Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: -қосымша құнның нормасы; -қызмет атқаратын капитал мөлшері -еңбек өнімділігінің артуы; -қосымша құн бөлігінің қорлануы немесе тұтыну арасындағы пропорция; Осы аталған факторлардың барлығы да бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша құрылымы өзгереді. Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: капиталдың шоғырлануы, капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың оталықтану дегеніміз капиталың бірігу жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте барлық капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капиталдың орталықтануының бір түрі акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы өндщірітің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барыгша өнідіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыру. Практикада қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен қайта жабдықтауға, мәдениет тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің investition деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капиал мөлерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделоі қаржыға қарағанда ең мағына береді. Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау жатады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.

Тауарлы шаруашылық өнім айырбас және сату үшін, яғни қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіріледі.

Ерекшеліктері:

  • Өндіріс процесі өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну принциптерін ұсынады.

  • Өндірілетін өнім әр түрлі бір бірінен тәуелсіз өндірушілер арқылы өндіріледі.

  • Тауар өндірісі жалдамалы еңбекке негізделеді.

Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа көшудің алғы шарттары:

  1. Қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Мұнда өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін мамандандыру жүреді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихында негізгі үш кезең қарастырылады:1)мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлінеді (айырбас) 2) қолөнер егіншіліктен бөлінеді. Нәтижесінде тауар шаруашылығы пайда болады. 3) Сауда өндірістен бөлінеді. Нәтижесінде нарықтық қатынастар сипат алады.

  2. Жеке меншік өндірушілердің экономикалық еркіндігі.

  3. Айырбас мамандандырылған өндірушілердің арасындағы байланыс ретінде қарастырылады.

Тауарлы шаруашылықтың түрлері:

  • Дамымаған нарықтық тауар өндірісі;

  • Еркін нарықтық тауар өндірісі;

  • Реттелетін нарықтық тауар өндірісі;

  • Деформацияланған нарықтық тауар өндірісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]