Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
25.01.2020
Размер:
189.64 Кб
Скачать

66. Жұмыс орны анықтамасы мен жұмыс орнын жоспарлау кезеңдері.

Жұмыс орны – жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын.

Жұмыс орнын жарақтандыру

Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Негізгі жабдықтарға жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады.

Технологиялық жарақ – өлшеу‚ кесу аспаптарынан‚ көмекші және басқа аспаптардан құралады.

Ұйымдық жарақ бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ қосалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтиды. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық‚ қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай‚ күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып‚ өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыруда оны еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етудің‚ жұмыс орнына қызмет көрсету желісін жасаудың маңызы елеулі. Жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторлары‚ қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар кешенді түрде бағаланады.

67. Еңбек өнімділігі мен нәтижелігіне сипаттамалар.

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.

Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Еңбек өнімділігінің жалпылаушы көрсеткіштеріне орташа жылдық, тәуліктік және сағаттық еңбек өнімділігі жатады.

Жеке көрсеткіштер - жеке өнім түрлері бойынша есептелініп, 1 адам-күнде не 1 адам-сағатта натуралды шамада қанша өнім өндірілгендігін не өнім бірлігін өндіру үшін қанша уақыт жұмсалғандығын (еңбек сыйымдылығы) сипаттайды.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігінің негізгі жалпылаушы көрсеткіші болып – 1 жұмыскердің жыл ішінде өндірген өнім көлемі (жылдық еңбек өнімділігі) саналады. Орташа жылдық еңбек өнімділігін келесідей факторлық үлгімен бейнелеуге болады:

ЕЖЫЛДЫҚ = К * t * q

Мұндағы: - жылдық еңбек өнімділігі; К - 1 жұмыскер орындаған адам-күндер саны; t - жұмыс күнінің ұзақтығы; q - сағаттық еңбек өнімділігі.