Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать

63. Жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды талдау.

Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам (2000);

2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.

Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды.

Негізгі үш құрамдас бөлігі. Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді. Еңбек ресурсы дегеніміз - мемлекет экономикасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар. Олар үш компоненттен тұрады.

Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.

Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.

Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты. Еңбек ресурсының көптеген бөлігі мемлекетіміздің экономикасына жұмыс істесе (жұмысшылар), біраз бөлігі жұмыс іздеуде (жұмыссыздар).

64. Еңбек тәртібін құрайтын элементтерге сипаттамалар.

Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.

Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:

еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу

қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету

қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:

  • жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру

  • ақшалай сыйлыктар

  • заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда көзделген көтермелеу шараларынан басқа қызметкерлер айрықша еңбек қызметі үшін жоғары тұрған органдарга көтермелеуге, Қазақстан Республикасының ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен марапаттауға ұсынылады. Мәселен, білім беру мекемелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін өңірге тағатын "Қазақстан Республикасының білім озаты" белгісімен марапаттау көзделген. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" арнайы заңында республиканың жоғары марапаттарына ұсынылған азаматтарды марапаттаудың тізбесі мен реті беріледі.