Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

84.Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау

Менің ойымша, Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы экономикалық одан әрі интеграциалануы, экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланысуының күшеюмен, елдің экономикалық біртұтас әлеуметтік -экономикалық комплекске айналуымен сипатталады. Сондықтан да, оның дамуын стратегиялық жоспарлау біртұтас экономикалық қана емес, сонымен бірге республиканың әлеуметтік аспектілерінің дамуын да қамтуы тиіс. Осыған байланысты аудан мен облыстың экономикасының дамуының жинақталған жоспарын құру әдістемесімен методологиясын жетілдіру мәселесі елдің экономикасын стратегиялық жоспарлау жүйесімен өзара байланысты, жоспарды экономикалық дайындау жүйесін құру қажетті өзекті мәселесі болып табылады.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады.

Нарықтық экономика артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

85.Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Қазақстан қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген.Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылар арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:

1) қаржы ресурстары ақшаны сақтайтын жəне инвестициялайтын адамдар арасында

қаншалықты тиімді жəне уақтылы қайта бөлінуде;

2) тəуекелдерді барабар бағалау жəне тиімді басқару жүзеге асырылады ма;

3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесіне сіңіп кетуі мүмкін бе.Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын каржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар: • реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарынын және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады; • акпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті.Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі. Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді.Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды.Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады.Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл

атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып,бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды.

Жарнаманың тиімділігі және сапасы көптеген аспектілерге тәуелді.Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет.

 Баспа жарнамасы:

-листовка: кішкентай форматты, қымбат емес басылым;

-даңғыл: көпбетті, жақсы суреттелген басылым, бағасы графикасынабайланысты;

-каталог: формасы бойынша даңғыл сияқты, бірақ  мазмұнымен ерекшеленеді: оған тауардың, қызмет жайында тек маңызды

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы телеарналарда жарнаманың көп тірлігінің белең алғандығы ақиқат екендігіне көзіміз әбден жеткен тұс осы уақыт.Дегенмен, телевизияның адам өмірінен алатын мән-маңызын ескерер болсақ,қалың бұқараға рухани азық алар, өзін-өзі тәрбиелер бірден-бір орталығы.

87.Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі.

Инвестиция дегеніміз не? Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды Жиынтық сұранысты ынталандырудағы инвестициялардың рөліне келетін болсақ біз инвестиция арқылы кәсіпорынға немесе басқа қызметтер мен тауарларға қаржы немесе салымдар саламыз.Ол белгілі дәрежеде жиынтық сұранысты қалыптастырады. Яғни жұмысшыларға сұраныстың пайда болуына, халықты жұмыспен қамтуға,белгілі қолайлы бағада сатып алынатын өнім көлемін арттыруға ынталандырады. Қазақ шетел инвестициясын тарту кең көлемде жүзеге асып жатыр. Мұның дәлелі ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы,ОңтКореяның үлесі –15,4%,  Англия үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар.

Қазақстан нарығында тiкелей және портфельдi инвестицияларды іштің және шетел инвестицияларының белсендi жұмыс жасап жатқандығы көрiнедi.Бiрақта бір шардың оң жағымен қоса тepic жағы бар.1, бұл жерде жаңа технологиялық өндiрiстің eнyi, жаңа менеджмент және маркетинг әдістері жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуы болса. 2, бұл жерде дамушы елдерден үлкен көлемде пайда ресурстарды сыртқа шығарады. Бұл ұлттық экономикалық қауыпсiздiк жағдайында проблемаларға алып келедi. Экономикалық iс-әрекеттердi басқаруды және бақылауды жоғалтып алуымыз мүмкін. 3, дамушы елдер қазiргi таңда шетел инвестициясынсыз алға жылжи алмайды. Бұл жерде айта өтейiн шетел инвестициясы елдің ұлттық инвестициясын ығыстырып шықпай оны толықтырушы болуы керек.Менің ойымша, Қазақстандағы жиынтық сұранысты ынталандыру үшін шетел инвестициясын кеңінен пайдалану керек жәнеде елімізде инвестициялық климаттың жақсаруына президентiмiздiң қол астындағы шетел инвестицияларының Кеңесінің ҚР сауда және индустрия минестерствосының шетел инвестициясы үшiн арнайы комитетi, "Казинвест" инвестиция орталығы, саяси экономикасын факторлар әcep етуде. Индустриалды инновациялы даму стратегиясының орындалу мақсатында Қазақстан инвестициялық қоры құрылды. Бұл қор мемлекеттің 100 % -тiк қатысуымен жарғылық капиталында араласуымен құрылды. Мұның бәрі сайып келгенде мемлекеттің экономикасын көтеруде маңызды рөл атқарады себебі инвестиция болмай жиынтық сұраныстың өзі болмайды. Айналымда капитал болғанда ғана жиынтық сұр қалыптасады.

88.Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.

Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бiржақты, шикiзаттық бағыты, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканың ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық деңгейге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыру өте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өніміділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады. Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарылату. Атап өткен мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат. Бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

- өндірістің технологиялық базасын дамыту;

- өндірістегі инновоция; - өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;

- инвестициялық саясатты оңтайландыру,

- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.

- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру;

- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;

- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;

- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;

Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.

Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескерген жөн:

  • Шығармашылық көзқарас – кәсіпорын болашағын көре білу;

  • Инновация – техника мен технол жаңарту; өндірістік ұйымдас ж\е нарық саясатын жаңарту;

  • Икемділік және бейімделгіштік – нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;

  • Кәсіпорын қызыметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;

  • Кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;

  • Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;

  • Ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес болу;

  • Персоналды ынталандыру. Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпы стратегиясы жоқ, әр кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жекелей, нарықтағы орыны, оның потенциалы, ұйымдастырылуы, бәсекелестері, өндірілетін өнім ерекшеліктері және басқа да факторларға тәуелді әзерлейді.Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке-жеке есепке алуды ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара толықтыру әдістерін табуды талап етеді. Ең жаңа техника нашар ұйымдастырылған өндірісте күтілген нәтижені бермейді, ұйымдастыру үшін менеджмент деңгейі маңызды орын алады. Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]