Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.29 Кб
Скачать

89.Қ.Р. Аймағындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың қазіргі жағдайын сипаттау.

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

 Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң  еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс

Жұмыссыздық әлемдегі  орталық  проблеммалардың  бірі болып  табылады. Және де ол бір жүйеден  екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

2011 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы  экономикалық  тұрғыдан белсенді  халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 3.0%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,1%.  Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 272,2 мың адамға (3,3%-ға) артты.

 Жалданып жұмыс  істейтіндердің негізгі үлесі  мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдарда  жұмыспен қамтылды – 81,4% (4,6 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі қызметін ауыл шаруашылығында (59,0%), сондай-ақ сауда саласында (21,3%),  көлік қызметін көрсетуде (6,4%) және құрылыста (6,1%) жүзеге асырды.

2012 жылғы IV тоқсанда  жұмыссыз ерлердің үлесі 43,3%, әйелдердің үлесі – 56,7% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 63,9 мың адамға (31,1%-ға) көп.    Жұмыссыздар ішінде жалпы  орта білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың  үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам)  құрады.2012 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы  кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2010 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.

2012 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2010 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.

2012 жылы жұмыспен  қамтылған  халықтың  арасында  ерлер саны 4,2 млн. адамды құрады, немесе 51,3%, әйелдер  – тиісінше 3,9 млн. адам және 48,7%. Барлық жұмыспен  қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 33,3% құрады.

90.Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудегі басымды бағыттары мен шешу жолдары. «Жол картасы 2020»

    Басты мақсат: адамның өз қабiлетiн iске  асыру және дамыту үшін құқықтар мен  мүмкіндіктерге ие болатындай лайықты  өмір сүруi үшiн жағдай туғызу.       Жұмыспен қамту саласындағы негiзгi мақсат халықты неғұрлым толық түрде өнiмдi жұмыспен қамту болып табылады. Бұл мақсат екi қосымша мақсатқа қол жеткiзудi: жұмыстан шығып қалу деңгейiн азайтуды; жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру деңгейiн арттыруды көздейдi.        Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мақсат халықтың кедейлiк деңгейiн азайтуға, қайыршылықты жоюға бағдарланған халықты әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру болып табылады.

    Экономикалық  жағынан  белсендi 7 миллионнан асатын халықтың 13,5%-ы жұмыссыз болып табылады. Алайда 6,1 млн. адамның жұмысқа қамтылуы әрдайым жеткiлiктi табыс деңгейi дегендi бiлдiре бермейдi. Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгiн, әсiресе бюджеттiк саладағыларды, табысы аздар деп батыл айтуға болады. Бюджеттiк саладағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшерi, әдетте, жұмыспен қамтылған халықтың еңбекақысының республикалық орташа деңгейiнiң 75%-ынан аспайды.  Жұмыспен  қамту және еңбек мәселелерiнде  заң жүзiнде бекiтiлген тұжырымды қағидаттардың болуы. Халықты жұмыспен қамтуды реттеу мен қамтамасыз ету проблемаларын орталықсыздандыру. Жұмыспен қамту саясатын жандандыру. Республиканың жекелеген облыстарындағы халықтың неғұрлым тұрмысы төмен жiктерiне шағын кредит беру тәжiрибесi.

    Мемлекеттiң  халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне ең аз мөлшерде көмек берiп отыруы жөнiндегi конституциялық мiндеттемелерiнiң  болуы. Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк  жәрдемақылардың  белгiленуi.Кедейлiк проблемаларын шешу қажеттiгiне атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнде бейiлдi болу және түсiнiстiкпен қарау.

    Yкiметтiң  әлеуметтiк қорғау, кедейлiкке қарсы  күрес жүйесiн жетiлдiру мәселелерi  бойынша  халықаралық  қаржы ұйымдарымен,  донор  елдермен  өзара жемiстi iс-қимылы.

«Жол картасы 2020»

Бағдарламаның мақсаты

 Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.