Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.29 Кб
Скачать

36.Жұмыссыздық деңгейіне әсер етуші факторлар (экономикалық әлеуметтік, демографиялық, құқық базасының жағдайы.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің нақты бір бөлігінің еңбек нарығында талап етілмеуімен шартталған әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздықтың негізгі себептері:

1) жаңа технологиялардың енгізілуі, жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуін тудыратын экономикадағы құрылымдық ығысулар;

2) жұмыс берушілерді барлық жұмыс ресурстрарындағы қажеттелікті төмендетуге апаратын экономикалық дағдарыс немесе тоқырау;

3) еңбек ақы төлеу саласындағы үкімет пен кәсіби одақтардың саясаттары,

4) экономиканың нақты бір салаларындағы өндіріс деңгейіндегі маусымдық өзгерімдер;

5) халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер және т.б.

Жұмыссыздық деңгейін (U), жұмыссыздар санын (V) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) болу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

U=V/L=V/ (V+E) E – жұмыс істеушілер саны.

Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша , мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл- мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады.

37.Қ.Р. мемлекеттік жұмыспен қамту қызмет органдары: құрылымы мен функциялары. Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының жұмыспен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл шаруашылығында төмендеді. Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және сапалық қолайсыз ұақытында өтті. Республиканың агрорлық секторындағы өндіріс көлемінің түсуі осы саладағы тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуіне қатты ықпал жасады. Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне орай кәсіпорынның еңбектік потенциалын сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық, сонымен бірге, есепке алуға және реттеуге көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің және көлеңкелі нарықтың кеңеюі сияқты арнайы құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрді.

Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға керекті басты бағыттарды анықтап берді:

-Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;

-Еңбектен босанған қызметшілерді санациялық шаралары мен босатылғандарды әлеуметтік қорғау үшін кәсіпорындарды реабилитациялау жолдарын біріктіре отырып реттеу;

-Еңбек етуге жарамды тұрғындардың кәсіпкерлік жинақтауларына жұмыссыз азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды кәсіптік оқып – үйретудің тиімділігін арттыру мен көлемін кеңейту жолымен көмектесу, босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету және қайта даярлықтан өткізуді іске асыру;

-Еңбек нарықтың нормативті- құқықтық инфрақұрылымын дамыту;

-Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды мемлекеттік кепілдік пен нормативтердің жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді қамтамасыз ету;

-Еңбек нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау;