Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Klassika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.89 Кб
Скачать

58 Гераклдың бесінші ерлігінің қысқаша сюжеті.

Гераклдың бесінші ерлігі: Эриманф қабаны және кентаврлармен айқас.

Қаншалықты қиын болса да, Геракл үшін оңай орындалатындығына ашулы Эврисфей Гераклге сол Аркадиядағы Эриманф тауында өмір сүретін қабанды тірілей алып келуді бұйырды. Бұл қабан аса күшті болатын, ол Псофис қаласының төңірегін жалмап түк қалдырмады. Қабан адамдарға да күн көрсетпеді, өзінің алып азуымен өлтіретін. Геракл қабанның апанына аттанды. Жолшыбай ол дана кентавр Фолға соқты. Фол Зевстың ұлын сый-құрметпен қарсы алып, айран-асыр той жасады. Той үстінде кентавр арнайы батыр досы үшін шарап құйылған үлкен ыдысты ашты. Бұл шараптың естен тандырар жұпар иісі кеңге жайылады. Бұны өзге де кентаврлар сезді. Олар ыдысты ашқаны үшін Фолға қатты ашуланды. Өйткені шарап тек Фолға ғана тиесілі емес еді, ол бүкіл кентаврлардың игілігі болатын. Геракл мен Фол шырмауықтан тоқылған шеңберді бастарына киіп, екеуі көңілді тойлап жатқан кезде кентаврлар Фолдың үйіне аңдаусызда шабуыл жасайды. Геракл кентаврлардан қорықпады. Ол өз орнынан жылдам тұрып, шабуылшыларға түтіндеп жатқан үлкен шоқтарды лақтыра бастады. Кентаврлар кері қашты, ал Геракл оларды өзінің улы жебелерімен жаралап, Малеяға дейін қуып барды. Ол жерде кентаврлар Гераклдың досы – ең ақылды кентаврлардың бірі Хиронның үйіне тығылады. Олардың ізімен үңгірге Геракл да кіреді. Ашулы батыр садағын тартып жіберді, жебенің ұшы ауада жарқы етіп кентаврлардың біріне қадалады. Гераклдың оғы жауға емес, өзінің досы Хиронға тиген екен. Батыр бұны көргенде қатты қайғырып кетеді. Геракл досының жарасын жуып, таңып тастамақ болады, бірақ бұл көмектесе алмады. Батыр Лерней гидрасының өтімен уланған жебеден жараланса, ол ешқашан жазылмайтынын білетін. Хирон да өзін азапты өлім күтіп тұрғанын ұқты. Жарақатынан қорлық көрмеу үшін ол қараңғы Аид патшалығына өз еркімен аттанды. Терең қайғымен Геракл Хироннан кетті және көп кешікпей Эриманф тауына жетті. Азу тістерінің ағаштарға түскен іздері арқылы батыр қабанның апанын қалың орман ішінен тауып алды. Ол қабанды қатты айқаймен бытқыл орманнан қуып шықты. Шоқпармен қаруланған Гераклдың түрі қабанға үрей туғызып, ол беті ауған жаққа қаша жөнелді. Батыр қабанды биік таудың басындағы терең қарға апарып тірегенше ұзақ қуды. Қабан қарда жүре алмай, омбылап қалғанда, Геракл қабанның үстіне бір секіріп шығып, оны байлап алды да арқасына салып төменге түсті. Микенаға қабанды тірілей алып келе жатқан Гераклды көріп, жол-жөнекей кездескен адамдар оны қуана қарсы алып, Пелопоннесті қатерден құтқарған батырға қошемет көрсетіп жатты. Қабанмен аман-есен қайтып оралған Гераклды көрген Эврисфей қорыққанынан жерге тереңдеп көмілген қола құмыраға жасырыныпты…

59 Гераклдың жетінші ерлігінің қысқаша сюжеті. Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.

Гректердің құрлығында жабайы аңдар мен қаһарлы құбыжықтар қалмады. Бәрін Геракл жойып тауысты. Ал Эврисфей теңіздің ортасында орналасқан Крит аралына барып, ол жерден Микенаға Посейдонның бұқасын алып келуді тапсырды. Теңіздер құдайы бұл бұқаны құрбандыққа шалу үшін Миносқа тарту еткен болатын. Алайда Миносқа бұқа қатты ұнап қалды. Сондықтан пенделер ішіндегі айлакерлердің бірі саналатын Минос өзінің басқа бұқасын сойып, ал құрбандыққа арналған бұқаны табынына қосып қойды. Бұны біліп қалған Посейдон әлгі жануарға құтырма ауруын жіберді. Бүкіл аралмен жүгіріп жүріп, бұқа егістіктерді таптады, мал үйірлерін бытырата қуды, адамдарды өлтірді. Эврисфей Гераклдың бұқаға әлі жететініне сенімді болса да, оны құрлықпен емес, су арқылы қалайша тірілей алып келетініне күмәнді болды. “Қандай кемеші өзінің қайығына құтырған бұқасы бар жолаушыны мінгізуші еді?!” – деп ойлаған Эврисфей қастана күлді. Геракл жаңа бұйрықты байсалдылықпен тыңдады, өйткені егер Посейдон бұқаға құтырма ауруын жіберсе, теңіздер құдайының назары сүйікті жануарынан тайғанын білдіретіндігін ұқты. Ешбір жан иесі жануарға жебенің ұшар қашықтығынан да жақын баруға бата алмады, ал Геракл оған қарсы батыл жүрді. Оның қасына барып мүйізінен ұстады да күшті басын жерге тұқыртты. Алапат күш иесін сезген бұқа көніп, момын бола қалды. Криттіктер сонда да бұқадан қорқып, Гераклге тезірек аралдан кетуін өтінді. Геракл бұқаға отырып, теңіз арқылы айдады. Батырға мойынсұнған жануар оны үстінен теңіз тұңғұйығына аударып тастауға еш әрекет жасамады. Бұқа қара жердің үстінде де көнгіштігінен жаңылмай, Микенаға келгенде мал тұрағына кіргізуге қарсылық танытпады. Бірнеше түн бойы ұйықтамаған Геракл демалуға кетті. Ол ұйқыдан оянғанда бұқа орнында болмады. Түрінен өлердей қорыққан Эврисфей оны босатып жіберуді бұйырды.

61. Одиссей батырдың Алкиной патшаның қызы Навсикаямен кездесуіне құдайлардың қатысы бар. Оған Афина- Паллада себеп болды.

64. Одиссейдің он жыл бойы Итакасына жете алмауының себебі Зевс және Посейдон құдайларының әсерінен болды. Және де Одиссей Оригия аралындағы үр қызы Калипсоның тұтқынында болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]