Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать

38.Шет елдегі жұмыспен қамту қызмет органдарының дамуына сипаттама.

Американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысына ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ – тағыдан төмен бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Жұмыссыдықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің бірнеше түрлерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизімі, оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге, мемлекет, қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты, әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет. Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамтамассыз етудің, жеке шараларын жүзеге асырады.Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойынына алады.

Дамыған шет елдерде жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады,ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция жағыдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 2010 жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде, өндірістік емес саласы АҚШ пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.

Сол сияқты мемлекеттердің егде адамдарды зейнетақы мен қамтамасыз етуді қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. БҰҰ енгізген «экономикалық белсенді халық» санатына жалпы өндірістік және өндірістік емес саладағы еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді. АҚШ пен Канадада жұмыс орындарының қысқартылуын реттейтін арнайы ережелерінің көптеген түрлері бар және көп жағыдайларда олар екі объектіге бағытталған:

1) жұмыс орындарының үнемі қысқартылуына жол бермеу немесе азайту;

2) жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге кездесетін қиындықтарды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау

39.Жұмыссыздықты қысқарту шаралары: кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстар.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің нақты бір бөлігінің еңбек нарығында талап етілмеуімен шартталған әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздықтың негізгі себептері:1) жаңа технологиялардың енгізілуі, жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуін тудыратын экономикадағы құрылымдық ығысулар; 2) жұмыс берушілерді барлық жұмыс ресурстрарындағы қажеттелікті төмендетуге апаратын экономикалық дағдарыс немесе тоқырау;

3) еңбек ақы төлеу саласындағы үкімет пен кәсіби одақтардың саясаттары,4) экономиканың нақты бір салаларындағы өндіріс деңгейіндегі маусымдық өзгерімдер;5) халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер және т.б. Жұмыссыздық проблеммаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Еңбек биржасы- ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу , сату ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме. Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау