Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать

89.Қ.Р. Аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

 Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң  еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс

Жұмыссыздық әлемдегі  орталық  проблеммалардың  бірі болып  табылады. Және де ол бір жүйеден  екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

2011 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы  экономикалық  тұрғыдан белсенді  халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 3.0%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,1%.  Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 272,2 мың адамға (3,3%-ға) артты.

 Жалданып жұмыс  істейтіндердің негізгі үлесі  мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдарда  жұмыспен қамтылды – 81,4% (4,6 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі қызметін ауыл шаруашылығында (59,0%), сондай-ақ сауда саласында (21,3%),  көлік қызметін көрсетуде (6,4%) және құрылыста (6,1%) жүзеге асырды.

2012 жылғы IV тоқсанда  жұмыссыз ерлердің үлесі 43,3%, әйелдердің үлесі – 56,7% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 63,9 мың адамға (31,1%-ға) көп.    Жұмыссыздар ішінде жалпы  орта білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың  үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам)  құрады.2012 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы  кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2010 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.

2012 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2010 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.

2012 жылы жұмыспен  қамтылған  халықтың  арасында  ерлер саны 4,2 млн. адамды құрады, немесе 51,3%, әйелдер  – тиісінше 3,9 млн. адам және 48,7%. Барлық жұмыспен  қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 33,3% құрады.

90.Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»

    Басты мақсат: адамның өз қабiлетiн iске  асыру және дамыту үшін құқықтар мен  мүмкіндіктерге ие болатындай лайықты  өмір сүруi үшiн жағдай туғызу.       Жұмыспен қамту саласындағы негiзгi мақсат халықты неғұрлым толық түрде өнiмдi жұмыспен қамту болып табылады. Бұл мақсат екi қосымша мақсатқа қол жеткiзудi: жұмыстан шығып қалу деңгейiн азайтуды; жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру деңгейiн арттыруды көздейдi.        Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мақсат халықтың кедейлiк деңгейiн азайтуға, қайыршылықты жоюға бағдарланған халықты әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру болып табылады.

    Экономикалық  жағынан  белсендi 7 миллионнан асатын халықтың 13,5%-ы жұмыссыз болып табылады. Алайда 6,1 млн. адамның жұмысқа қамтылуы әрдайым жеткiлiктi табыс деңгейi дегендi бiлдiре бермейдi. Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгiн, әсiресе бюджеттiк саладағыларды, табысы аздар деп батыл айтуға болады. Бюджеттiк саладағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшерi, әдетте, жұмыспен қамтылған халықтың еңбекақысының республикалық орташа деңгейiнiң 75%-ынан аспайды.  Жұмыспен  қамту және еңбек мәселелерiнде  заң жүзiнде бекiтiлген тұжырымды қағидаттардың болуы. Халықты жұмыспен қамтуды реттеу мен қамтамасыз ету проблемаларын орталықсыздандыру. Жұмыспен қамту саясатын жандандыру. Республиканың жекелеген облыстарындағы халықтың неғұрлым тұрмысы төмен жiктерiне шағын кредит беру тәжiрибесi.

    Мемлекеттiң  халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне ең аз мөлшерде көмек берiп отыруы жөнiндегi конституциялық мiндеттемелерiнiң  болуы. Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк  жәрдемақылардың  белгiленуi.Кедейлiк проблемаларын шешу қажеттiгiне атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнде бейiлдi болу және түсiнiстiкпен қарау.

    Yкiметтiң  әлеуметтiк қорғау, кедейлiкке қарсы  күрес жүйесiн жетiлдiру мәселелерi  бойынша  халықаралық  қаржы ұйымдарымен,  донор  елдермен  өзара жемiстi iс-қимылы.

«Жол картасы 2020»

Бағдарламаның мақсаты

 Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

«Еңбек рыногы экономикасы» пәні бойынша емтихан сұрақтары.

  1. Еңбек нарығы экономикасы: пән объектісі, мазмұны, міндеттері.

  2. Еңбектің әлеуметтікөэкономикалық мәні және оның негізгі сипаттамалары.

  3. Еңбек, адам мен қоғам тіршілігінің негізі ретінде.

  4. Жұмыс күшінің ұсынсы мен жұмыс күшіне сұраныс еңбек нарығында қалыптасу механизмі.

  5. Еңбек нарығы секторлары, олардың ерекшеліктері.

  6. Еңбек ресурстарының құрылымы және адам ресурсы.

  7. Жұмыс орындарын ұйымдастыру, еңбекті мөлшерлеу.

  8. Адамның жұмыста өз жұмыс күшін ұсыну және әсер ететін факторлар.

  9. Адам капиталына бағытталған инвестициялар түрлі меншіктер жағынан қарау.

  10. Жұмыс күшіне сүһұранысты қалыптастыру.

  11. Фирма жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыратын субъект.

  12. Еңбектің әр түріне сұраныс.

  13. Экономкалық белсенді халық, оның негізгі сипаттамасы.

  14. Еңбек келісімін жасау және еңбек нарығын ұйымдастыру.

  15. Мемлекеттік және жекке секторларды жұмыс күшін жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.

  16. Ғылыми-техникалық прогресс және оның жұмыспен қамту процессіне әсері.

  17. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуі.

  18. Еңбек нарығында іздеу процесстерін талдау.

  19. Әлеуметтік еңбек қатынастардың түрлері, негізгі принциптері. Кедейшілік түсінігі.

  20. Еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың мәні мен принциптері.

  21. ҚР еңбек нарығының ерекшеліктері.

  22. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері.

  23. Еңбек нарығы жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеуші ретінде.

  24. Толық және тиімді жұмысбастылық.

  25. Жұмысбастылық әлеуметтік мәселе ретінде.

  26. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Индустриалды инновацияны 2015 жылға дейінгі дамытуда.

  27. Еңбек нарығында жалақының қалыптасуы.

  28. Еңбек нарығында жалақы құрылымы мен деңгейі.

  29. Жалақы деңгейін қалыптастыруда ереуілдің рөлі.

  30. Жалақы туралы кәсіподақ пен кәсіпкерлердің ұжымдық келіссөз жүргізуі.

  31. Еңбек нарығы институттары мен ұйымдардың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі.

  32. Кәсіподақ әрекеттерінің мақсаттары мен маңыздылығы.

  33. Жұмыссыздық экономикалық табиғаты.

  34. Жұмыссыздық мәселесі бойынша ғылыми теориялардың эволюциясы.

  35. Еңбек нарығы туралы ғылыми теориялармен тәжіребиелер (болжамдар).

  36. Жұмыссыздық деңгейіне әсер етуші факторлар (экономикалық әлеуметтік, демографиялық, құқық базасының жағдайы.

  37. Қ.Р. мемлекеттік жұмыспен қамту қызмет органдары: құрылымы мен функциялары.

  38. Шет елдегі жұмыспен қамту қызмет органдарының дамуына сипаттама.

  39. Жұмыссыздықты қысқарту шаралары: кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстар.

  40. Жұмыс күші ұсынысының сапалық өлшемдері : жұмысшылар қабілеті мен білімін ұштастыру.

  41. Бәсекелестегі еңбек нарығының механизмі әр саладағы.

  42. Нарықтық экономикадағы еңбек нарығының маңыздылығы , өзектілігі.

  43. Жұмыс уақыты және жұмыс күшін регламенттеу.

  44. Адам капиталына инвестиция жасау тиімділігі: жеке тұлға мен қоғам үшін пайдасы.

  45. Білімге сұраныс пен ықпал ететін факторлар, білім бағдарламасы 2020 жылға дейін.

  46. Бос жұмыс орындары, олардың сенімділігі туралы статистикалық мәлімет.

  47. Халық шаруашылығы салалары бойынша жұмыспен қамтылғандарды бөлу.

  48. Еңбек және капитал факторлары, оларды модельді құруда есептеу.

  49. Пайданың максимализациясы мен шығындардың минимализациясы шаруаларын жүргізуде.

  50. Жұмыс орнына конкурс жариялау, оны өткізу жолдары.

  51. Еңбек биржасы, оның қызметтері.

  52. Жұмыс күшін жалдау мен іздеуде үш негізгі себеп (ақпарат, бос орын, ұйымдар орны)

  53. Аймақтың біліктілік және кәсіптілік бірліктегі жұмыс күшін жалдау және іздеу процессінің үйлесімділігі.

  54. Жұмыкерлердің кәсіпорынды басқаруда қатысудың іс-әрекеттілігін және тиімділігінің Қазақстандағы нәтижелері.

  55. Кәсіпорын кеңесін құру: міндеттері, құжаттары, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өзара қатынастары.

  56. Кәсіпорын басқармасында еңбеккерлердің қатысуының әрекеттілігімен тиімділігін зерттеулер (теориялық, социологиялық, статистикалық)

  57. Жұмыскерлердің жұмыс орындарында мүдделерін қорғау.

  58. Еңбеккерлердің ынталарын көтеру жолдары (мамандығын жоғарылату, жәрдем, білім т.б)

  59. Халық табыстарының негізгі көздері мен түрлері.

  60. Ең төменгі күн көріс деңгейі оны реттеу жолдары. Еңбекті сақтандыру.

  61. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастар мәні.

  62. Әр елдегі еңбектің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттау.

  63. Жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды талдау.

  64. Еңбек тәртібін құрайтын элементтерге сипаттамалар.

  65. Өндірістің зиянды және қауіпті факторлар анықтамасы мен түсінігі.

  66. Жұмыс орны анықтамасы мен жұмыс орнын жоспарлау кезеңдері.

  67. Еңбек өнімділігі мен нәтижелігіне сипаттамалар.

  68. Халықтың өмір сапасының көрсеткіштері.

  69. Халық миграциясы: мәні, түрлері.

  70. Еңбек мобильдігі: түсінігі, факторлары.

  71. Миграцияның әлеуметтік, экономикалық себептері.

  72. Миграцияның ішкі және сыртқы елге сипаттамалары.

  73. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.

  74. Еңбек тәртәбән нығайтатын шаралар мен жолдар.

  75. Еңбектің шиеленушілік және қарқындылық факторлары.

  76. Еңбек нарығын реттеу тетіктері мен олардың өзара байланыстары.

  77. Қ.Р. еңбек нарығының қазіргі жағдайлары.

  78. Жастар еңбек нарығы, оның ерекшеліктері: ауылдық жерді көтеру мәселесіндегі жастардың маңыздылығы.

  79. Зейнеткерлер еңбек нарығы, олардың мол тәжірибелерін пайдалану .

  80. Әйелдер еңбек нарығы. Гендер мәселесі.

  81. Кәсіптік еңбек нарығы, оны дамыту мәселесі.

  82. Еңбекті басқарудың халықаралық деңгейі, олардың ерекшелігі.

  83. Халықаралық еңбек ұйымының заңнамалық негіздері.

  84. Халықаралық еңбек ұйымының жаһандық ерекшеліктері.

  85. Қ.Р. еңбек туралы заңы.

  86. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. «Қазақстан 2050» стратегиясы.

  87. Қ.Р. еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.

  88. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуындағы шетелдік тәжірибелерді пайдалану.

  89. Қ.Р. аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.

  90. Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»