Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать

19.Әлеуметтік еңбек қатынастардың түрлері, негізгі принциптері. Кедейшілік түсінігі

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.

Елдегі бұрыннан қалыптасқан халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты, нарықтық экономикаға қажетті әлеуметтік қорғау жүйесімен бүгінгі күні әлі жеткілікті түрде ауыстырылған жоқ, сондықтан қазіргі кезде қарттардың, жұмыс істемейтін мүгедектердің және жалғыз басты аналардың әсіресе ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайлары өте нашар. Маңызды мәселе осы мемлекеттің осал топтарына жалпы бірдей әлеуметтік деңгейді қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.

20.Еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың мәні мен принциптері.

Еңбекақы бұл — мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым «еңбекақы» және «ақшалай сыйақы» түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады. Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесінде адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін,жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып, саналады. Жұмыс беруші әсіресе бүйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады Қазіргі нарықта экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу күрделі құбылыс болып отыр. Ең алдымен ол нақты жалақының барлық салада төмендеуі орташа жалақымен күн көру шегінің қатынасы жұмыс күшінің табиғи құны дұрыс бағаланбайды. Екіншіден, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы үлкен дифференциациясы пайда болды. Үшіншіден, ынталандырушы, қозғаушы күш болудан қояды. Ол ынталандыру саясатын жеткізуге кедергі келтіреді.