Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать
  1. Еңбек және капитал факторлары, оларды модельді құруда есептеу.

Бip топ дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия) еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын.

Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды.

Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар - қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі- өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылық дәрежесі- ғылым мен техниканың даму деңгейі және оларды өндірісте қолдану- өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің дәрежесі- еңбек жиілігі, яғни кернеуі немесе еңбек жылдамдығы

табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)

  1. Пайданың максимализациясы мен шығындардың минимализациясы шаруаларын жүргізуде.

Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір таласты тудырады.

Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады. Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.

Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.

Қазіргі заманғы мемлекет тек қана оның экономикалық саясаты азаматтардың өмір деңгейі және сапасының өсуіне өзінің бағдары болу шартымен дамуы мүмкін екендігі туралы деректемені келтіруге болады. Адам капиталы теориясына сәйкес халықтың еларалық көші-қоны қоныстанушының болжанатын қоныстану ауданында оларды өзгерту мүмкіндігімен қолда бар өмір деңгейі және сапасын ұтымды салыстыруына және мұндай қоныс аударудан күтілетін пайданы бағалауына негізелген. Мемлекеттің азаматтарына өмірдің қанағаттанарлық деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі осылайша, «ми ағысы» нысанында теріс көші-қон теңгерімін қалыптастырады. Соңғысы ең алдымен, еңбек ресурстарының сапасында теріс көрініс табады және экономикалық өсу және экономиканың шикізат бағытынан кету перспективаларын болдырмауы мүмкін.

  1. Жұмыс орнына конкурс жариялау, оны өткізу жолдары.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі – жоғары техникалық немесе экономикалық, осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытудан өтіп, немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқытуларды (магистратура, бакалавриат) бітірген. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарды, осы қызметтің мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Дербес компьютерде жұмыс істей білуі. Мемлекеттік тілін білуі құптарлық.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш (1-қосымша);

2) белгіленген нысан бойынша сауалнама (2-қосымша);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрған жерінің мекенжайын және телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) жеке куәліктің нотариат растаған көшірмесі;

5) білімі туралы құжаттардың нотариат растаған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының (бар болған кезде) не еңбек қызметін растайтын өзге құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі;

7) белгіленген нысан бойынша денсаулықтың жай-күйі туралы анықтама;

8) мөлшері 3 х 4 сантиметр бір сурет.

Конкурсқа қатысушылар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағын тағайындау туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар).

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;

2) конкурстық құжаттардың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау мақсатында үміткерге тест жүргізу;

4) үміткерлермен әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстардың конкурсқа қатысушылар өз есебінен төлейді.