Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:

- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.

- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.

Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.

Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады.Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады.

Қарызга алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн.

Несие формалары мен түрлері. Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.

Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады (9.1. сурет)

- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;

- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер.

Несие формасы

Ұлттық

Халықаралық

Ақшалай

Тауарлық

Аралас

Ақшалай

Банктік

Мемлекеттік

Ипотекалық

Тауарлық

Коммерсиялық

Тұтынушылық

Лизингтік

Прямая соединительная линия 17 Прямая соединительная линия 18 Прямая соединительная линия 20 Прямая соединительная линия 24 Прямая соединительная линия 25 Прямая соединительная линия 26 Прямая соединительная линия 27 Прямая соединительная линия 28 Прямая соединительная линия 29 Прямая соединительная линия 30 Прямая соединительная линия 34 Прямая соединительная линия 35 Прямая соединительная линия 40

Тұтынушылық

Ақша – несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құраушысы болады. Көпшілік нарықтық, экономикалық мемлекеттерде, орталық банктерде атқарушы органдардан белгілі тәуелсіздіктері бар, бұл олардың эффективті қызмет ету кепілі ретінде қарастырылады. Бірақ орталық банктің тәуелсіздік үкіметтік құрылым шеңберінде Орталық банк мемлекеттік экономикалық саясаттың құрушысы және тексерушісі ретінде қарастырылады, ол жалпы мемлекеттік басқару механизміне қосылған.

Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету.Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]