Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_80-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

21.Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.

Нарық дегеніміз тауар өндірушілер мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы.

Нарықтың құрылымы әр түрлі ерекшеліктерге байланысты жіктелуі:

  1. Географиялық жағдайына немесе аймаққа байланысты: жәрменке, аукцион, биржа, аймақтық нарық, дүниежүзілік нарық;

  2. Сату ерекшелігі бойынша: бөлшек сауда нарығы, көтерме сауда нарығы;

  3. Бәсекенің шектелу ережесіне байланысты: монополиялық нарық, монополистік бәсеке нарығы, еркін нарық, аралас нарық;

  4. Заңды нормалар бойынша: ресми нарық, көлеңкелі нарық;

  5. Қатысушы субъектілер бойынша: сатушылар нарығы, сатып алушылар нарығы;

Нарықтың түрлері:

Қазіргі замаңда споттық және мерзімді нарықтар кең тарап отыр. Нарықтың осы түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Споттық нарық мерзімді нарықтың пайда болуына себепкер болды.

Споттық нарық дегеніміз қолма-қол жеткізілетін нақты тауарлармен сауда-саттық жүргізу нарығының бір түрі.

Мерзімді нарық — бұл мерзімді контрактар нарығы, яғни келісім шарттар бойынша көрсетілген мерзімде материалдық байлықтарды, тауарларды, құнды қағаздар түріндегі активтерді, болашақта жеткізу туралы контрагенттердің бір-бірімен жасасқан келісімі.

22.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері.

Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланысты.

Макроэкономикалық талдауды 3 кезеңге бөледі:

  • І кезеңде фирмалар мен үй шаруашылығының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады.

  • ІІ кезеңде фирмалар мен үй шаруашылығының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

  • ІІІ кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті экономикалық талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп айтсақ та болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]