Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроэлектроника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
985.48 Кб
Скачать

2) Өрісті транзистордың жұмыс істеу принципі.

«p-n» ауысу арқылы басқарылушы өрістік транзисторлар, құрлымы, жұмыс принципі, сипаттамалары және параметрлері. Ерекшеленген жаппалы өрісті транзисторлар. Транзистор – үш электродты, электр сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған жартылай өткізгіштік аспап. Ток түзуге қатысатын заряд тасушыларына байланысты транзистор биполяр және униполяр болып екіге бөлінеді. Өрісті транзистор электр өрісімен (токсыз) басқарылады. Кіріс кедергісі өте жоғары болғандықтан сигнал көзінен ток пен қуат жұмсамайды. Өрісті транзистордың екі түрі бар: р-n - ауысулы өрісті транзистор және оқшауланған (изоляцияланған) тиекті өрісті транзистор. Соңғы транзистор индукцияланған және қондырылған каналды болып тағы екіге бөлінеді де, құрылысына сәйкес МДЖ (металл-диэлектрик-жартылай өткізгіш) транзистор деп те аталады. Олардың шартты белгілері 1-суретте көрсетілген. а) ә) б) в) Сурет 1 - Өрісті транзисторлардың схемалық шартты белгілері: а) р-n - ауысулы n-каналды; ә) р-n - ауысулы р-каналды; б) оқшауланған тиекті индукцияланған р-каналды; в) оқшауланған тиекті индукцияланған n-каналды.

3) Операциалық күшейткіштер. Оларға қойылған талаптар.

Операциялық күшейткіш (ОК) – бұл дифференциалдық кірмесі бар модульдік көп каскадты күшейткіш, өзінің сипаттамасы бойынша ойдағы “идеалды күшейткішке” жуығырақ күшейткіш.

9.1–Сурет Күшейткіштің құрылымдық схемасы.

Күшейткіш каскадтың жалпылама структуралық схемасы 9.1 Суретте көрсетілген. Күшейткіштің кірісіне (1-2 қысқыштар) электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) әрекеттестік мәні  er , ішкі кедергісі Rкіру сигналының көзі қосылған. Кішкене қуатты кіру сигналы жоғарғы дәрежедегі қуаты бар қоректену көзінің энергиясының шығынын басқарады. Демек, басқарушы элементті (мысалы транзисторды) және өте қуатты қоректену көзін пайдалана отырып, кіріс сигналдың қуатын күшейтуге мүмкіндік бар.

Күшейткіштің шығыс тізбегінде күшейтілген сигнал әрекет етеді, ол схемада шығыс кедергісі Rшығ бар KUкір кернеу көзімен анықталған. Күшейтілген сигналдың энергиясын пайдаланатын сыртқы жүктеме Rж күшейткіштің шығысына қосылған (3-4 қысқыштар).

Күшейтілген сигналдардың түріне қарай күшейткіштерді екі топқа бөлуге болады.

1) Гармоникалық сигналдардың күшейткіштері әртүрлі шамадағы және формадағы гармоникалық және квазигармоникалық (гармоникалық деп есептеуге болатын), яғни периодтық сигналдарды күшейтуге арналған : Мұндай күшейткіштерге: микрофондық, трансляциялық және магнитофондық күшейткіштер, күй табақтарын ойнату күшейткіштері, көптеген өлшегіш күшейткіштер және т.б. жатады.

2) Импульстік сигналдардың күшейткіштері  әртүрлі шамадағы және формадағы периодтық және периодтық емес сигналдарды күшейтуге арналған. Импульстік күшейткіштерге: байланыс жүйелерінің импульстік күшейткіштері, теледидар бейнелеу сигналдарының, импульстық радиолокациялық құрылғылардың, электрондық есептеу техникасы тетіктерінің, реттеу және басқару жүйелерінің күшейткіштері жатады.

БИЛЕТ№32

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]