуы мүмкiн. Қылмыстың топтың объектiсi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң жүйесiн құрастыруда маңызды болып табылады, өйткенi Ерекше бөлiмнiң тарауларға бөлiнудiң негiзiне нақ осы топтық объектiнiң белгiлерi алынған. ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң әрбiр тарауында қорғалатын мүдделер бiр тектес объектiлер бойынша шоғырланған. Мысалы, топтық объектiлерге – жеке адам, меншiк, қоғамдық қауiпсiздiк, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгi және т.б. жатады.

Тiкелей объект деп қылмыстық iс-әрекет арқылы қол сұғылатын нақты мүдделердi құрайтын топтық объектiнiң бiр бөлiгiн айтамыз. Яғни, қол сұғушылық тiкелей бағытталған мүдде. Мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстарда тiкелей объектi ретiнде– нақты бiр адамның  өмiрi, денсаулығы, бас бостандығы, арнамысы және т.б. табылады. Қылмыстың тiкелей объектiсi ұқсас қылмыстарды бiр бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiндiктен қылмысты саралау үшiн маңызды болып табылады.

Негiзiнен, кез келген қылмыс нақты бiр тiкелей объектiге бағытталады. Алайда, бiр уақытта екi бiрдей объектiге қол сұғатын қылмыстар да кездеседi, оларды теорияды екi объектiлi қылмыстар деп атайды. Мұндай жағдайларда тiкелей объектiнi екiге ажырату қажет: негiзгi объект және қосымша объект. Тiкелей объектiнiң қайсысы негiзгi, ал қайсысы қосымша деген мәселе туғанда, қорғалатын объектiнiң құндылығы не маңыздылығына байланысты емес, оның бiртектес, топтық объектiге қатыстылығы бойынша шешiледi. Мысалы, ҚК-ң 340-бабы «Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғуң қылмысында адам өмiрi құнды бола тұрса да, аталған қылмыс сот төрелiгiне қарсы қылмыстарға жататындықтан негiзгi тiкелей объект болып – сот төрелiгi, ал қосымша тiкелей объектiсi болып– адамның өмiрiне байланысты мүдделер табылады.

Қосымша объектiнiң екi түрi бар: қажеттi және факультативтi. Қылмыс жасау кезiнде негiзгi объектiмен бiрге зиян келетiн немесе зиян келу қаупi туатын объектiнi қажеттi қосымша объект деймiз. Мысалы, ҚК 351-бабы «Көрiнеу жалған сөз жеткiзуң қылмысында – сот төрелiгi негiзгi тiкелей объект, ал жалған сөздiң құрбаны болған адамның мүддесi қажеттi қосымша объект болып табылады.

Факультативтi қосымша тiкелей объект дегенiмiз қылмыс жасау кезiнде зиян келуi де келмеуi де мүмкiн мүдде.

 Қылмыс объектiсiнен қылмыстың затын ажырата бiлу қажет. Қылмыс объектiсi ретiнде қарастырылатын қоғамдық қатынастарға зиян келтiру осы қатынастардың жеке элементтерiне, соның iшiнде қолсұғушылық затына әсер ету арқылы жасалуы мүмкiн.

Қылмыстың заты деп - қылмыс объектiсiнiң элементi болып табылатын және қылмыс құрамының белгiсi ретiнде сипатталатын зат немесе объективтi дүниенiң басқа да заттары. Мысалы, мүлiктi, яғни автокөлiктi ұрлауда қылмыстың заты – автокөлiктiң өзi, ал объектiсi сол автокөлiк иесiнiң  меншiк құқығы. Кейде қылмыстың заты болып адам, яғни оның денесiне әсер ету арқылы объектiге қарсы қолсұғылады. Мұндай жағдайда «қылмыстың жәбiрленушiсiң терминiн қолданған дұрысырақ. ҚР ҚIЖК 75-бабының 1-бөлiгiне сәйкес «қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға негiз бар адам жәбiрленушi б.т ң. Егер заң жәбiрленушi нiң ерекше қасиетiн (мемлекеттiк қайраткер, прокурор, тергеушi, жүктi әйел) көрсеткен болса, мұндай  жәбiрленушiнiң қасиеттерi қылмыс құрамының құрылымына енгiзiледi. Қылмыстың жәбiрленушiсi тұлғасын зерттеумен криминология ғылымының «виктимологияң деп аталған бағыты айналысады.

Сонымен, көптеген ғалымдар қылмыс заты ретiнде қоғамдық қатынастың материалдық, заттай жағын көрсетедi. Зат – нақты зат, ал объект осы зат жөнiндегi әлеуметтiк қатынас.   Қылмыс арқылы барлық уақытта объектiге зиян келтiрiледi және бұл зиянды қалпына келтiруге немесе жоюға мүмкiндiк бола бермейдi, ал қылмыс заты көбiне қол сұғушылықтан жойылмайды, бүлдiрiлмейдi, олай болған күнде оны қалпына келтiруге болады.

Қылмыс заты – кез келген қылмыс объектiсiнiң қажеттi, бiрақ мiндеттi емес элементi, оған ықпал жасай отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулi зиян келтiредi. Алайда, бiрқатар авторлар (мысалы, профессор Е.I.Қайыржанов) затсыз қылмыс болмайды, кез келген қылмыстың заты болады  деген де тұжырым айтады.

Қылмыс затына қылмыс құралының да қатысы бар. Қылмыстың құралы деп қылмыскердiң ойлаған қылмыстық ниетiн жүзеге асыру үшiн пайдаланған құралын айтамыз. Мысалы, кiсi өлтiруде құрал – мылтық, ұрлықта – лом, әскерден бұлтартуда – жалған құжат. Қылмыстың құралы кейбiр жағдайда бiр жағынан қылмыстың құралы болса, екiншi жағынан қылмыстың заты болуы да мүмкiн. Мысалы, ақша ұрлықта - қылмыс заты, ал парада - қылмыс құралы б.т. Қылмыстың заты мен құралы арасындағы айырмашылықты қылмысты жасау процесi кезiндегi бұл заттардың пайдалану сипатына қарап анықтау қажет. Сонымен бiрге оның процесуалдық аспектiсiн де айта кету керек. Қылмысты тергеу және сот қарауы  кезiнде қылмыстың заты мен құралының одан әрi тағдыры әртүрлi шешiледi. Қылмыстың заты жәбiрленушiге қайтарылуға жатса, ал қылмыс құралы барлық уақытта мемлекеттiң тәркiленуге жатады.

 Адамның өмiр сүруi әрқашанда қандай да бiр әрекеттермен, яғни белгiлi бiр әлеуметтiк қатынастарға байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға белсендi араласуымен көрiнедi. Өзiнiң белсендiлiгiн бiлдiре отырып, жеке тұлға қандай да бiр оқиғаның пайда болуын тездетуге, өзгертуге немесе болдырмауға тырысады. Мұндай әрекеттер қоғам үшiн пайдалы, зиянды немесе бейтарап болуы да мүмкiн. Басқаша айтқанда, iс-қимылдың әрекет жағы қоршаған ортаға белгiлi бiр әсер етумен сипатталады.

Адам әрекеттерiнiң iшiнде қылмыстық iс-әрекет өзiнiң қауiптi болуымен ерекшеленедi. Осы қылмыстық iс-әрекетiнiң сыртқы көрiнiсi белгiлерiнiң жиынтығын қылмыстың объективтiк жағы құрайды.

Жалпы мағынада, қылмыстың объективтiк жағы бұл сыртқы дүние құбылыстары мен оқиғаларына адамның белсендi араласуы арқылы немесе құқықтық мiндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту арқылы адамның ойлаған мақсатын әрекет жүзiнде iске асыруы. Сондықтан да, адамның ойлары, пiкiрлерi қоғамға қауiптi болған күннiң өзiнде, егер олар әрекет арқылы жүзеге асырылмаса қылмыс болып табылмайды.

Қылмыстың объективтiк жағына қылмыстың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын мына белгiлер жатады:

- белгiлi бiр объектiге қол сұғатын әрекет немесе әрекетсiздiк,

- қоғамға қауiптi зардаптар;

- әрекет немесе әрекетсiздiк пен зардап арасындағы себептi байланыс;

- қылмыстың жасалу тәсiлi, уақыты, орны, жағдайы және қаруы мен құралы;

Бұл объективтi белгiлер барлық қылмыс құрамдарына тән және  олар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлiмiнде зерттеледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]