Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать
  1. Жалақы туралы кәсіподақ пен кәсіпкерлердің ұжымдық келіссөз жүргізуі.

Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды «жауапты» кәсіпорын дейді.

Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайндау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:

1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы.

2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.

3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

31.Еңбек нарығы институттары мен ұйымдардың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі.

Нарықты экономиканың жеке секторларында ең басында құрылған стихиялық қатынастар уақыт өткен сайын ұйымдасқан сипатқа ие бола бастайды. Біздің пікірімізше, бұл жерде белгілі тәртіп қалыптасу тенденциясы көзге түседі. Еңбек нарығында қатынастар дамуы, сөзсіз, институттар мен ұйымдар пайда болуына итереді. Еңбек нарығы институтына нормативтік жарлық және де еңбек саласындағы қатынастардың ұзақ уақыт бойы болған үлгілеріжатады. Еңбек нарығы ұйымы дегеніміз жоспарланған және бірдей әрекет жасау үшін адамдарды белгілі мақсат бағытында біріктіру, мысалы, жұмыс берушілер одағы, кәсіподағы, еңбекті басқару органдары және т.б. Солармен бірге кейбір елдерде кәсіпорын кеңесін құрады: олар кәсіпорын уставы бойынша институт, ал кәсіпорын ішінде ұйым ретінде қарастырылады.. Еңбек нарығы институты мен ұйымдары объективті негізде пайда болады, өйткені олар әлеуметтік қатынасын үйлестіреді; жалақы деңгейін орнатуда және де жұмыс беруші мен жұмыс алушылар арасындағы келісім жасауға байланысты шығынды едәуір үнемдеуге көмектеседі. Қазақстанда әлеуметтік серіктестік ой мен принциптерін әлеуметтік еңбек қатынасын реттеу тәжірибесіне енгізу әрекеттері жасалынып жатыр. Әлеуметтік серіктестік дегеніміз еңбек қатынасының бір түрі; ол белгілі страт.мақсат бірлігін сезінгендіктен туады, келіссөз жүргізу арқасында ымыраға келіп, әртүрлі әлеуметтік топтардық мүдделерін оптимальдік балансқа келтіреді.