Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.

Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

Экономикалық дамудың циклдік себептері:

1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);

3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.

Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.

5.1 кесте Прямая соединительная линия 111

ЖҰӨ

Полилиния 110 В құлдырау

кПрямая соединительная линия 106 өтерілу

• А А–төмен құлдырау

нүктесі;

В –ең жоғары көтерілу

нүктесі.

Прямая соединительная линия 85 Прямая соединительная линия 86

Прямая соединительная линия 83 Прямая соединительная линия 84

цикл Z(уақыт)

Құлдырау белгілері – қорларды (запас) жою, өндірістік инвестицияларды қысқарту, еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік сұраныстың қысқаруы және т.б. Көтерілу белгілері – керісінше құбылыстар болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]