Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

74. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.   Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.   Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.   Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.   Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.   Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.               Жүмыссыздық пен өндірістік шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.                     

Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.   Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.   1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.   2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогресс қажет.

Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның  бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға  жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.     Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.      Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.  Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.    Экономикалық  белсенді емес халық – экономикалық қызыметтен шұғылданбайтын немесе жұмыссыз деп саналатын 16-ға толған және одан жоғары жастағы адамдар. Оған мына категориядағылар жатады: Күндізгі оқу орындарының барлық оқушылары, студенттері, курсантары мен тыңдаушылары; үй шаруасымен (тамақ даярлау, балаларды, отбасының басқа да мүшелерін бағу) айналысатындар біреудің қарауындағылар.

      Жұмыспен  қамтылған халық саны 2001 жылы 6.698,8 мың адам болған. Бұл экономикалық белсенді халықтың 89,6 пайызы. Жұмыссыздардың жалпы саны 780,3 мың адам, яғни экономикалық белсенді  халықтың 10,4 пайызы. Бір қарағанда, жұмыссыздардың жалпы саны да, олардың үлес салмағыда кейіңгі жылдары азая бастаған. Алайда, әрбір оныны адамның жұмыссыз отырғаны аса зор әлеуметтік мәселе. Осы мәселені індетте түсу үшін жұмыспен қамтылғандар санатындағылар қайда, не істеп жүр дегенге тоқталсақ біраз нәрсенің беті ашылады. Жалданып жұмыс істейтін адам

            Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасақ, республика бойынша 10,4 пайызбен салыстырғанда оның төменгі деңгейі  Шығыс Қазақстан (7,3), Солтүстік Қазақстан (8,9), қарағанды (9,2), Павлодар (9,2), облыстарында және Астана қаласында, ал жоғары деңгейі Қызылорда (13,9), Атырау (13,9), Жамбыл (12,7), Батыс Қазақстан (12,5) облыстарында байқалады. Аймақтардағы жұмыссыздық деңгейін салыстырып қараған кезде екі деректі ескеру керек сияқты. Біріншіден, экономикалық белсенді емес халық деңгейіне, яғни экономикалық юелсенді және белсенді емес халықтың ара қатысы қандай екеніне көңіл аударған жөн. Өйткені экономикалық белсенді емес халық құрамына үй шаруасымен айналысатындар, біреудің қарауындағылар кіретінін ескерсек, бұлар, шындап келгендк, жұмыссыздар ғой. Ал бұл көрсеткіш деңгейінің аймақтар бойынша айырмашылығы өте ұлкен. Мәселен, республика бойынша экономикалық беседі емес халықтың деңгейі 29,8 пайыз болса, Солтүстік Қазақстан облысындағы 19,3, пайыздан, Шығыс Қазақстан облылысындағы 33,98 пайызға дейін жоғарлайды.

  Екіншіден, жұмыспен қамтылған халықтың өзі де жалданып жұұмыс істейтіндер және өзін жұмыспен қамтығандар деп екіге бөлінеді, бұл екеуінің ара салмағы әр аймақта әртүрлі. Ал өзін өзі жұмыспен қамтитындардың құрамында өз бетімен жұмыс істейтін дейтіндер бар, сонымен бірге ақы төленбейтін отбасы қызметкерлері дейтіндер де бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]