Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Бұларды өндірістің жүзеге асуына байланысты бөледі.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды шаруашылық - әртүрлі тауарлар ішкі тұтыну үшін және өндірушінің өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалды өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналды. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және  өндірушіелердегі артық өнімнің құрылуына  алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды.

Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады. Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізді және жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы,бақшагердің натуралды шаруашылығы-өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз - өнім айырбас және сату үшін , яғни қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіріледі. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Тауарлы шаруашылықтың түрлері:

1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;

Натуралды және тауарлы шаруашылық ерекшеліктері:

 

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]