Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Klassika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.89 Кб
Скачать

41 Гераклдың сегізінші ерлігінің мазмұнын баяндаңыз.Диомед аттары.

Крит бұқасын бас үйреткеннен кейін Гераклдің Эврисфей тапсырмасымен бистондар патшасы Диомедке баруға тура келді. Бұл патшаның сұлу аттары бар еді. Диомед патша бұл аттарды адам етімен жемдейтін. Ол аттарына қалаға келген жат жерліктерді жеуге тастайтын. Фракция патшасына өз серіктерімен Геракл де келді . Гераклдің серіктері тым аз болатын , бірақ соған қарамастан Диомед жеңіліп , ұрыста қаза тапты. Ал Диомед аттарын Эврисфейге әкеліп берді.

46.Гераклдың бірінші ерлігі қалай аталды және ол жөнінде бүгінге дейін сақталған ойын түрлері қалай аталды? Немея арыстаны

Геракл Эврисфей патшаның бірінші тапсырмасын аса ұзақ күте қойған жоқ. Ол батырға Немея арыстанын өлтіруді тапсырды. Тифон мен Ехиднаның зұлым ұрпағы болып табылатын бұл арыстанның тұрқы алып және сол көне уақыттарда Еуропаның оңтүстігінде өмір сүрген өзге арыстандардан әлдеқайда күшті әрі ірі болатын. Жыртқыш Немея қаласының маңында болатын, ал оны бұл маңға кемпірқосақ құдайы Ирида жеткізген еді. Ол төңірегіндегінің бәрін жалмады; арыстанның сай-саланы басына көтеріп ақырған дауысынанан-ақ тірі жанның бәрі қашатын. Бірақ ержүрек Геракл осы бір қатерлі сапарға қорықпай аттанды Иісін сезіп, ол қаһарлана ақырырып, ағаштардан да биікке шаңды көтеріп құйрығымен жер сабалай бастады. Геракл садағының адырнасын керіп, арыстанға қарай үш жебені бірінен соң бірін атты. Жебелердің барлығы да аңның бүйіріне тиді, бірақ терісіне қадалмай кері серпілді. Өйткені ол болаттай қатты болатын. Арыстан айбаттана ақырып жіберді, оның күннің күркіріндей ырылы тау-тас арқылы жаңғырықты. Жан-жағына көз салып, жыртқыш сайда тұрып алып, өзіне оқ атуға батылы жеткен жанды от шашқан көзімен іздеді. Гераклды көре сала, оған қарғи ұмтылды. Геракл шоқпарын найзағайдай жарқ еткізіп, арыстанның басынан күркіреген соққымен қирата соққы берді. Жыртқыш қатты соққыға шыдай алмай жерге құлады, ал Геракл күшті қолдарымен оны қармап алып, бұралып жатқан арыстанның кеңірдегін қысып, тұншыққанша ұстап тұрды. Зевс өзінің ұлының үлы ерліктерінің алғышқысын Арыстан шоқжұлдызын жарату арқылы атап өтті, Немея арыстанын жеңгені Гераклдың он екі ерлігіне кіргені секілді ол Жұлдызнаманың он екі белгісіне енді

47.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, және онда баяндалған оқиғаның бүгінгі соғыс тактикасымен байланысы бар ма? Стимфал құстары

Гераклға Эврисфейдің бұл тапсырмасын орындау оңайға соққан жоқ. Кеңге жайылған еменнің астына жасырынып, Геракл алып құстардың қылықтарын ұзақ қадағалады. Ол ешқандай жебе олардың қола қауырсындарын тесіп өте алмайтынын және құстар тек өздерінің қауырсындарын лақтырған кезде, жаңасы өсіп шықпай тұрғанда осал болатынын түсінді. Батырға көмекке жауынгер Афина-Паллада келеді.. Геракл төбесіне қалқанды тосып, жоғарыдан түсіп жатқан қола қауырсындардан қорғанды, сонда оған еш зиян келген жоқ. Түсіп жатқан қауырсындардың зуылы тынышталған соң, Геракл қалқанын түсіріп, улы жебелерімен атып, бір-бірлеп құлата бастады. Жыртқыштардың бір бөлігі жерге құлады. Қалғандары қорыққандарынан бұттарға қарай көтеріліп, көзден таса болды. Олар Грециядан да алыстап, Понт Эвксинский жағалауына кетті, содан бері ешқашан Аркадияға оралған жоқ. 48.«Ахиллестің өкшесі» деген тіркестің мәні неде және Ахиллес батырдың өкшесі туралы фразаның қалуының сыры.

Ахилл немесе Ахиллес—Гомердің «Илиадасында» сипатталатын Троян соғысының

геройы. Ол грек әскербасыларының ішіндегі ең батыры екен. Ахиллдің анасы Фетида құдай баласының денесіне ешнәрсе дарымас үшін оны жер астындағы патшалықтың— Стикс өзені суына шомылдырған екен, сонда Ахиллдің анасы ұстаған өкшесіне қасиетті су тимей қалыпты. Троян қаласы үшін болған қырғын ұрыс кезінде Троян патшасының баласы Парис оны дәл осы жалаңаш өкшесінен атып өлтірген. «Ахиллестің өкшесі» яғни адамның ең нәзік талмау жері деген ұғым осыдан қалған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]