
- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
ГЛОССАРИЙ
Қылмыс ұғымы - Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк)
Қылмыстық заңның керi күшi - әекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Есi дұрыс еместiк - қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес.
Кiнә - адам соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
Қылмысқа қатысу ұғымы - екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қажеттi қорғану - қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
Аса қажеттiлiк - кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
Жаза - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыс ұғымы – осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Қылмыстық жауаптылық негізі – Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап өылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы - әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау - Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдаына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.
табылған мүлікті тәркілеуді атқаруға жіберу туралы қаулы шығарады.
Қылмыс санаттары - Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.
Қасақана жасалған қылмыс - тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады, егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады, егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, осы зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Абайсызда жасалған қылмыс - менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады, егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады, егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Жазықсыз зиян келтiру - егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту - адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
Қылмысқа қатысушылардың түрлерi - ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру - қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру - уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
Орынды тәуекел ету - қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
Мақсаты: Қылмыстық саясаттың құқық саласы ретінде заң ғылымдары ішіндегі орнын анықтау.
Жоспар:
Қылмыстық саясатынтың түсінігі
Қылмыстық саясатынтың жүйесі
Қылмыстық саясаттын пәні мен әдісі
Қылмыстық құқықтың реттеу пәнi өте кең, оған мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс, меншiк, жеке адам және оның ар-ожданы, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртiп және сонымен бiрге басқа құқық салаларымен реттелiп қойған қоғамдық қатынастардың шеңберi де кiредi. Қылмыстық құқықтың реттеу пәнiнiң ерекше белгiсi болып қылмыстың жасалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық заңмен қорғалатын қатынастарға қауiптi қол сұғушылық жасалу салдарынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Құқықтық реттеудiң нәтижесiнде бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қылмыстық құқықтық реттеу пәнiн мынадай үш негiзгi қатынастар құрайды.
Оның бiрiншi түрi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл-қылмыстық заңмен тыйым салын ған қылмыстық әрекеттi жасаған адам мен мемлекеттiң атынан сот, тергеушi, прокурор, анықтау органдары арасындағы қатынас.
Аталған құқықтық-қатынастың әрбiр субьектiлерi белгiлi бiр құқықтарды иемденедi және оларға жүктелген мiндеттердi атқарады. Яғни қылмыс жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған қолайсыз салдарға шыдауға және қылмыстық құқықтық нормамен қарастырылған жазаны өтеуге мiндеттi. Ал екiншi субьект-сот, тергеу, прокуратура, анықтама органдары бiрiншi субьектiнi сол мiндеттердi орындауға күштеп мәжбүрлеуге құқылы.
Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынас- тардың пәнi болып қылмыс оқиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық жауаптылық, жаза тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.
Қылмыстық құқық пәнiнiң құрамына кiретiн қатынастың екiншi түрi адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға мiндеттейдi және қоғамдағы адамдардың тәртiбiн реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушiлiк немесе алдын алушылық қылмыстық құқықтық қатынас деп аталады.
Осы жоғарыдағы қылмыстық құқықтық нормаларды қамтитын тыйымдардың азаматтарға әсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты түрде үш топқа бөлу қарастырылған. Оның бiр тобын қылмыстық құқықтық тиымдарды орнату қажеттiлiгiн тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар қылмыстың басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қарсы құбылыс екенiн сезiнгендiктен, сонымен бiрге қылмыстың өздерiнiң жақсылық пен жамандық туралы жеке адамгершiлiк көзқарастарына да қарсы екендiгiн ұғынғандықтан қылмыс жасамайды. Екiншi топтың мүшелерiн жазаның қорқыту күшi жеткiлiксiз деп ойлайтын және сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың болуына қарамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да өте қатал деп саналатын қылмыстық жазалардың өзi қылмыстық әрекеттердi жасаудан барлық адамдарды бас тартқыза алмайды. Үшiншi топты, яғни «аралықтағың топты қылмысты дәл сол қылмыстық жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды екен. Сонымен, қылмыстық-құқықтық тиым iс жүзiнде қоғам мүшелерiнiң барлығын емес тек белгiлi бiр бөлiгiнiң ғана iс-әрекетiн реттейдi.
Қылмыстық құқық пәнiне кiретiн қоғамдық қатынастардың үшiншi түрi-реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар қылмыстық әрекеттi болдырмайтын қажеттi қорғану, мәжбүрлi қажеттiлiк және т.б. жағдайларда қауiптi қол сұғушылықтан қорғау кезiнде келтiрiлген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөлiп бередi. Мысалы, қажеттi қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттiң мүддесiне қол сұққан екiншi адаммен құқықтық қатынасқа түседi және сол қол сұғушыға зиян келтiре отырып қорғану құқығына ие болады. Екiншi жағынан қорғанушының iс-әрекетiн заңды деп тануға тек ғана құқыққорғау органдары өкiлеттi. Әрбiр жағдайда тек сот, прокуратура және тергеу органдары ғана қауiптi қол сұғушылықтан қорғану кезiнде келтiрiлген зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға және оны келтiрген зияны үшiн жауаптылықтан ресми түрде босатуға мiндеттi.
Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшiн арнайы әдiстердi қолдану қажет. Әдiс дегенiмiз - қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Әрбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тән әдiстерi бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдiсi,
- қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдiсi;
- Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдiстерi жатады.
2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемле кетке келтiрiлген қауiптi әрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру. Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.
3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдiсi жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердiң қылмыс болып табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр ерекше саласы.
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы және Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi және мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза және оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мәселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары және оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы және Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз әуелi қылмыстық құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген әрекет, жұмыс белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның мiндеттерi ғана көрсетiлген.
Қылмыстың мақсаты жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрнеше ойлар айтылған. Мысалы, профессор Е.I.Қайыржановтың айтуынша, « мақсат дегенiмiз- қандай да бiр әрекеттердi қолдану немесе iске асыру арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын әлеуметтiк нәтиже, ал мiндет деген сол нәтижеге жету жолдарың. Яғни, қоғамда мақсатсыз мiндеттер болмайды, ал мiндет мақсатсыз тууы мүмкiн емес деген сөз.
Бұл тұрғыдан алғанда қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын әрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi әрекеттердi болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:
1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4). қоғамға қауiптi әрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады.
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тәрбиелiк және жалпы ескертушiлiк тұрғысынан да әсер етедi. Қылмыстық заңдағы «мына әрекеттi жасасаң жазаланасың!ң деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне әсер етедi. Сонымен бiрге сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi тәрбиелеп және қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сәйкес қылмыстық заңның мiндеттерi болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген.
Жалпы заң дегенiмiз құқықтық нормалардан құралған және заң шығарушы орган қабылдаған нормативтi акт. Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған нормативтi актiлердiң жүйесi қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық құқықтың маңызды көрiнiсi және қылмыстық құқықтың бiрден бiр қайнар көзi болып қылмыстық заң табылады.
Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi әрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын және оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61- бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның iшiнде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi және тек ғана Мәжiлiсте жүзеге асырылады. Осы ереженi басшылыққа алып ҚР Парламентi 1997 жылдың 16-шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн қабылдап, ол 1998 жылдың 1 қаңтарында заңды күшiне ендi.
Осы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 1-бабының 1- бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуы тиiс деп айтылған. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi барлық қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заңға мына белгiлер тән:
- Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен реттелген тәртiп бойынша) мемлекеттiк билiктiң жоғары органдарымен қабылданады (заңды қабылдау процедурасы).
- Қылмыстық заңның жоғары заңдық күшi бар. Яғни,
а) бiрде бiр органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтiк актiлер заңға қайшы келмеуi тиiс;
в) өзге нормативтiк актiлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң артықшылықты иемденедi.
- Қылмыстық заңның келесi белгiсi – оның нормативтiлiгi. Қылмыстық заң өзiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде адамдардың жалпыға мiндеттi мiнез құлқын, тәртiбiн реттейдi.
- Өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық саласына жатады және қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзiн екiге бөледi: формальды және материалды. Қылмыстық құқықтың формальды және жалғыз қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады.
Қылмыстық заңның мiндеттерi қылмыстық құқықтың мiндеттерi сияқты өз дамуының түрлi сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық мәселелерден шығып қалыптасады. Бұл мiндеттер көбiнесе қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне, елдегi заңдылық пен құқықтық тәртiптiң қамтамасыз етiлу қажеттiлiктерiне байланысты туындайды.
ҚР ҚК-нiң 2-бабының 1-бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң мiндеттерi көрсетiлген.
Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тәжiрибеге және адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы - қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн – жоғары әлеуметтiк құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың бұрынғы басымдықтары ең алдымен мемлекеттiң, қоғамдық мүдденiң, содан кейiн жеке адам, оның мүдделерiн қорғаудан шыққан едi.
Қылмыстық заңның мiндеттерi оны қалыптастыру кезеңiнде немесе мемлекеттiң қылмыстық саясаты өзгерген кезде нақтыланып, толықтырылуы мүмкiн, мемлекеттiң қылмыстық саясатының негiзгi мазмұны қылмыстық заңды қолдану мiндеттерiн анықтау және заңды қылмыстылықтың деңгейi мен жағдайына сәйкестендiрумен түсiндiрiледi.
Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.
Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.
Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы және жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.
Қылмыстық жауаптылық туралы заң белгiлi бiр мiндеттердi орындай отырып өзiнiң функцияларын жүзеге асырады.
Негiзгi функциясы болып қорғаушылық функциясы табылады. Қорғаушылық функция қол сұғушылық жасау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын оъектiлердi қорғауға бағытталған. Қорғаушылық функциямен қатар қылмыстық заң реттеушiлiк функцияны атқарады. Яғни, белгiлi бiр мiнез-құлық ережелерiн бекiте отырып, қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Қылмыстық заң сонымен бiрге ескертушiлiк функцияны жүзеге асырады. Қылмыстық заңдарды шығару және оларды бұқаралық ақпарат құралдары, насихаттаудың өзге құқықтың нысандары арқылы көпшiлiк халыққа жеткiзу азаматтардың құқықтық санасына елеулi ықпал етедi. Халық осылайша қандай әрекеттердi заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшiн қауiптi және зиянды деп санайтындығын түсiне алады. Ескертушiлiк функция моральдық жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан жазамен қорқыту арқылы ұстап тұру рөлiнен де көрiнедi, қылмыстық заңның тәрбиелiк функциясы осы ескертушiлiк функциясымен тығыз байланысты.
Қылмыстық заңды шығару және оны практикада қолдану азаматтардың өз мемлекетiнiң заңын құрметтеуге, өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына сенiмдiлiкке, қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындығына сенуге тәрбиелейдi.
Қылмыстық заңды қолдану ең алдымен оның құрылымын бiлуден басталады. Қылмыстық заңның құрылымы деп белгiлi бiр техникалық ережелерге бағынған заң шығарушының еркiн бiлдiру формасын түсiну қажет. Қылмыстық заңның мазмұны мен мағынасын дұрыс түсiну оны құрайтын элементтердiң қызметтiк рөлiн және өзара байланысын нақты және анық бiлу арқылы мүмкiн болады.