Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Klassika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.89 Кб
Скачать

5.Демосфеннің тұлға ретіндегі ерекшелігі

Демосфен / б. э. д. 335-384/ көне Грек шешені, саяси қайраткер Риторикадан сабақ беріп, ол бұл пәннің негізін салған. Одан 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен.

Демосфен қару – жарақ жасайтын дүкен иесінің баласы еді. Жеті жасында жетім қалып, әкесінен қалған мол қазынаға мұрагер болады. Жетім қалған баланың қамқоршылары арамдық жасап, қаражаттың бәрін жұмсап жібереді. Демосфен бала жасынан шешен болуды армандаған. Бұл арманның оп-оңай іске аса қоймайтыны да мәлім еді. Ол әлжуаз, аурушаң болып өседі. Дауысы да тым жіңішке болады. Балалық қылықтардың бәрін ысырып қойған Демосфен қызу сөзді судай сапырып жаттығумен шұғылданады. Дұрыс айта алмайтын сөйлемдерді игеру үшін аузына ұсақ тастар салып алып, ақындардың өлеңін жатқа айтады. Құбылмалы сөйлемдерді мәнерлеп сөйлеу және дем алмастан ұзақ сөйлемдерді айту арқылы тыныс жүйесін, дауысын қатайтты. Осы жаттығуы үшін ол ең шеткі бөлмені таңдады. Сонда сол бөлмеден 2-3 ай бойы сыртқа шықпаған кездері де болған. Шашын ала- құла етіп алғызып, тіпті қанша шыққысы келіп тұрса да ел көзіне көріне алмайтындай жағдайға келтірген. Демосфен сотта өзін қамқорлыққа алған адамдардың кінәсін шығады да, олардың қылмыстық жазаға тартылуына қол жеткізеді.

6. Ежелгі Грекиядағы философия. Антикалық ұлы философ - Сократ.

Грецияда философия б.з.б. VI ғасырдан бастап дамыды. Сол кезде экономика жағынан дамыған Грециядағы Эгей өзені мен Кіші Азия аралындағы ионды диалектте сөйлейтін тер болды. Иондық тұрғындардың Географиялық тұрағы оларға шығыс елдерінің мәдениетімен білімімен танысуға үлкен мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндік сол уакыттағы біртұтас біліммен, соның барлық салалары арқылы әлемді менгеруге жол ашты. Бұл саланы гректер Философия деп атады. Философия сөзі (грек тілінен аударғанда беретін мағынасы Даналыққа деген махаббат ) тек гректердің зерттеу қадағалауымен ғана емес, сонымен қатар астрономдардың табыстарымен, математиктермен, Египеттін, Финикияның, Вавилонның тағы басқа да елдерің ежелгі мәдениеттерін білетін сыншылдардың ойларына сүйене отырып туған. Грек философиясындағы алға қойған ең басты мәселе ә әлемнің пайда болуына қатысты болды. Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді.

7 Гректер мен римдіктердің шешендік өнері.

Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.

Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]