
- •Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мәні және оның негізгі сипаттамалары.
- •Еңбек, адам мен қоғам тіршілігінің негізі ретінде.
- •Жұмыс күшінің ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныс еңбек нарығында қалыптасу механизмі.
- •11.Фирма жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыратын субъект.
- •12.Еңбектің әр түріне сұраныс
- •13 Экономкалық белсенді халық, оның негізгі сипаттамасы
- •14.Еңбек келісімін жасау және еңбек нарығын ұйымдастыру.
- •15.Мемлекеттік және жекке секторларды жұмыс күшін жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер
- •16.Ғылыми-техникалық прогресс және оның жұмыспен қамту процессіне әсері
- •17.Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуі.
- •19.Әлеуметтік еңбек қатынастардың түрлері, негізгі принциптері. Кедейшілік түсінігі
- •20.Еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың мәні мен принциптері.
- •Қр еңбек нарығының ерекшеліктері.
- •Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •Еңбек нарығы жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеуші ретінде.
- •Толық және тиімді жұмысбастылық.
- •Жұмысбастылық әлеуметтік мәселе ретінде.
- •Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Индустриалды инновацияны 2015 жылға дейінгі дамытуда.
- •Еңбек нарығында жалақының қалыптасуы.
- •Еңбек нарығында жалақы құрылымы мен деңгейі.
- •Жалақы туралы кәсіподақ пен кәсіпкерлердің ұжымдық келіссөз жүргізуі.
- •31.Еңбек нарығы институттары мен ұйымдардың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі.
- •32.Кәсіподақ әрекеттерінің мақсаттары мен маңыздылығы.
- •36.Жұмыссыздық деңгейіне әсер етуші факторлар (экономикалық әлеуметтік, демографиялық, құқық базасының жағдайы.
- •38.Шет елдегі жұмыспен қамту қызмет органдарының дамуына сипаттама.
- •39.Жұмыссыздықты қысқарту шаралары: кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстар.
- •40.Жұмыс күші ұсынысының сапалық өлшемдері : жұмысшылар қабілеті мен білімін ұштастыру.
- •Жұмыс күшінің тұтас ұсыныстарының шамасы:
- •Еңбек әдісі жасында халықтың жалпы саны (16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін);
- •Бос жұмыс орындары, олардың сенімділігі туралы статистикалық мәлімет.
- •Халық шаруашылығы салалары бойынша жұмыспен қамтылғандарды бөлу.
- •Еңбек және капитал факторлары, оларды модельді құруда есептеу.
- •Жұмыс орнына конкурс жариялау, оны өткізу жолдары.
- •Еңбек биржасы, оның қызметтері.
- •Жұмыс күшін жалдау мен іздеуде үш негізгі себеп (ақпарат, бос орын, ұйымдар орны)
- •Аймақтың біліктілік және кәсіптілік бірліктегі жұмыс күшін жалдау және іздеу процессінің үйлесімділігі.
- •Еңбеккерлердің ынталарын көтеру жолдары (мамандығын жоғарылату, жәрдем, білім т.Б)
- •61. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастар мәні.
- •62. Әр елдегі еңбектің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттау.
- •63. Жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды талдау.
- •64. Еңбек тәртібін құрайтын элементтерге сипаттамалар.
- •65. Өндірістің зиянды және қауіпті факторлар анықтамасы мен түсінігі.
- •66. Жұмыс орны анықтамасы мен жұмыс орнын жоспарлау кезеңдері.
- •67. Еңбек өнімділігі мен нәтижелігіне сипаттамалар.
- •68. Халықтың өмір сапасының көрсеткіштері.
- •69. Халық миграциясы: мәні, түрлері.
- •70. Еңбек мобильдігі: түсінігі, факторлары.
- •Миграцияның ішкі және сыртқы елге сипаттамалары.
- •Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •Еңбек тәртәбін нығайтатын шаралар мен жолдар.
- •Еңбектің шиеленушілік және қарқындылық факторлары.
- •Еңбек нарығын реттеу тетіктері мен олардың өзара байланыстары.
- •Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайлары.
- •Жастар еңбек нарығы, оның ерекшеліктері: ауылдық жерді көтеру мәселесіндегі жастардың маңыздылығы.
- •Зейнеткерлер еңбек нарығы, олардың мол тәжірибелерін пайдалану .
- •Әйелдер еңбек нарығы. Гендер мәселесі.
- •81.Кәсіптік еңбек нарығы, оны дамыту мәселесі.
- •82.Еңбекті басқарудың халықаралық деңгейі, олардың ерекшелігі.
- •83,84. Халықаралық еңбек ұйымының заңнамалық негіздері
- •Қ.Р. Еңбек туралы заңы.
- •86.Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. «Қазақстан 2050» стратегиясы.
- •87.Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.
- •88.Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуындағы шетелдік тәжірибелерді пайдалану.
- •89.Қ.Р. Аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.
- •90.Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»
Еңбеккерлердің ынталарын көтеру жолдары (мамандығын жоғарылату, жәрдем, білім т.Б)
Материалдық ынталандыру жүйесінде еңбекті бағалау үшін негізгі көрсеткіштер болып:өкілеттер тізімі немесе жұмыс орнының сипаты;еңбек өтілі немесе жасы;диплом (біліктілігі);мінез-құлықтық еңбектегі тәртіп;фирмаға адалдық;еңбекке қатынасуы;әлеуметтік мінез-құлқы. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәсіпорын басшылығы өтемақы жасайды, мысалы: жұмыскер құзыретінің шегіне байланысты еңбек өнімділігінің жеке қызметіне байланысты, ұжым өнімділігіне байланысты, жұмыскердің кәсіпорынды дамытуға байланысты, кәсіпорынның рентабельділігіне байланысты, жұмыскердің әлеуетіне байланысты болады. Шет елдерде еңбек ақыны төлеу сипаттамасында әрине көп тәжірибе жиналған. Жұмыс күшінің сапасының жоғары дәрежеде болуы келесі жағдайлар үшін керек:жұмыскерді жұмысқа алу үшін;жұмыс күштерін тұрақты аттестациялау;өндірісте жұмыс күшінің тұрақтылығы; кәсіпорында жақсы ұйымдасқан – техникалық, әлеуметтік, экономикалық жұмыс жағдайын құру үшін; - жұмыскердің мамандық біліктілігін тұрақты өсуін ынталандыру үшін. Жұмыскердің өсу тетігін нақты еңбек ақы төлеу, қосымша ақы мен төлемдер арқылы іске асырылады. Әсіресе, жұмыскердің кәсіпорыннан алатын қосымша пайда мөлшерлемелерінің маңызы зор. Мамандық дәрежесін тұрақты көтеруге ынталандыру үшін оқу-үйрену жүйесін қосымша, қосымша мамандықты игеру, мамандық жүйесін көтеруді қанағаттандырып отыру керек.
59.Халық табыстарының негізгі көздері мен түрлері.Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, әлеуметтік төлемақылар (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа төлемақылар), пайыздар, дивиденділер және меншіктен түскен басқа да табыстар, өзге де ақшалай түсімдер ретінде алынған ақшалай қаражаттардың сомасы Бұл бөлімде халықтың табыс көздеріне, оның құрылымына және үй шаруашылықтары тұратын елді мекен типіне және өңіріне байланысты мөлшеріне талдау жүргізілетін болады.
Халықтың табысы — жеке адамның немесе отбасының (үй қожалығының) белгілі бір кезең бойына (бір жылда немесе бір айда) алатын және тұтыну мен қорланымға жұмсалатын ақшалай және заттай түсімінің жиынтығы, яғни халықтың өз қажеттеріне жұмсайтын материалдық қаражаты. БҰҰ-ның жіктеуі бойынша Халықтың табысына азаматтардың түрлі табысы, соның ішінде капиталмен байланысты алыс-берістерінен, бұған қоса бейкорпоративтік кәсіпорындардың иеленушілері ретінде жүзеге асыратын алыс-берістерінен алатын табысы жатады. Халықаралық статистикада Халықтың табысы бастапқы табыс, меншіктен алынған табыс, ағымдағы трансферт, басқа да алынған игілік түрлеріне бөлінеді. Бастапқы табысқа жұмыскерлердің сыйақысы, өндірістік кооператив мүшелерінің табысы, бейкорпоративтік кәсіпорындардың жалпы кәсіпкерлік табысы жатады. БҰҰ сыныптамасы бойынша ақшалай және заттай нысандағы жалақы да, кәсіпкерлердің түрлі тұрпаттағы әлеум. және зейнетақылық сақтандыру жүйелеріне төлейтін жарналары да жұмыскерлердің сыйақысына жатқызылады. Меншіктен алынған табыста тұрғын үй иелерінің тұрғын үйлерге қатысты шартты түрде есептелген пәтерақысы, пайыз, дивиденд және рента қамтылады. Ағымдағы трансферт пен басқа да алынған игілікке әлеум. сақтандыру бойынша жәрдемақы, зейнетақы, өмірді сақтандыру бойынша төлем, басқа да ағымдағы трансферт, соның ішінде заттай трансферт те жатады. Аталмыш көрсеткіштердің қосындысы азаматтардың (үй қожалығының) жалпы табысы болып табылады. Одан тікелей салықтарды, әлеум. сақтандыруға, зейнетақы қорларына төленген жарналарды шегергеннен кейін азаматтардың (үй қожалықтарының) билігінде қалатын жалпы табыс құралады. Ол отбасы мен жеке адамның түпкілікті тұтынуы мен қорланымына жұмсалуы мүмкін. Халықтың табысы, сондай-ақ нақты және атаулы табысқа бөлінеді. Атаулы табыс — алынған табыстың ағымдағы бағамен есептелген ақшалай бағалануы. Нақты табыс — игіліктің мөлшерін көрсетеді, ол азаматтың немесе отбасының билігіндегі атаулы табысқа сатып алынады. Халықтың ақшалай табысының құрамында еңбектен түскен табыс басымдық алып отыр. Үй қожалықтарын зерттеу деректері бойынша олардың үлес салмағы 77%-ды құрады, оның 65%-ы жалдамалы еңбек табысы, 12%-ы дербес жұмыспен қамтылудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс.
60. Ең төменгі күн көріс деңгейі оны реттеу жолдары. Еңбекті сақтандыру. Қазақстан мемлекетінде ең төменгі еңбек ақы деген еңбек ақыны мемлекеттік реттеудің негізгі злементі болып саналады. Қазақстанда еңбек кодексі бойынша төменгі еңбек ақы бұл мемлекеттік кепілділік төлемақы. Еңбек ақының төменгі мәні төменгі тұтыну бюджетіне сүйене отырып үкімет орындарымен бекітіледі. Еңбек ақының төменгі мәнінің экономикалық сыры жұмыскердің жұмыс істеу мүмкіндігін, жұмыс күшін толықтыруға жағдай жасау. Төменгі еңбек ақының негізгі міндеті:
Жұмыс күшін толықтыру;
Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау.
Ұлттық тәжірибе мен талаптарды ескере отырып, Халықаралық еңбек ұйымдарының келісім шарты бойынша төменгі еңбек ақыны белгілеудегі негізгі факторлар келесі : жұмыскерлер мен оның отбасының қажеттілігі;экономикадағы қалыптасқан еңбек ақының орташа деңгейі; - еңбек өнімділігі мен тұрғындардың жұмыспен қамтамасыздандыру;елдің экономикалық өркендеуі;мемлекет бюджеті мен жұмыс берушілердің мүмкіндіктері;
Нарық экономикасы қалыптасқан елдерде төменгі еңбек ақыны қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені келесі факторларға әсер етеді: кедейшілік деңгейіне;олардың сатып алу мүмкіндіктерінің өсуіне; - шаруашылық субъектілердің бәсекелік жағдайының теңесуіне. Қазақстанда нақтылы еңбек ақының тұрақты төмендеуінен, еңбек ақы мен тұтынушы бюджетінің қатынасы нашарлауынан төменгі еңбек ақының жұмыс күшін толықтыру және әлеуметтік қорғау функциялары түгелдей жойылған. Бұл жағдай жұмыс күшінің арзандауына, жұмыскерді материалдық қорғауды төмендетіп жасырын жұмыс орындарының пайда болуын, кедейшілікті көбейтті. Төменгі еңбек ақы деңгейі Қазақстан Республикасының үкімет орындарының тұрақты бақылауында. Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеуде әртүрлі жағдайлар есепке алынады. Әсіресе, елдің экономикалық жағдайы басты назарға ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.
1996 жылға дейін ең төменгі еңбек ақы (ЕТЕА) мөлшері 300 теңгені ғана құраған. ЕТЕА термині отбасылық жәрдемақы, өтемақы, салықтар, алымдар, айыптар және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады. 1996 жылдан бастап жаңа коэффициент – айлық есептік көрсеткіш (АЕК) белгілеуде қолданылады. Төменгі еңбек ақы мен төменгі күн көріс деңгейінің бюджеті, төменгі тұтынушы бюджетімен қатынасы 1995-2004ж.ж. 14,4% және 8,9% болды және тұрақты түрде азайып отырған. Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбек ақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет: кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі; кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі; мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, аймақта арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі; кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері; байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.