
- •2.Латын тілінің әлем мәдениетіндегі, ғылымындағы орны.
- •4.Антикалық театр.
- •5.Демосфеннің тұлға ретіндегі ерекшелігі
- •6. Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Сократ.
- •7 Гректер мен римдіктердің шешендік өнері.
- •8 Көне Грекияның және Римнің атақты шешендері.
- •9 Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Аристотель.
- •10 Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Платон.
- •13 Көне мифология және дін.
- •14 Ежелгі грек әдебиетіндегі драматургтер.
- •15 Ежелгі Римнің ұлы қайраткерлері. Цезарь.
- •23. Плутархтың "Салыстырмалы ғұмырнаме" еңбегінің тарихи маңызы.
- •24. Әлемнің жеті кереметі жөнінде баяндаңыз. Бұл кереметтердің бүгінгі күнге дейін тек біреуінің ғана сақталуы не себепті деп ойлайсыз?
- •25. Плутархтын "Салыстырмалы ғұмырнамесіндегі" тарихи тұлғаларды салыстырыңыз.
- •31 Тацит - римнің ұлы тарихшысы.
- •32 Тациттің Рим тарихына қатысты еңбектері.
- •33 Ежелгі грек мифологиясы бойынша құдайлардың пайда болуы.
- •34 Цицерон - шешендік мектептің өкілі.
- •35 Эзоп мысалдарының ерекшелігі.
- •Классикалық филологияның зерттеу обьектісіне тоқтала отырып, талдау жасаңыз.
- •6. Көне Грекия мен ежелгі Римдегі қоғамдық-саяси жағдаят.
- •8,Жер асты Аид патшалығын сипаттаңыз
- •9, Зевс патшалығы: құрылысы, мойралардың қатігездігі неде?
- •10, Құдайлар туралы мифтерден өзіңізге ұнаған бір мифті баяндаңыз.
- •11 Мифология және дін.
- •12 Көне гректер мен римдіктердің тұрмысы: қалалық мәдениет, қолөнер, ойын-сауық, мекені, киімі.
- •13 Посейдон патшалығын сипаттаңыз.
- •14 Көне грек және рим мәдениетінің даму сатылары қандай болды?
- •16 Геракл туралы мифтер циклын тарқатып жазыңыз.
- •17 Гераклдың бірінші ерлігінен ескерткіш ретінде тарихта қандай ойын түрлері қалды?
- •18 "Ариадна жібі" тіркесінің мәні.
- •31 Грек құдайларының мекендейтін орны, өмір сүру салты қандай болды?
- •32 Атақты Троя қаласы жырда қалай бейнеленгендігіне тоқталыңыз.
- •33 Нестор, Диомед, Аякс, Ахил, Одиссей секілді батырлар образдары қалай сомдалған?
- •34 «Пенелопа - адалдықтың символы» дегенге пікірге қалай қарайсыз?
- •36 Орхестра дегеніміз не? Периакт дегеніміз не?
- •39 Геракл туралы мифтер циклы неше мифтен тұрады?
- •40 Стиль дегеніміз не? Калам дегеніміз не?
- •41.Ежелгі грек театры жөнінде айт.
- •43.Эрида ненің құдайы? Оның қандай әрекетін білесіз?
- •45.Классикалық филология – антикалық әлем туралы ғылым.
- •46.Антикалық жазу, сақталуы.
- •47.Өлім патшасы Аид иелігіндегі жер асты патшалығының ерекшелігі.
- •48.Посейдон және теңіз тәңірілігіндегі өмірді сипаттаңыз.
- •49.Мойралар деген кімдер болды, олардың қатігездігі неде?
- •50.Тюхе не себепті адам баласының көзіне сирек көрінетін болды?
- •56 Одиссей неліктен он жыл бойы өз отанына орала алмай жүрді.
- •59 Папирусқа жазу құралы не деп аталған
- •60 Шлиманның антик әдебиетін танытудағы рөлі.
- •16 Цицерон - оратор, адвокат.
- •18 «Ахиллестің өкшесі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •19 Гераклдың екінші ерлігі қандай болды, тарқатып жазыңыз.
- •20 «Сизиф еңбегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •21 Гераклдың төртінші ерлігінің қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •22 Грек мифологиясындағы тоғыз музаны тарқатып жазыңыз.
- •24 Гераклдың алтыншы ерлігінің басқа ерліктерінен қандай айырмашылығы бар.
- •25 «Ариадна жібі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •35 Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар жөнінде әңгімелеңіз.
- •41 Гераклдың сегізінші ерлігінің мазмұнын баяндаңыз.Диомед аттары.
- •46.Гераклдың бірінші ерлігі қалай аталды және ол жөнінде бүгінге дейін сақталған ойын түрлері қалай аталды? Немея арыстаны
- •47.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, және онда баяндалған оқиғаның бүгінгі соғыс тактикасымен байланысы бар ма? Стимфал құстары
- •51 Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевстың әкесі Крон туралы әңгімелеңіз.
- •53 «Археология – көне мәдениетті танудың материалдық көзі» дегенді тарқатып жазыңыз.
- •54 Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевс патшалығы туралы әңгімелеңіз.
- •55 Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гера өз атына лайық әрекеттер жасап отырды ма? Соның ішінде шала туған Еврисфей тағдырына қатысты ойтолғаңыз.
- •58 Гераклдың бесінші ерлігінің қысқаша сюжеті.
- •59 Гераклдың жетінші ерлігінің қысқаша сюжеті. Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.
23. Плутархтың "Салыстырмалы ғұмырнаме" еңбегінің тарихи маңызы.
Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі. Бірақ, Плутархтың танымал жазушы болуына оның «Этика» туындысы емес, «Салыстырмалы өмірнамалар» шығармасы ерекше әсер етті. Ұлы гректер мен римдіктерді салыстыра отырып жазған бұл еңбегі арқылы Плутарх антик әдебиетінен ойып тұрып өзіндік орнын алды. Ежелгі әлемнің ұлы адамдарының ғұмырбаянын жазу арқылы Плутарх өзін шебер әңгімеші, байқампаз, эрудит, гуманистік идеялардың және республикалық бостандықтың жаршысы ретінде таныта білді. «Салыстырмалы өмірнамалар» – тарихи маңызы зор еңбек. Плутарх пайдаланған көптеген мәлімет көздері бізге жетпегендіктен, оның кітабы көп жағдайда біз үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады.
24. Әлемнің жеті кереметі жөнінде баяндаңыз. Бұл кереметтердің бүгінгі күнге дейін тек біреуінің ғана сақталуы не себепті деп ойлайсыз?
Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империяқұрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Олар:
1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
25. Плутархтын "Салыстырмалы ғұмырнамесіндегі" тарихи тұлғаларды салыстырыңыз.
«Салыстырмалы өмірнамалар» шығармасында автор грек-рим елдерінің тарихи тұлғаларын қатар қоя отырып суреттейді. Ғұмырбаянның қорытынды бөлімі көп жағдайда екі қайраткерді «салыстыруға» арналған. Сонымен бірге, еңбекте автор шығармашылығының алғашқы кезеңіне жататын туындылары – жеке адамдардың өмірбаяндары да кездеседі. Рим қайраткерлерін гректермен теңестіру, олардың өмірін салыстыра суреттеу идеясы Плутарх секілді грек ойшылының күшті романофильдік бағытын аңғартады. Плутарх ғұмырбаян жазуды жас кезінде бастады. Алғашында оны Гесиод, Пиндар, Эпаминон сынды Беотияға танымал адамдардың өмірі қызықтырды. Кейіннен Грекияның басқа да облыстарындағы көрнекті өкілдер: Леонид, Аристомен, Арат Сикионский, тіпті парсы патшасы Артаксеркс ІІ туралы жазды. Римде болған уақытында Плутарх гректерге арнап рим императорларының өмірбаяндарын жазды. Кейбір тарихи тұлғалар (мәселен, Тесей мен Ромул – Афины мен Римнің негізін салушылар, Ликург пен Нума Помпилий – алғашқы заң шығарушылар, Демосфен мен Цицерон – ораторлар, Александр Македонский мен Юлий Цезарь – патшалар) салыстыруға өздері бейімделіп, сұранып тұрады.
27. Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі — жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес — соғыс құдайы, Дионис — шарап құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар. Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
28. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Миф дегеніміз не? Миф (грек. mythos - баян, аңыз, мысал) – халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс кұбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер, яғни аңыз-әңгімелер» .
29. Аид (Гадес) —Крон мен Реяның ұлы, Зевс пен Посейдонның бауыры. Титандарды жеңген соң ағайындылар әлемдегі билікті бөліске салды. Жеребе бойынша Аидке өліктердің жер асты патшалығына билік ету бұйырды. Ол жер асты патшалығын әйелі Персефона екеуі басқарады. Ол жер бетіне өте сирек шығады, Олимп құдайларының той-думанына қатыспайды. Аид бәрінен бұрын жер астында сақталған қымбат металдарды және оны көзге көрінбейтін ететін дулығасын қадірлейді. Аид өзгелерге үрей туғызады, бірақ ол аса құдіретті емес. Мысалы, оны Сизиф алдап кетеді, Гераклдың қолынан жарақат алады, Тесей мен Пейритой оның әйелін тартып алуға әрекет жасайды.
30. Ғылымда антика әдебиеті дегенде грек, рим әдебиетін тану қалыптасқан. Біз де антика әдебиетінің тарихын сөз еткенде ежелгі грек, рим әдебиетінің тарихына тоқталамыз. Бұдан әрине, ең ежелгі әдебиет грек-рим әдебиеті деген түсінік тумау керек. Себебі, ең ежелгі әдебиет Мысыр, Вавилон және шығыс әдебиеті екені түсінікті. Көне дәуірдегі грек-рим әдебиеті өзіне дейінгі мысыр, вавилон әдебиетінің жетістіктерін, озық үлгілерін пайдаланып, өз әдебиетіне сіңдіріп отырды. Мысалы, ең алғашқы жазу құралы папирус дейтін болсақ, оны бүкіл еуропа жұртшылығына таратып, танытқан гректер болғанымен, ойлап тапқан мысырлықтар. Папирусты мысырлықтар жазу құралы ретінде б.з.б. ІІІ мыңжылдықтан бастап пайдаланды. Ал Грекияға екі ел арасындағы сауда қатынасы дами бастағанда, яғни б.з.б. VІІ ғасырда келе бастады. Мұны сол дәуірдің лирик ақындарының шығармалары да растайды. Эллиндік дәуірде, яғни б.з.б. ІІІ-І ғғ. аралығында Римде де папирусты кеңінен қолданды. [1] Ніл бойында б.з.б. 331 жылы Александрия қаласы салынып, одан соң бірнеше грек қоныстары орналасқаннан кейін бұл қала маңызды, мәдени әрі ғылыми орталыққа айналды. Мұнда папирустар көптеп шығарылып, әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Грек ақындары папирусты кеңінен қолданды. Бүкіл еуропа аймағында көп уақытқа дейін папирус негізгі жазу құралы болып саналды. Бірақ Мысырдың құрғақ климатына бейімделіп өскен шөптен жасалғандықтан папирус Грекияның ылғалды табиғатында ұзаққа шыдамады. Гректердің папирустан кейін пайдаланған жазу құралы – пергамен болса, оны сириялық шеберлер ойлап тапты. Пергаменнің шығу тарихы да қызық. Елде кітапқа деген қызығушылық артып, соның ішінде Египет пен Пергамның арасында экономикалық және мәдени даму бәсекелестікке ұласқанда египет патшасы Птолемей V Эпифан (б.з.б. 203-181) Пергам қаласына папирус жіберуге тыйым салады (эмбарго). [2] Ол осылайша Пергамның кітапханалық ісінің дамуына тосқауыл қоймақшы болады. Себебі ол пергам патшасы Эвмен ІІ-нің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетінін жақсы білетін. Бірақ Египет патшасының әрекетіне пергамдықтар өздері жаңа жазу құралын шығару арқылы жауап берді. Ол теріден жасалды. Сирия шеберлерінің жасаған бұл жазу құралына олардың туған қаласы Пергамның аты беріліп, пергамен деп аталды. Ол латын тілінде пергамен деп аталса, римдіктер мембрана деп атады. Пергамен жазу құралы жұмсақ, жазуға өте ыңғайлы әрі өшірілетін болды. Тағы бір ерекшелігі оның екі жағына да жазуға болатын еді. Пергаменнің ең жоғарғы сортын дайындау үшін өте жұқа, жұмсақ әрі ашық түсті тері қажет болды. Сондықтан әлі дүниеге келіп үлгермеген қозылар мен лақтардың терісін алу үшін қой, ешкілерді сою қажет болды. Сонда қозы, лақтың терісін пайдаланумен қатар, олардың енелері де пышаққа ілінді. Ал бір кітап үшін ондаған тері қажет болғандықтан, оның бағасы қарапайым халық үшін өте қымбатқа түсті. Сондықтан да алғашында пергамен ісі жай дамығанымен (тек дәулетті адамдар ғана тапсырыс беріп отырды), б.з.б. ІV ғасырда жазу құралы ретінде толық мойындалды. Яғни, гректер өздеріне дейін жақсы дамыған мысыр, вавилон, хет, финикия мәдениетінен қашқан жоқ. Оның озық үлгілерін алып, үйрене отырып, оған өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сіңдіре отырып пайдаланғанда, ол ерекше сипатқа ие болды.