Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау

Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды.Осындай сан алуан заттардың аңша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, былайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас алыптасты.Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды. Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды.Біреудің қолындағы артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ тңңестіру, заман талабын қанағаттандыра алмады.Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды.Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды.Айырбастың тарихи ұзақ даму нітижесінде айрықша тауар, яғни ққша пайда болды.Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.Ақша бірнеше қызметтер атқарады.Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүүиежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін Биметализм ақша ретінде екі металды - алтын мен күмісті (ХYІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді. Монометализм ақша ретінде тек ғана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.Монометализмнің - үш түрі қалыптасты1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік согысқа дейін) айналыста алтын монеталардың жүруімен сипатталады, қағаз және несие ақшалар алтынға еркін айырбасталды. құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда қалыптасты) алтын стандарты құймасына сә йкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады.қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. . Ақшаның функциялары. Ақша бірқатар қызметер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану (жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша. Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа көңіл бөледі: құн өлшемі мен айырбас құралы. Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады. Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді. Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауар құны неғұрлым көп болса, соғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі.Ақша – айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаның өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады. Монета – бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі.

Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері. Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ». Әртүрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер, пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі пікірлер көптеген экономистердің «ақша бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі» деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми анықтама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады. Бірте бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртін,деп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды.Ақша – айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаның өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады. Монета – бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]