Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.01.2020
Размер:
189.64 Кб
Скачать

88.Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуындағы шетелдік тәжірибелерді пайдалану.

Жұмыссыздық  проблемаларын  шешуде  еңбек  биржалары (тұрғындарды  жұмыспен  қамту  қызметі)  айтарлықтай  орын  алады.  Нарық  қатынастары  дамыған  елдерде  еңбек  биржасы  алғашқыда  жұмыссыздарға  жәрдем  беру  мақсатында  адамгершілік  институттары  ретінде  пайда  болды.  Уақыт  өте  келе  және  еңбек  қатынастардың  дамуына  сәйкес,  оның  мақсатымен  және  атқаратын  қызыметтері  өзгереді.  Еңбек  биржасы – бұл  еңбекті  жалдау  барысында  жұмыскерлер  мен  кәсіпкерлердің  арасында  делдалдық  келісім  жасалатын,  тұрақты  жұмыс  істейтін  мекеме.  Қазіргі  еңбек  биржасында,  жұмыс  күшіне  сұраным  мен  ұсыным  туралы  мағұлматтар  банкісі  болуы  қажет.  Осы  бағытта  өнеркәсібі  дамыған  Батыс  елдердің  тәжірибесін  қолдануға  болады.  АҚШ – та,  мысалы,  аймақты  және  жергілікті  деңгейде  жұмыс  күшінің  электронды  банкілері  құрылған.  Онда  жұмысқа  орналасқан  кезде  жоғары  сапалы  консультациялық  көмек  көрсетіледі.  Нәтижесінде  барлық  мамандық  топтарындағы  жұмыссыздардың  40  проценті  бір  айдың  ішінде  жұмысқа  орналасады.  Сондай – ақ  жұмыссыздарды  қаржыландырудың  жаңа  бағдарламасы  ендірілген.  Әсіресе,  Вашингтон  штатында  федералдық  үкімет  тиісті  білім,  жұмыс  тәжірибесі   бар  және  өз  ісінің  маманы  болғысы  келген  400  жұмыссыз  адамға  белгілі  бір  уақытқа  дейін  мүмкіндік  беріп,  алдын – ала  жәрдемақы  төлейді.  Бұның  өзі,  олардың  жұмыс  жобасының  экономикалық  дәлелі  бар,  әдейі  курстарды  өткен,  сондай – ақ  жаңа  істі  консультант  көмегімен  бастаған  жұмыссыздарға  беріледі.   Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару.  «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы,  жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.

Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.

Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың  Шведтік түрі экономикалық және өмірлік  деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента»  алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын

өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция  өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.

Швецияның тәжірибесі бойынша  жұмыссыздыққа  жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:

- кіші және жанұялық  кәсіпорынға  мемлекеттік  субсидиялар  мен несилерге жағдай жасау,  яғни  бастапқы  капитал 10 пайызды  ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын  пайда ала алмаса   4 жылға  салықтан босатылады;

- географиялық мобильділік,  яғни  жұмыс  күші  тапшылық  жерлерге  жанұяларды  көшіріп  апарады. Оларға  үй, жұмыс тауып береді , жағдай  жасайды;

-   қоғамдық жұмыс,  негізінен жастарға , құрылыс, жол,  қызмет көрсету, 6 айға дейінгі  кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;

- жеке фирмаларға көмек  көрсету, жарты  жылға  дейінгі  50 пайыздық субсидия беру;

- арнайы техникалық  жабдықтау,  кәсіпорында  мүгедектерге  арналған жұмыс орнын дайындау  және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша  шамамен қосылады.

Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту  мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары  мұнай  дағдарысына  байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін  жұмыспен қамту бойынша 170 келісім  кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.

Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.