Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

79. Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.

Кейінгі зерттеулерд, жалпы эконом тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласу болмаған жағдайда жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді. Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы ұсынылады. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұраныс әсер етуге қолдануы керек.Неоклассиктердің пікірінше, ақша рыногында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайтын болады. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болады. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, онда пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады. Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігі неоклассиктер ақша рыног кепіл болады деп санайды. Егерде тұтынушыларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, онда олар жинақтау жүргізеді, және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Өнімге сұраныст төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қорлары жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайт мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріспен және жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді. Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмысты болады, яғни жұмыссыздық болмайды. Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін, толық жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікте.

80.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары.

ҚР құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы ҚР Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады, Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады. Сол нарықтың бірі бағалық қағаздар нарығын Қазақстанда толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жұйесін қалыптастырып, тереңдету керек. Бұл жерде айрықша атап өтетін мәселе бұл, саланың құқықтық базамен толыққынды қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамалардың қазіргі заман талаптарына сай жасалуы,бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының арасындағы қатынастардың бір жүйеге келтірілуі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жетілдіру жолында тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Сондықтан, осы орайда тұрғындарға кепілдендіріп, заңмен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге дейін бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілді, дегенмен қалыптасқан мәселе азая қойған жоқ. ҚР орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар – меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. ҚР мемл бағалы қағаздар нарығын құру же оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлек кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды. Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқыұ беретін ақшалы құжат н\е қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі, бұл өзінің тауарлық, өндірістік және ақшалық формасынан ерекшел капиталдың бар болуының ерекше түрі, ол нарықта тауар сияқты айналады және табыс әкеле алады, және де бағалы қағаз – бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатн, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.Нарықтық экон қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Отандық бағалы қағаздар нарығын жаңа, әлемдік стандартқа сәйкес, деңгейге шығарудың негізі бағалы қағаздар сату көлемінің ұлғаюы, олардың потенциалды инвесторлар үшін өтімділігі мен тартымдылығын жоғарылату болып табылады.бүгінгі күнде маңызды мәселе, инвестициялық тартымдылығы жоқ, «екінші эшелондық» кәсіпорындардың акцияларын биржалық нарыққа шығару болып қала береді Бағалы қағаздар нарығы мемлекетіміздің экономикасын дамытуда қолданылатын қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды икемді пайдалану үшін бірінші кезекте қолданыстағы заңнамалардың толық әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Екінші, қалып нарықты бір жүйеге келтіру, осы саладағы инфрақұр дамытып, қатысуш құқықт толық қорғау. Осы мәселелердің шешілуі болашақта бағалы қағаздар нарығының ілгері жылжуына кепіл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]