
- •Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мәні және оның негізгі сипаттамалары.
- •Еңбек, адам мен қоғам тіршілігінің негізі ретінде.
- •Жұмыс күшінің ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныс еңбек нарығында қалыптасу механизмі.
- •11.Фирма жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыратын субъект.
- •12.Еңбектің әр түріне сұраныс
- •13 Экономкалық белсенді халық, оның негізгі сипаттамасы
- •14.Еңбек келісімін жасау және еңбек нарығын ұйымдастыру.
- •15.Мемлекеттік және жекке секторларды жұмыс күшін жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер
- •16.Ғылыми-техникалық прогресс және оның жұмыспен қамту процессіне әсері
- •17.Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуі.
- •19.Әлеуметтік еңбек қатынастардың түрлері, негізгі принциптері. Кедейшілік түсінігі
- •20.Еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың мәні мен принциптері.
- •Қр еңбек нарығының ерекшеліктері.
- •Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •Еңбек нарығы жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеуші ретінде.
- •Толық және тиімді жұмысбастылық.
- •Жұмысбастылық әлеуметтік мәселе ретінде.
- •Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Индустриалды инновацияны 2015 жылға дейінгі дамытуда.
- •Еңбек нарығында жалақының қалыптасуы.
- •Еңбек нарығында жалақы құрылымы мен деңгейі.
- •Жалақы туралы кәсіподақ пен кәсіпкерлердің ұжымдық келіссөз жүргізуі.
- •31.Еңбек нарығы институттары мен ұйымдардың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі.
- •32.Кәсіподақ әрекеттерінің мақсаттары мен маңыздылығы.
- •36.Жұмыссыздық деңгейіне әсер етуші факторлар (экономикалық әлеуметтік, демографиялық, құқық базасының жағдайы.
- •38.Шет елдегі жұмыспен қамту қызмет органдарының дамуына сипаттама.
- •39.Жұмыссыздықты қысқарту шаралары: кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстар.
- •40.Жұмыс күші ұсынысының сапалық өлшемдері : жұмысшылар қабілеті мен білімін ұштастыру.
- •Жұмыс күшінің тұтас ұсыныстарының шамасы:
- •Еңбек әдісі жасында халықтың жалпы саны (16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін);
- •Бос жұмыс орындары, олардың сенімділігі туралы статистикалық мәлімет.
- •Халық шаруашылығы салалары бойынша жұмыспен қамтылғандарды бөлу.
- •Еңбек және капитал факторлары, оларды модельді құруда есептеу.
- •Жұмыс орнына конкурс жариялау, оны өткізу жолдары.
- •Еңбек биржасы, оның қызметтері.
- •Жұмыс күшін жалдау мен іздеуде үш негізгі себеп (ақпарат, бос орын, ұйымдар орны)
- •Аймақтың біліктілік және кәсіптілік бірліктегі жұмыс күшін жалдау және іздеу процессінің үйлесімділігі.
- •Еңбеккерлердің ынталарын көтеру жолдары (мамандығын жоғарылату, жәрдем, білім т.Б)
- •61. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастар мәні.
- •62. Әр елдегі еңбектің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттау.
- •63. Жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды талдау.
- •64. Еңбек тәртібін құрайтын элементтерге сипаттамалар.
- •65. Өндірістің зиянды және қауіпті факторлар анықтамасы мен түсінігі.
- •66. Жұмыс орны анықтамасы мен жұмыс орнын жоспарлау кезеңдері.
- •67. Еңбек өнімділігі мен нәтижелігіне сипаттамалар.
- •68. Халықтың өмір сапасының көрсеткіштері.
- •69. Халық миграциясы: мәні, түрлері.
- •70. Еңбек мобильдігі: түсінігі, факторлары.
- •Миграцияның ішкі және сыртқы елге сипаттамалары.
- •Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •Еңбек тәртәбін нығайтатын шаралар мен жолдар.
- •Еңбектің шиеленушілік және қарқындылық факторлары.
- •Еңбек нарығын реттеу тетіктері мен олардың өзара байланыстары.
- •Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайлары.
- •Жастар еңбек нарығы, оның ерекшеліктері: ауылдық жерді көтеру мәселесіндегі жастардың маңыздылығы.
- •Зейнеткерлер еңбек нарығы, олардың мол тәжірибелерін пайдалану .
- •Әйелдер еңбек нарығы. Гендер мәселесі.
- •81.Кәсіптік еңбек нарығы, оны дамыту мәселесі.
- •82.Еңбекті басқарудың халықаралық деңгейі, олардың ерекшелігі.
- •83,84. Халықаралық еңбек ұйымының заңнамалық негіздері
- •Қ.Р. Еңбек туралы заңы.
- •86.Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. «Қазақстан 2050» стратегиясы.
- •87.Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.
- •88.Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуындағы шетелдік тәжірибелерді пайдалану.
- •89.Қ.Р. Аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.
- •90.Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»
Қ.Р. Еңбек туралы заңы.
Қ Р еңбек заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, ҚР заңдары мен ҚРөзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1999ж ж. 10 желтоқсанында қабылданған кейіннен өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген.
ҚР еңбек туралы заңы 40 тараудан 341 баптан тұрады.
ҚР еңбек заңнамасының принциптері: 1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;2) еңбек бостандығы; 3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; 4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; 6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; 10)әлеуметтік әріптестік; 11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; 12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
86.Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. «Қазақстан 2050» стратегиясы.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi. Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi. 1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың белсендi бағдарламаларына тарту.
2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны (ҮИИДМБ) iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту.
3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру. Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте, оқытуға, жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:1. Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.2. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу.3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.4. Ауылдық елдi мекендердi дамыту. Бағдарламаны iске асыру үшiн:
1) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады;
2) жекелеген мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрi - Дерекқор), кәсіптік білім беретін оқу орындарының дерекқоры қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылатын болады.
Дерекқор мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде қалыптастырылатын болады. өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санында жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың санын ұлғайту;
халықтың құрылымында ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан еңбекке қабілетті адамдар үлесін қысқарту;