
- •Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мәні және оның негізгі сипаттамалары.
- •Еңбек, адам мен қоғам тіршілігінің негізі ретінде.
- •Жұмыс күшінің ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныс еңбек нарығында қалыптасу механизмі.
- •11.Фирма жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыратын субъект.
- •12.Еңбектің әр түріне сұраныс
- •13 Экономкалық белсенді халық, оның негізгі сипаттамасы
- •14.Еңбек келісімін жасау және еңбек нарығын ұйымдастыру.
- •15.Мемлекеттік және жекке секторларды жұмыс күшін жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер
- •16.Ғылыми-техникалық прогресс және оның жұмыспен қамту процессіне әсері
- •17.Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының үйлесуі.
- •19.Әлеуметтік еңбек қатынастардың түрлері, негізгі принциптері. Кедейшілік түсінігі
- •20.Еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың мәні мен принциптері.
- •Қр еңбек нарығының ерекшеліктері.
- •Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •Еңбек нарығы жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеуші ретінде.
- •Толық және тиімді жұмысбастылық.
- •Жұмысбастылық әлеуметтік мәселе ретінде.
- •Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Индустриалды инновацияны 2015 жылға дейінгі дамытуда.
- •Еңбек нарығында жалақының қалыптасуы.
- •Еңбек нарығында жалақы құрылымы мен деңгейі.
- •Жалақы туралы кәсіподақ пен кәсіпкерлердің ұжымдық келіссөз жүргізуі.
- •31.Еңбек нарығы институттары мен ұйымдардың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі.
- •32.Кәсіподақ әрекеттерінің мақсаттары мен маңыздылығы.
- •36.Жұмыссыздық деңгейіне әсер етуші факторлар (экономикалық әлеуметтік, демографиялық, құқық базасының жағдайы.
- •38.Шет елдегі жұмыспен қамту қызмет органдарының дамуына сипаттама.
- •39.Жұмыссыздықты қысқарту шаралары: кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстар.
- •40.Жұмыс күші ұсынысының сапалық өлшемдері : жұмысшылар қабілеті мен білімін ұштастыру.
- •Жұмыс күшінің тұтас ұсыныстарының шамасы:
- •Еңбек әдісі жасында халықтың жалпы саны (16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін);
- •Бос жұмыс орындары, олардың сенімділігі туралы статистикалық мәлімет.
- •Халық шаруашылығы салалары бойынша жұмыспен қамтылғандарды бөлу.
- •Еңбек және капитал факторлары, оларды модельді құруда есептеу.
- •Жұмыс орнына конкурс жариялау, оны өткізу жолдары.
- •Еңбек биржасы, оның қызметтері.
- •Жұмыс күшін жалдау мен іздеуде үш негізгі себеп (ақпарат, бос орын, ұйымдар орны)
- •Аймақтың біліктілік және кәсіптілік бірліктегі жұмыс күшін жалдау және іздеу процессінің үйлесімділігі.
- •Еңбеккерлердің ынталарын көтеру жолдары (мамандығын жоғарылату, жәрдем, білім т.Б)
- •61. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастар мәні.
- •62. Әр елдегі еңбектің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттау.
- •63. Жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды талдау.
- •64. Еңбек тәртібін құрайтын элементтерге сипаттамалар.
- •65. Өндірістің зиянды және қауіпті факторлар анықтамасы мен түсінігі.
- •66. Жұмыс орны анықтамасы мен жұмыс орнын жоспарлау кезеңдері.
- •67. Еңбек өнімділігі мен нәтижелігіне сипаттамалар.
- •68. Халықтың өмір сапасының көрсеткіштері.
- •69. Халық миграциясы: мәні, түрлері.
- •70. Еңбек мобильдігі: түсінігі, факторлары.
- •Миграцияның ішкі және сыртқы елге сипаттамалары.
- •Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •Еңбек тәртәбін нығайтатын шаралар мен жолдар.
- •Еңбектің шиеленушілік және қарқындылық факторлары.
- •Еңбек нарығын реттеу тетіктері мен олардың өзара байланыстары.
- •Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайлары.
- •Жастар еңбек нарығы, оның ерекшеліктері: ауылдық жерді көтеру мәселесіндегі жастардың маңыздылығы.
- •Зейнеткерлер еңбек нарығы, олардың мол тәжірибелерін пайдалану .
- •Әйелдер еңбек нарығы. Гендер мәселесі.
- •81.Кәсіптік еңбек нарығы, оны дамыту мәселесі.
- •82.Еңбекті басқарудың халықаралық деңгейі, олардың ерекшелігі.
- •83,84. Халықаралық еңбек ұйымының заңнамалық негіздері
- •Қ.Р. Еңбек туралы заңы.
- •86.Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. «Қазақстан 2050» стратегиясы.
- •87.Қ.Р. Еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.
- •88.Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасуындағы шетелдік тәжірибелерді пайдалану.
- •89.Қ.Р. Аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.
- •90.Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»
32.Кәсіподақ әрекеттерінің мақсаттары мен маңыздылығы.
Экономикалық теорияда кәсіподақ қызметін талдағанда олар өз мүшелері үшін жалақы мен жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін жақсартуға ұмтылады деп ұйғарылады. Сондықтан кәсіподақтың пайдалылық функциясын төмендегідей көрсетуге болады:
U=U(W,N,W0)
Бұл жерде: W-кәсіподақ мүшелерінің жалақысы;
N-жұмыс істеп жүрген кәсіподақ мүшелерінің саны;
W0-еңбек нарыгының кәсіподақтан тыс секторындағы балама жалақы
Кәсіподақтың пайдалылық функциясының келесі төрт кездейсоқ оқиғасы болуы мүмкін:
-жалақыны барынша көбейту: U=U(W)
-кәсіподақ мүшелерін барынша көп жұмыспен қамту:U=U(N)
-барлық жұмыс істеп жүрген кәсіподақ мүшелерінің жиынтық жалақысын барынша көбейту: U=U(W,N)
-жұмыс істеп жүрген кәсіподақ мүшелерінің экономикалық рентасын барынша көп ету: U=U[(W-W0)*N]
Кәсіпорынның өндірістік күші өзімен жұмыс күшінің өзара әрекетін және өндіріс қаражатын ұсынады. Өз кезіндегі өндіріс қаражаты – бұл еңбек затының және еңбек қаражаттарының үйлестігі. Еңбек заттары бұл - еңбек қаражатын қолдану кезіндегі адам әрекеттерінің қорытындылары.
33.Жұмыссыздық экономикалық табиғаты. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің нақты бір бөлігінің еңбек нарығында талап етілмеуімен шартталған әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздықтың негізгі себептері:
1) жаңа технологиялардың енгізілуі, жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуін тудыратын экономикадағы құрылымдық ығысулар;
2) жұмыс берушілерді барлық жұмыс ресурстрарындағы қажеттелікті төмендетуге апаратын экономикалық дағдарыс немесе тоқырау;
3) еңбек ақы төлеу саласындағы үкімет пен кәсіби одақтардың саясаттары,
4) экономиканың нақты бір салаларындағы өндіріс деңгейіндегі маусымдық өзгерімдер;
5) халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер және т.б.
Жұмыссыздықтың келесі түрлерін бөліп көрсеткен:
1) фрикциондық жұмыссыздық - жұмысшылардың аймақтық, кәсіби және жастық ауыстыруларымен байланысты жұмыссыздық түрі. Бұл халықтың бір аймақтан екніші бір аймаққа, бір жұмыстан екінші жұмысқа орын ауыстыру кезінде және адам өмірінің қадамдарын өзгерту кезінде пайда болады;
2) құрылымдық жұмыссыздық – нақты бір аймақ немесе салалардың дамуымен тығыз байланысты. Осның өзінде, экономика саласындағы еңбектік артықшылығы, экономиканың басқа бір саласындағы еңбекке деген қажеттелікті тудырады. Құрылымдық жұмыссыздық жұмысшылардың біліктілігі нарық талаптарына жауап бермейтін адамдарды қамтиды және жұмыс орындардың құрылымы жұмыс күшінің құрылымына сәйкес келмейтін жағдайда пайда болады;
3) циклдік жұмыссыздық - экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Циклдік өсу кезінде төмендейді және дағдарыс кезінде өседі. Бұл жұмыссыздықтың түрі экономикалық өсу темптерінің төмендеуі кезінде және өндіріс көлемін қысқарту, өндіріс құлдырауы кезінде пайда болады;
4) мерзімдік жұмыссыздық - өндірістің және қызмет көрсетудің (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм) мерзімділігімен шартталған;
5) технологиялық жұмыссыздық – ҒТП байланысты, яғни өндірістің жаңғыртылуы немесе оңтайландыруы кезінде жұмыс орындар жойылған кезде пайда болады;
6) бүркемелі жұмыссыздық – кәсіпорындардың залалдылығы кезінде пайда болады. Бұл жұмыссыздықтың орны Кеңес үкіметі кезінде орын алған.
34.Жұмыссыздық мәселесі бойынша ғылыми теориялардың эволюциясы. Кеңес заманында жұмыссыздық мәселесі туралы қайта құру кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теориялық тұрғыдан , батыс елдер тәжірибесіне сілтеп , негативтік түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелері өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек , жұмыссыздық көрсеткіштері , жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиелінісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қактынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын.Оған себеп – осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу , алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқықтарын білмеуі және т.б. Екінші жағынан, халықтық жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін , ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.б. Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз – ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ , бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс.
35.Еңбек нарығы туралы ғылыми теориялармен тәжіребиелер (болжамдар). Еңбек нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық шарттарының негізінде тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу( мамандығына, саласына, кәсіпорындарға,территориясына қарай) және табысты, еңбекақы мөлшеріндые еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылауы мен тиімділік адам ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы,мемлекеттің экономикалық өсуі мен әлеуметтік әділеттілікке бірлее отырып, баршаға бірдей қамтамасыз етілуі керек.
Еңбек нарығы жұмыс беруші және жұмыскерлердің әрекетімен сәйкес қоғамдық қатынастардың жүйесін ұсынады. Еңбек нарығы түсінігіне әртүрлі анықтама беруге болады, яғни еңбек нарығы бұл:
1) еңбек нарығындағы жұмыс күшіне ұсыныс және сұраныс арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы;
2) әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қызығушылықтарының және функциялары қиылыстарының орны;
3) оның қызметкерлерінің өзара байланыстары (кәсіпорын позицияларымен).
Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;Демографиялық жарылыс;
Ақпараттық технологиялар.