Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать

61. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастар мәні.

Әлеуметтік әріптестік - бұл қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен атқарушы билік органдарының арасындағы олардың мүдделерін үйлестіруге, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жасалатын өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Әлеуметтік әріптестік теориясы мен практикасы Батыста соғыстан кейінгі жылдары (ең алдымен, батыс еуропалық және скандинавиялық елдер жөнінде сөз қозғалады) қалыптасты. Соңғы жылдары Қазақстанда да әріптестік практикасы игерілуде.

Әлеуметтік әріптестік еңбек нарығындағы қатынастардың шартты сипатын сақтап, дамытады, алайда мұның өзінде осы нарықта бүкіл тарих жалғасында қалыптасқан шарттық қатынастардан сапасымен ерекшеленеді. Осы орайда әңгіме жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкердің ортақ ымыраға келуі жөнінде ғана емес, сонымен бірге осы мүдделердің ортақтығы тілге тиек етіледі. Осы бірігудің нәтижесінде экономика өседі және оның нәтижелері жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында бөлінеді. Әріптестіктің арқасында еңбек нарығындағы қатынастардың сипаты да өзгереді. Әлеуметтік әріптестік мүдделердің ортақтығын негізге ала отырып, өндірістің дамуына жұмыс беруші ғана, сонымен бірге қызметкер де мүдделі екенін білдіреді, демек олар осы дамудың жолын іздестіріп, ортақ мақсаттарын іске асыру үшін күш-жігерін біріктіру тиіс.

Әлеуметтік әріптестікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру «трипартизм» идеясына жол ашты. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік әріптестік мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер деп аталатын үш субъектінің өзара ықпалдасуымен қамтамасыз етіледі. Мемлекет жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында өтетін келіссөздерге міндетті түрде қатысады (келіссөз жүргізілген жағдайда үш жақты келісім жасалады). Ал егер мемлекеттік органдар келіссөзге тікелей қатыспағанның өзінде мемлекет кез келген жағдайда «ойынның ережесін» пысықтап, тиісті бағдарларды белгілейтін төрешінің де, сонымен бірге қол жеткізген келісімдердің кепілдігінің рөлін де атқарады.

Аталмыш келісімдер әр түрлі деңгейде, яғни жалпыұлттық, өңірлік, салалық, жекелеген фирма деңгейінде де жасалуы мүмкін. Бұл ретте қызметкерлердің атынан кәсіподақ немесе қызметкерлер мақұлдаған өкіл-қызметкерлер, ал жұмыс берушінің атынан - олардың одақтары немесе қауымдастықтары қатысады.

Әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру: жұмыспен қамту сапасын дамыту болып табылады.

62. Әр елдегі еңбектің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттау.

Американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысына ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ – тағыдан төмен бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы, Финляндия өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі – мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады. Жұмыссыдықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің бірнеше түрлерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизімі, оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге, мемлекет, қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты, әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет. Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамтамассыз етудің, жеке шараларын жүзеге асырады.Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойынына алады.

Дамыған шет елдерде жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады,ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция жағыдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 2010 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде, өндірістік емес саласы АҚШ пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.

Сол сияқты мемлекеттердің егде адамдарды зейнетақы мен қамтамасыз етуді қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. БҰҰ енгізген «экономикалық белсенді халық» санатына жалпы өндірістік және өндірістік емес саладағы еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді. АҚШ пен Канадада жұмыс орындарының қысқартылуын реттейтін арнайы ережелерінің көптеген түрлері бар және көп жағыдайларда олар екі объектіге бағытталған:

1) жұмыс орындарының үнемі қысқартылуына жол бермеу немесе азайту;

2) жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге кездесетін қиындықтарды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау.