Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Klassika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.89 Кб
Скачать

13 Көне мифология және дін.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең. Бірінші хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктерінің негізгі әрі арнасы –асыраушы ұлы Жер ана. Мифология бойынша жер тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Көне грек діні көп политрейс діні болып табылады. Гректер тәңірлерін аспанын ең жоғарғы қабатында отыратын болмыстар ретінде суреттейді. Бас құдай Зевс Олимпия тауында отырады. Оның әйелі Гера Аристотельдің айтуынша грек тәңірлері өлмейтін адамдар, олардың ақлақ тұрғысынан артықшылығы болмаған. Гректер өлгендердің өмір сүретіндігіне және дүниеге қайта келетіндігініне сенеді.

14 Ежелгі грек әдебиетіндегі драматургтер.

Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл «Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті.

15 Ежелгі Римнің ұлы қайраткерлері. Цезарь.

 Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған. Гай Юлий Цезарь — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты. Цезарь — жазушылықпен де айналысты. Оның екі шығармасы — “Галл соғысы жөніндегі жазбалар” мен “Азамат соғысы жөніндегі жазбалары” біздің заманға дейін келіп жетті. Бұл шығармаларға ойластырылған айқын композиция, қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкерлердің нақтылығы, жекелеген адамдар мен халықтарды (әсіресе, галлдарды) тәптіштеп сипаттау, көркем тіл тән.  Наполеон Цезарьдің еңбектерін әрбір офицер білуге тиіс деп есептеді. Цезарь стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың арасындағы алауыздықты пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратег. айла-әрекеттерді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыра білу тән болды.

16.Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицеронның жан-жақты шығармашылығында іске асырылды.

17. Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж. ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар.

18. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді.

19. Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды. Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті

21. Геродот (Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген.

22. Аристофан (б. з. д. 445—385 жылдар шамасы) — «комедияның атасы» болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11. Олар:"Ахарняндықтар","Салт аттылар","Бүттар","Аралар","Бітім","Құстар","Әйелдер Фесмофорий тойында", "Лucucmpama", "Бақалар", "Әйелдер халық жиналысында","Байлық". Аристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы — әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афины демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады. Ол тек шаруалардың ғана емес, бүкіл Грекияның мүддесін айлады. Аристофан комедиялары халықтың театр формаларымен тағыз байланысты еді. Аристофанның ең маңызды сатиралары – әдеби пародияға өте ұқсас. Комедиялық образдардан жазушының өз характерін, мінезін, көркемдік бейнесін толық аңғаруымызға болады. Аристофан – өмірде болған, көзімен көрген жайттарды ғана қағаз бетіне түсіріп отырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]