Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

23.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады.

  • Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар.

  • Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

  • Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға.

  • Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады.

  • Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.

24.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер:

  • Жалпы ұлттық өнім белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын қолдану арқылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Жалпы ұлттық өнімді есептеу өндіріс факторларының тек ел тереториясында емес шет елде де болатындығын көрсетеді.

  • Ұлттық табыс жалпы ұлттық өнім мен оны құруға кеткен материалдық шығындар арасындағы айырмашылықты көрсетеді.Ұлттық табысты есептеуде барлық табыстар сомасы ретінде жалақы, пайда , рента және пайыз анықталады.

  • Таза ұлттық өнім ұлттық экономика салаларының шаруашылық қызмет нәтижесін көрсетеді. Таза ұлттық өнімді есептеу екі түрде қарастырылады: 1) жалпы ұлттық өнім мен амортизациялық төлемдерді алып тастау арқылы, 2) Ұлттық табыс пен жанама салықтардың қосындысы арқылы.

  • Жалпы ішкі өнім белгілі бір кезеңде мемдекет аумағында өндірілетін соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. Жалпы ішкі өнімді есептеу тек ел ішіндегі өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген өнімдер мен қызметтерді қарастырады.

Макроэкономикалық көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар бойынша; 3) табыс бойынша.

1)Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі бойынша есептеу әдісі.

2) Шығындар бойыншаша: Y=C+I+G+NX

Мұндағы: С –үй шаруашылығының тұтыну шығыстары;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G – мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3) Табыс бойынша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа; P – пайда; R – рента; I – пайыз; T- салықтар; A – амортизациялық аударымдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]