Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать
  1. Еңбек нарығы жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеуші ретінде.

Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін сатып алу жәие сату жетілген және жегілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты тендестіретін ерекше “баға тепе-теңдігі” орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.

Тұрақты жұмыссыздар қатарының болуы бір нәрсені ғана куәландырады, еңбек рыногында бәсекеге катысы жоқ факторлар бар, олар жалақының тепе-теңдік жағдайынан жоғары көтерілуін қалайды, соған итермелейді. Жоғарыда айтылғандар осы кезде еңбекшілердін біраз бөлігі жұмыссыздықтарды көбейтеді. Мұндай бәсекеге қатысы жоқ факторлардың барлығы мынадан көрінеді: соңғы он жылдықта жұмыссыздыктың көбеюі жалақының өсуіне әкелмеді және толық жұмыспен қамту жағдайы да болмады.

“Толық жұмысбастылық" ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.

толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “экономиканың өндірістік әлеуеті” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмыс- бастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз — оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.

  1. Толық және тиімді жұмысбастылық.

Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем, өйткені уақытшы жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек.

Тиімді жұмысбастылықты қамтамасыз етудің әдістемелік құралы – баланстық жүйе б. т, яғни еңбек ресурсы мен оны тиімді пайдалану балансы, еңбек балансы, жұмыс орнының балансы.

Тиімді жұмысбастылық – материалдың нәтежесі неғұрлым көп болатын еңбек күшін тиімді пайдалану.

Халықты толық жұмысбастылықпен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені. Жұмыс - бастылық деңгейін көтеру мен жұмыссыздықты қысқарту бойынша шаралар:

қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

жеке кәсіпкершілікті қолдау мен халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын ынталандыру шағын бизнесті ынталандыру;

жеткіліксіз мамандар бойынша професионалды дайындау және қайта дайындау;

жұмысбастылықты икемді формасын қолдану;

жаңа жұмыс орнын ашу негізінде еңбекпен қамтамасыз ету;

халықты жұмыс туралы ақпарат беру ваканциялар жәрмеңкесін өткізу т.б.