Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

82. Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы

Өндіріс факторлары:жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген ж\е өндірістік тұтынуда пайд\н игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше оны өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдаланубастапқыдан адам қолынан келетін істің бірі. Әр уақытта болатын жайт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл бір пайдалылықтар –жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылыады. Еңбек адамның мақсатында сай қызметті, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін қтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен –еңбек »,-айтуы да бекер емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек өндңрңс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болтан адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамңың мақсатты іс-әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр. Жұмыс күші –адамның дене еңбегі мен рухани қабілетінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұм. Күшін пайдалану еңбек болып табылады. Немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адамнығ мақсатты іс-әрекеті. Іс-әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажеті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай-ақ жиақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан ж\е жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалды емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды жинақталған еңбек деп қарастырады.Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттарж\е т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер кап. Ұқымын ақшамен байланысады. Мыс., Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», -деп жазады.

83.Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары Ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы;мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.XX ғасырда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатында негізгі басымдықтарға, мемлекеттік реттеудегі сыртқы бағдарға айналды. Халықаралық бәсекелестік мәні бойынша әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесінде өз орнын алу құралы болып табылады, оған тек ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады.Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілі арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілерд позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорын басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды. Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшыл экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбалары запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар. Қазіргі таңда Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда көптеген әрекеттер жасалуда, еліміздің өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Негізінде біздің халықаралық нарыққа шығуымызда, яғни дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алуымызға қаншама асулардан өтуіміз керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын реттеу ең өзекті мәселе, яғни осы мәселелерді шешпейінше бәсекеге қабілетті болу екіталай. Президентіміз өз үндеулерінде ылғи да ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етуіміз керек деген ойды қозғап өтеді. Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық дамуға ден қоймақ. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің айтуынша, бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде технологиялық дамуды басқару жүйесі құрылады, нормативтік-құқықтық базасы жетілдіріледі, инновациялық қолдау бағдарламаларының жаңа түрлері әзірленеді, сондай-ақ оның үдерістерін сараптамалық қолдау жүйесі іске қосылатын болады. Ал екінші кезең жаңа бағдарламаларды жүйелі қолдану және бірінші кезеңде әзірленген инновациялық дамуды қолдау тетіктерімен сипатталады. Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру жолдарын жүзеге асыру әрбір азаматтың, өндіріс сферасының, кәсіпкерліктің жүктеуінде болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]