Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроэлектроника.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
985.48 Кб
Скачать

3) Дифференциалдік күшейткіштер.

2.6 Cурет Ток көзінің айнымалы ток бойынша балама схемасы

Дифференциалдық күшейткіш (ДК) кіріс кернеулерінің айырымын күшейтеді (2.6-сурет):

      (30)

ДК-лар негізінен кері байланыстары (КБ-лері) болатын схемаларда қосындалаушы құрылғылар ретінде пайдаланылады.

          Дифферециалдық күшейткішке, әдетте, симметриялы ( ) қоректендіру кернеуі түсіріледі. Тыныштық күйде кіріс кернеулер нөлге тең (шықпалар жерге жалғанған), ал коллекторлардағы кернеудің шамасы n-p­n транзисторлар үшін  және p-n-p транзисторлар үшін  етіп таңдап алынады. Жұмысшы нүктедегі коллекторлық ток қоректендіру көзі тоғының, деп белгіленген, жартысына тең, яғни . Эмиттер тізбектеріндегі Re кедергі (бұл тоқ бойынша КБ кедергісі ) транзистор сипаттамаларының жылулық ығу құбылыстары орын алатындықтан, әдетте өте кішкентай етіп алынады. Егер транзистор жұптары келістірілген  болса, яғни параметрлері бірегейлі етіп таңдап алынғанда Re кедергіні схемадан тіпті алып тастауға да болады. Егер шығыс кернеуі коллектор шықпаларының арасында өлшенетін болса, онда ол айнымалы ток бойынша да, тұрақты ток бойынша да әрдайым  кернеу пропорционал.

          ДК-лардың жұмысын талдағанда сигналдарды синфазалы және дифференциалды деп айырып таниды. Егер кіріс кернеулер фаза және амплитуда бойынша дәлденсе, онда синфазалы сигнал туралы сөз болғаны, ал егер амплитудалары бірдей болып, бірақ фазалары қарама-қарсы болса, онда дифференциалды сигналдар туралы сөз болғаны. Егер және  бір-біріне тең болмаса, онда бұл кернеулердің құрамында синфазалы да, дифференциалды да құраушылары болады.

          Кіріс кернеулердің симметриялылығынан қоректендіру көзінің тоғы транзисторлық тармақтардың екеуінің арасында тең бөлінеді теориялық жағынан, синфазалы сигнал  шығыс кернеудің пайда болуыны келтірмеуі тиіс. Бірақ практика жүзінде күшейткіштің шығыс кернеуі еш уақытта нөлге тең болмайды.

Қатынас:

Синфазалы сигналдың беріліс коэффициенті деп аталады.

          Күшейткіш кірісіне дифференциалды сигналды

Түсірген жағдайда транзистор тармақтарының екеуінде де ағаштың ­ тоқтардың шамалары бірдей болмайды да, бұл оның (ДК­ның ) шығысында  кернеуінің  пайда болуына алып келеді.

Қатынас:

БИЛЕТ№31

1) Диодтық оптрон. Құрылысы, таңбалануы, көрсеткіштері.

Оптрон – жарық көзін және онымен сәйкестендірілген фотокабылдағышты біріктіретін активті элемент, онда сыртқы электр сигналы оптикалық сигналға түрленіп күшейтіледі, сонан кейін қайтадан электрлік сигналға айналдырылады, немесе осы процестер кері бағытта жүргізіледі, бірақ күшейту еселігі міндетті түрде бірден үлкен болуы қажет.

Негізгі артықшылығы – кіріс және шығыс тізбектерін ажырату мүмкіндігі, яғни гальваникалық немесе оптикалық ажырату.

Опторндардың артықшылықтары:

а) қабылдағыш пен сәулелендіргіштің электрлік ажыратылуы;

б) жиіліктер жолағы кең (0…1014 Гц);

в) сыртқы электромагниттік өрістерден жақсы қорғалған;

г) басқа шала өткізгіш аспаптармен біріктірілуі мүмкін.

Кемшіліктері:

а) тұтынылатын қуаты үлкен;

б) температуралық тұрақтылығы және радиациялық төзімділігі төмен;

в) параметрлерінің ескіруі және өзгеруі;

г) өзінен туындайтын шуларының деңгейі жоғары.

диодтық оптрон

сәулелі диод (GaAs) пен фотодиодтың (Si) біріктірілуін көрсетеді;

Оптрон бiр-бiрiмен бір корпуста оптикалық түрде, электрлiк түрде немесе бiр уақытта екi байланыс түрiмен де байланысқан сәуле шашу кӛзi және сәуле қабылдағышы бар жартылай ӛткізгiштi аспап. Сәуле қабылдағыш ретiнде фоторезистор, фотодиод, фототранзистор немесе фототиристор қолданылатын оптрондар кеңiнен пайдаланылады.

Резисторлы оптрондарда кiрiс тiзбегiнiң режимi ӛзгерген кездегi шығыс кедергiлерi 7 8 10 10 рет ӛзгеруi мүмкiн. Сонымен қатар фоторезистордың вольт-амперлi сипаттамасы жоғары сызықтылықпен және

симметриялылығымен ерекшеленедi, бұл резисторлы оптопараларды аналогты құрылғыларда кеңінен қолдану себебiн кӛрсетедi. Резисторлық оптрондардың кемшiлігi жылдамдығының тӛмендiлiгiнде -0,01-1с.

Сандық ақпараттық сигналдарды тасымалдау тiзбектерiнде негiзiнен диодты және транзисторлы оптрондар, ал жоғары вольтты аса нақтылықты сигналдарды оптикалық түрде коммутациялау тiзбектерi үшiн – тиристорлы оптрондар қолданылады. Тиристорлы және транзисторлы оптрондардың жылдамдығы 5-50мкс диапазонын қамтитын қайта қосылу уақыты мен сипатталады. Сәуле шашушы диод тура бағытта, ал фотодиод - тура (фотогенератор режимiнде) бағытта немесе кері бағытта(фототүрлендіргiш режимiнде) қосылуы тиіс. Құрылымға берілетін сыртқы кернеудiң мәнiне байланысты 1 және 2 ауысулар тура бағытта ығысады, ал кернеудің 6әрі коллекторлық режимде жұмыс iстейтiн екiншi ауысуда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]