
- •1.Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3.Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4.Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.
- •7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •8.Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16.Ренталық қатынас теориясы.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19.Нарық: мәні, анықтау белгілері, негізгі қызметтері.
- •20.Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері.
- •21.Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
- •Нарықтың түрлері:
- •22.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері.
- •23.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •24.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.
- •25.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері, бір түріне талдау жасау.
- •26. Нарықтық инфрақұрылым: мақсаты және негізгі түрлері.
- •27.Тауар және оның қасиеттері. Еңбек-құн теориясы.
- •28.Ұлттық байлық және оның құрылымы.
- •29.Ақшаның пайда болуы, мәні және негізгі атқаратын қызметтері.
- •30.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32.Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33.Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34.Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •37.Нарықтық баға және оның функциялары.
- •38.Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері.
- •39.Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •41.Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47.Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51.Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52.Шекті пайдалылық теориясы.
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •53.Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57.Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58.Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •61.Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары және олардың тиімділігін арттыру (эссе).
- •62.Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері (эссе).
- •63. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау (эссе).
- •64. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау (эссе).
- •65. Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы (эссе).
- •66. Қазақстан Республикасындағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау (эссе).
- •67.Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).
- •68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).
- •69.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).
- •70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі (эссе).
- •71.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары (эссе).
- •72. Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары (эссе).
- •73.Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •75. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету (эссе).
- •77. Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол жеткізу жолдары.
- •78.Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79. Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •81.Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
- •82. Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •84.Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85.Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •89.Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
69.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).
Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.
Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.
Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Бір жағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туадыҚазіргі таңда Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік саласында 1,5 миллионнан астам адам еңбек етеді. Осыншама адамның отбасында, әулетінде қаншама жан бар. Кәсіпкерліктің дамуына жүргізілген талдаулар бұл саланың елдегі тұрақтылыққа оң ықпал жасап отырғанын айғақтайды. Әйтсе де, шағын кәсіпкерлік саласында өндірілетін өнімдерден гөрі сауда-саттық-делдалдық қызмет түрлерінің үлес салмағы көп екенін де айту керек. Соның салдарынан шағын бизнес тарапынан түсетін салықтық түсімдер жалпы алғанда 10 пайыздан аспай жатыр.
Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Негізгі Заңда – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Әркім кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметке пайдалана алады. Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғауды, қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау тұрғысындағы проблемалардың маңыздылығын ескерген мемлекетіміз бірқатар доктриналық сипаттағы құжаттарды әзірлеп, жүзеге асыруға ұйытқы болды.
“Қазақстан-2030” Стратегиясының логикалық жалғасы іспетті “Индустриялық даму” басымдығын әйгілеген “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы” өмірге келді. Осы құжатта мемлекет қызметінің осы сала бойынша негізгі және концептуалдық бағыттары кеңінен қарастырылған. Дәл уақытты белгілей отырып, мемлекеттің ресурстарын нақты іске шоғырландыруға мүмкіндік беріп отырған Стратегия Қазақстанның дамуына жаңа серпіліс әкелді.
Алдағы 9 жылда Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың нақты және тиімді үлгісі жасалды. Стратегияны әзірлеу барысында шетелдік тәжірибелер кеңінен зерттелді. Осы заманғы болжам жасау, қауіптің алдын алу мен болдырмау шаралары тегіс електен өткізілді. Республикадағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары бірқатар заңдарда көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1992 жылғы 4 шілдедегі “Шағын кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы”, 1997 жылғы 19 маусымдағы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” және ”Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары мен 1999 жылғы 15 қарашадағы ”Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі мәселелер” деп аталатын Үкімет қаулысында шағын кәсіпкерлікке қатысты негізгі қағидаттық тұжырымдар тегіс бекітілген.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған негізгі мемлекеттік саясаттың бағыттары 2004-2007 жылдарға арналған шағын бизнесті қолдау мен дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламада барынша көрініс тапқан. Бұл бағдарламаны жасау барысында шетелдік тәжірибеге арқа сүйелді, осы заманғы болжам жасау және шағын бизнесті дамытуды анықтау мен бағалау әдістемелері қолданылды. Қазақстанда жасалған нақты бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері және оларды шешу жолдары ескерілді. Бағдарлама “Қазақстан-2030” Стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік тұрғыда атқарылуға тиісті мыңсан шаруасы осы бағдарламада барынша нақтыланды. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті дамыту саласында мемлекет алдында тұрған міндеттерді мейлінше айқын және дәл анықтау. Оларды шешудің негізгі жолдары да мүмкіндігінше кеңінен қарастырылған.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға қатысты мемлекеттік органдар атқаруға тиісті міндеттерді Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында саралап белгілеп берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” деп аталатын Жолдауында мынандай негізгі бағыттар айқындалды.