Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроэлектроника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
985.48 Кб
Скачать

2. Дрейфтік биполяр транзистор. Құрылысы, жұмысы, шектiк жиiлiгi.

База аймағында заряд тасушылардың өту механизміне тәуелді дрейфтік және дрейфсіздік транзисторларды айырып танайды.Дрейфсіздік транзисторларда базалық аймақ арқылы негізгі емес заряд тасушылардың тасымалдануы диффузиямен байланысты. Дрейфтік транзисторларда қоспаларды арнайы үлестіру жолымен база аймағында ішкі электр өрісі тудырылып, негізгі емес заряд тасушылардың база арқылы тасымалдануы әрі дрейф арқылы (көмегімен), әрі диффузия көмегімен іске асырылады. Қазіргі транзисторлардың көбі дрейфтік.

3.Күшейтілген сигналдардың түріне қарай күшейткіштерді екі топқа бөліңізКүшейтілген сигналдың түріне қарай күшейткіштерді екі топқа бөлуге болады:1Гармоникалық сигналдардың күшейткіштері – әртүрлі шамадағы және формадағы гармоникалық және квазигармоникалық  (гармоникалық деп есептеуге болатын), яғни периодтық сигналдарды күшейтуге арналған. Мұндай күшейткіштерге: микрофондық, трансляциялық және формадағы периодтық емес сигналдарды күшейтуге арналған.2 Импульстық сигналдардың күшейткіштері − әртүрлі шамадағы және формадағы периодтық және периодтық емес сигналдарды күшейтуге арналған. Импульстық күшейткіштерге: байланыс жүйелерінің импульстық күшейткіштері, теледидар бейнелеу сигналдарының, импульстық радиолокациялық құрылғылардың, электрондық есептеу техникасы негіздерінің, реттеу және басқару жүйелерінің күшейткіштері жатады.

Билет №2

1.Варикап. Арналуы, сипаттамасы, көрсеткіштері. Варактор. Варикап [ағылш. Varicap vari (able)-айнымалы және cap (acity)- сыйымдылық] – ШӨ диод. Бұл аспаптың сыйымдылығы (Сзар –электронды кемтіктік өткелдің сыйымдылығы) түсірілген электр кернеуге (ығысуға) сызықты емес түрде тәуелді болады. Бұл қасиеті варикапты сыйымдылығы электрмен басқарылатын элемент ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Варикаптың номинал сыйымдылығын әдетте кері кернеудің минимал шамасымен өлшейді (Umin ~ –1B –6В шамалар аралығында); оның шамасы ШӨ-материалымен (оның ішіндегі қоспалар концентрациясының деңгейімен), p-n-өткелдің ауданымен анықталады да, пФ бөлігінен бастап жүздеген пФ шамасын құрады Варикаптың қолдануы. Радио электрондық құрылғыларда варикап сыйымдылығының сызықты емес өзгеру қабілеті параметрлік күшейтуді, жиілікті көбейтуді және т.б. алу үшін пайдаланылады, ал сыйымдылықты электрлік басқару мүмкіндігі тербеліс контурының резонанс жиілігінің қашықтан және генерациялықсыз қайта реттеуін іске асыра алады. Варактор — полупроводниковый диод, по принципу действия аналогичный варикапу.[1] Используется преимущественно как нелинейный элемент в умножителях частоты, а также для усиления колебания в параметрических усилителях сверхвысокочастотного диапазона. Благодаря тому что при изменении напряжения на диоде от прямого до обратного его ёмкость меняется на несколько порядков, то он может быть использован как переменный конденсатор.

2.Транзисторларды схемаға ортақ эмиттермен қосу. Көрсеткіштері, сипаттамалары. Өндіресте жиі кездесетін биполяр транзисторы кезектесе орналасқан үш р – және n –аймақтарынан тұрады. Осы аймақтардың өз ара орналасуына байланысты олар n-р-n немесе р-n-р болып екіге бөлініп, схемаларда өздерінің шартты белгілерімен белгіленеді (1 - сурет) жартылай өткізгіш бөліктерінің әр қайсысынан ток жүретін электрондар шығарылады, ал олар Эмиттер (Э) коллектор (К) База (Б) деп аталады. Эмиттер – «шығарушы» деген ұғымды білдіреді, ол заряд бөлшектерімен қамтамасыз ететін электрод болып табылады; collector – коллектор – «жинаушы» ретінде эмиттерден шыққан заряд бөлшектерін жинайды. База заряд бөлшектерінің эмиттерден коллекторға қарай қозғалысын реттейді. Ол транзистордың реттеушы басқарушы электроды деп аталады. n-р-n үлгілік және р-n-p үлгілік транзисторларды тізбекке үш түрлі схема бойынша қосу мүмкіншілігі бар: ортақ базамен (ОБ) ортақ эмиттерлі (ОЭ) және ортақ коллектормен (ОК). Транзистордың қай электронды кірістік және шығыстық тізбектеріне ортақ екендігін схеманың аты көрсетіп тұр. Транзисторларды қосу схемалары өзінің қасиеттерімен өзгешеленеді, бірақ та тербелістерді күшейту принципі бәрінде бірдей .

3. Кері байланыстың түрлері. Кері байланыс дегеніміз – шыға берісіндегі пайдалы күшейтілген сигнал энергиясының бөлігі кірісіне берілген күшейткіштің шығуымен, кіруі арасындағы байланыс. Кері байланыстың оң және теріс түрлері бар. Оң кері байланысты генераторлы каскадта қолданылады, ал теріс кері байланысты жиі қолданылады.Кері байланысты күшейткіштің жұмысының тұрақтандыруын арттыруда қолданылады, ол кезде кері байланыс пайдалы болады. Кері байланыс кері байланыс коэффицентімен сипатталады:

; Uшығ=Uс – Uкб

Билет №3

  1. р және n-типті шалаөткізгіштерді алу. Донорлық және акцепторлық қоспалар. Таза күйінде Si және Ge диэлектриктік қасиеттерге иеленеді, бірақ олардың өткізгіштігі аз мөлшерде (шамада) қоспаларды енгізсе түпкілікті өзгереді. 2 суретте Ge-дің (кристалл торының) моделі, оның бір атомын As (күшән) атомымен орынбастырылған. Міне осы As-атомды қоспа дейді. Күшәннің (As-тің) сыртқы орбитасында 5 электрон, сондықтан Ge-кристалына «тұрғанда» оның бір электроны еркінболыпқалады.Бұл артық электрон өте қозғалғыш, сондықтан потенциалдар айырымы пайда болғанда ток тасымалдаушы бола алады. Еркін электрондар санын (мөлшерін) жартылай өткізгіш ішіне енгізілетін қоспа атомдар санын өзгертіп бақылауға (тексеруге) болады. Қоспаларды жартылай өткізгіштерге енгізгенде еркін электрондар пайда болса – бұл жартылай өткізгіш енгізілген қоспа донор деп аталады, ал жартылый өткізгішінің өзі қоспалы жартылай өткізгіш деп аталады. Егер жартылай өткізгіш – кристалл торы ішіне сыртқы қабаттарыда үш электрон болатын, мысалы Бор, Индий атомдарын енгізетін болсақ, электронның жоқтығы кристалл ішінде кемтіктің пайда болуына келтіреді (сурет 3). Сырттан түсірілген кернеу бұндай жартылай өткізгіштерде электрондардың оң таңбалы түйіспеге , ал кемтіктердің теріс таңбалы түйіспе жағына қозғалысына келтіріледі. Кемтіктердің қозғалысын да ток ретінде қарастыруға болады. Жартылай өткізгіштерді р-типті (positive) деп, ал қоспаларды акцепторлар деп атауға келіскен. Донор қоспасы бар жартылай өткізгіштерде өткізгіштік еркін электрондармен сипатталады да, бұндай жартылай өткізгіштерді n-типті (negative) деп атайды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]