
- •Лоссарий
- •Дәріс кешені
- •Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
- •2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты
- •3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Басқарушылық ойдың эволюциясы
- •1. Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.
- •2. Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
- •3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
- •Ұйымның ішкі ортасы
- •Сурет 1. Ішкі өзгерістердің байланысы
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы
- •Мақсаттар мен жоспарларды орындау үшін ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру қажет. Төмендегі негізгі ұғымдар олардың орындалуымен тікелей байланысты:
- •Оның түрлері және өкілеттілігі
- •Орталықтандыру және орталықтандырмау
- •Бас басқарушы
- •4. Корпоративті ұйым немесе корпорация
- •1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы
- •2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері
- •3. Ақпараттың ішкі жүйесі
- •4 . Ақпараттық қызмет технологиясы
- •1.Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері
- •Сурет 1. Ақпарат алмасудың қарапайым моделі.
- •2. Коммуникация түрлері
- •3 Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер
- •4 Коммуникацияны жетілдіру
- •1. Басқару шешімдері түсінігі.
- •2. Басқару шешімдерінің жіктелуі
- •3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- •Сурет . Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
- •1. Басқару әдістерінің мәні
- •2. Экономикалық басқару әдістері
- •3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.
- •Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •2. Өкілеттік және олардың түрлері
- •3. Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері
- •2. Жоспарлау принциптерітер
- •3.Стратегиялық жоспарлау
- •4.Ағымдық жоспарлау
- •1. Мотивация мәні
- •2. Мотивацияның мазмұндылық теориясы.
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориясы.
- •1 Бақылаудың мәні мен міндеттері
- •2. Басқарушылық бақылаудың түрлері
- •3 Бақылаудың кезеңдері
- •14 Тақырып.Адам қызметін басқару және топты басқару
- •1 Персоналды басқарудың мәні
- •2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
- •Құралдар
- •3 Персоналды басқарудың даму этаптары
- •4. Персоналды басқарудың өзектілігі
- •5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
- •Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен нәтижелері
- •Негізгі бағдары
- •15 Тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
- •Лидерлік, билік және ықпал етудің мәні
- •Билік және ықпал ету формалары
- •Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
- •2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
- •Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
Лоссарий
Менеджмент жүйесінің талдауы - бұл кәсіпорынның өмірлік басқару жүйесі мен ұйымдастыру құрылымын зерттеу кезеңі, сонымен қатар, бәсекелестікте орын алу мақсатында жұмыстың қорытындысына белсенді түрде әсер ету болып табылады.
Көлденең байланыс- иерархияның түрлі деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.
Менеджменттің сыртқы ортасының жүйесі – бұл кәсіпорынның бәсекелестігі мен белсенділігіне, оның тұрақтылығына тікелей және жанама әсер ететін макроортаның құрамы, микроорта мен аймақтың инфрақұрылымына әсері.
Фирманың ішкі ақпараттық жүйесі - ұйымдастыру орталықтарының шешім қабылдауына қажетті ақпараттың ағым қызмет көрсететін жиынтығы. Ол нақты тасушылармен бекітілген ақпараттар мен байланыс каналдарынан және техникалық құралдардың көмегімен өңдеуден өткен ақпараттан тұрады.
Тік байланыс - иерархияның бірдей деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.
Іскерлік стратегия- холдинг пен корпорация құрамына кіретін фирмалар мен жеке кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.
Мақсаттар ағымы- бұл құрылымды, мақсаттар жүйесінің жиынтығында, программаларда, жоспарларда көрсетілген басты мақсат («ағаш төбесі» ) , ағаш қатысты 1-ші, 2- ші және т.б деңгейлер (« ағаш төбесі» ) иерархиялық (деңгейлер бойынша бөлінген) принцип бойынша құрылған.
Имидж- қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.
Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.
Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.
Байланыс кезеңі- бұл ойдарды қарастыру, ақпаратты кодтау, байланыс каналдарын талдау және ақпаратты жіберу, ақпаратты қайта кодтау, жауапты әзірлеу және жіберушіге ақпаратты қайта жіберу сияқты ақпараттық алмасу осындай бір-бірімен байланысты сатылардан тұрады.
Таңдау критериі - оптималды шешім қабылдау мен баламалы салыстырулар негізінде жүргізілетін көрсеткіш.
Лидерлік - ұйымның мақсаттарын белгілеп оған жетудің барлық жолдарын қолданатын, топ қызметін біріктіретін механизмдердің бірі.
Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.
Миссия - ұйым қызметінің болашаққа бағдарланған мақсаты.
Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.
Кері байланыс - қабылдаушының жіберушіден келген ақпаратқа реакциясы, коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру құралы.
Оперативті басқару - бұл ағымды жаңалықтарды басқару. Оған оперативті жоспарлау, оперативті есеп, оперативті бақылау кіреді.
Өкілеттілік - жұмыскерлердің әрекеттерін анықтау мен ұйымның ресурстары қолдану құқығының шектеулігі.
Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.
Кадрларды басқару жүйесі (персоналды басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, кадрлардың штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.
Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.
Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.
Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы администрацияның өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.
Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.
Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.
Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.
Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.
Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.
Басқару потенциалы – басқару жүйесі қолданатын барлық ресурстар жиынтығы.