Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

81.Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері

Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді.

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек қана жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуі куәландырады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жахандану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Сол себепті мемлекетте үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа мәселесі туындайды. Осы мәселеге біздің еліміз де көп көңіл бөлуде. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары арасында қайшылықтар барҚоршаған ортаны ластаумен байланысты теріс экстерна­лиилерді ең төменгі дәрежеге жеткізу Қазақстан үшін қазіргі таңда өзекті мәселе, өйткені оның экономикасының бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен, мұнай өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты, олар экология үшін өте қауіпті болып саналады және қоршаған ортаны қорғауға маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке секторлардың да табиғатты қорғау шараларына жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз және олар мәселенің көлеміне сай келмейді. Менің ойымша, қазіргі заманда жеке экономикалық субъектілер ғана емес, сонымен қатар мемлекетте оң және теріс сырқы әсерлерді өндіре алады. Осының классикалық мысалы ретінде ғылымды, білім мен медицинаны қолдауды айтуға болады. Фундаментальды ғылыми зерттеулерге мемлекеттік шығындарды жұмсау пайдалы білімді тарату арқылы басқа да субъектілерге оң сыртқы әсерлерді өндіреді. Қорыта келсек, Қазақстанда мемлекетті нығайту тапсырмасы әр түрлі шаралар кешенін қарастырады. Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы құруға керекті институционалды қайта құрылымдар реформалардың шешуші элементі болып саналады. Қазақстанда нарықтық құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін қаржылық реттеудің институттарының сәйкес келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің мониторингі мен болуы мүмкін негативті салдарларды дер кезінде жою шараларын қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]