
- •1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
- •18. Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.
- •20. Ұйым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
- •42. Қызметкердің өз лауазымына сәйкессіздігіне байланысты еңбек шартын бұзудың тәртібі.
- •72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
- •75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
- •76.Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
- •80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
- •81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
- •82.Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
- •83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
- •84. Уақытша жұмыс: ұғымы және сипаты.
- •87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.
- •88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.
- •89. Шетел азаматымен еңбек қатынастарына түсудің ерекшеліктері.
- •90. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квотаны анықтаудың тәртібі.
- •94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
- •95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
- •97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
- •98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны.
2.Еңбек құқығының пәні және жүйесі.
3.Еңбек құқығының тәсілдері.
4.Еңбек құқығының қағидаттары.
5. Еңбек құқығының қайнар көздері.
6. Жұмыс берушінің актілері: ұғымы, түрлері және сипаты.
7. Еңбек құқығының субъектілері: ұғымы, түрлері және сипаты.
8. Азаматтар - еңбек құқығының субъектілері.
9. Жұмыс беруші - еңбек құқығының субъектісі.
10. Еңбек қатынастары: ұғымы, түрлері және сипаты.
11. Еңбек қатынастарының пәні: ұғымы, түрлері және сипаты.
12. Еңбек қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқталу негіздемелері.
13. Еңбек қатынасының біржақты өзгертілу негізі.
14. Конституция еңбек құқығының негізгі қайнар көзі: ұғымы және сипаты.
15. Жұмыс берушінің актінің дайындалу тәртібі.
16. Сот шешімі негізінде еңбек қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздемесі.
17. Жұмыс беруші және меншік иесі: ұғымы, сипаты және арақатынасы.
18. Жұмыс берушімен, ұйым деңгейінде, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын құру қажеттілігі және тәртібі.
19. Ішкі еңбек тәртіп Ережесінің маңызы және сипаты.
20. Ұйым Жарғысының ішкі нормативтік акт ретінде маңызы.
21. Әлеуметтік әріптестік негізінде туындайтын еңбек қатынастарының сипаты.
22. Әлеуметтік әріптестік институты: ұғымы және сипаты.
23. Әлеуметтік-әріптестік туралы келісімдер: ұғымы, түрлері және сипаты.
24. Еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық шарттың маңызы.
25. Ұжымдық шартты жасау, бекіту және өзгерту тәртібі.
26. Халықты жұмыспен қамтудың нысандары.
28. Жұмыспен қамтылған азаматтар: ұғымы, санаттары (шеңбері) және сипаты.
29. Адамды, азаматты жұмыссыз деп танудың негіздемесі.
30. Жұмыссыз деп танылған азаматқа таралатын кепілдіктер.
31. Жұмыссыздыққа жол бермеумен байланысты айқындалған мемлекеттік саясаттың бағыты: құқықтық негіздемесі.
32. Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
33. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібі және құқықтық негіздемесі.
34. Еңбек шарты: ұғымы, түрлері және сипаты
35.Еңбек шартының мерзімі, жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімін белгілеудің тәртібі.
36. Еңбек шартын жасау тәртібі.
37. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасау ерекшеліктері.
38. Басқа жұмысқа тұрақты не уақытша ауыстырудың негіздемесі.
39. Еңбек шартын бұзудың негіздемелері.
40. Қызметкердің өз еркі бойынша еңбек шартын бұзудың тәртібі.
41. Ұйымның қайта құрылуы не жойылуына байланысты қызметкерлермен еңбек шартын бұзудың тәртібі.
42. Қызметкердің өз лауазымына сәйкессіздігіне байланысты еңбек шартын бұзудың тәртібі.
43. Қызметкердің өз міндетін қайталап орындамағаны үшін еңбек шартын бұзу тәртібі.
44. Қызметтік міндеттерін өрескел бұзғаны үшін қызметкермен еңбек шартын бұзудың ерекшеліктері.
45. Қызметкердің бірнеше рет тәртіптік жазаға тартылғаны үшін еңбек шартын бұзудың ерекшелігі.
46. Қызметкерді жұмыстан шеттетудің негіздері және тәртібі.
47. Еңбек шартын бұзу мен уақытша тоқтатудың негіздері.
48. Жұмыс уақыты: ұғымы, түрлері және сипаты.
49.Түнгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс уақыты.
50. Жұмыс уақытының режімі.
51. Демалыс уақыты: ұғымы, түрлері және сипаты.
52. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі.
53. Жылдық еңбек демалысынан, уақытынан бұрын, қызметкерді шақырып алу тәртібі.
54. Жалақы төлеудің орны.
55. Жалақы төлеудің жүйесі, көлемі және түнгі уақытқа жалақы төлеу ерекшелігі.
56. Жалақы және негізгі жалақы: ұғымдары және сипаты.
57. Кепілдікті және үстемақы төлемдер: ұғымдары және сипаты.
58. Қызметкерді марапаттау шаралары: ұғымы, түрлері және сипаты.
59. Тәртіптік жауапкершілік: ұғымы, түрлері және сипаты.
60. Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздемелері және тәртібі.
61. Материалдық жауапкершілік: ұғымы, түрлері және сипаты. Материалдық жауапкершіліктің азаматтық құқықтық жауапкершіліктен айырмашылығы.
62. Жұмыс берушінің мүлкіне келтірілген зиянды өндірудің тәртібі.
63. Қызметкердің мүлкіне, денсаулығына келтірілген зиянды жұмыс берушімен өндірудің негіздемелері және рәсімі.
64. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздемелері.
65. Өндірісте орын берген келеңсіз жағдайларды есепке алу және оларды тергеп-тексерудің тәртібі.
66. Еңбек қауіпсіздін қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды және қадағалауды іске асыратын органдар. Уәкілетті органның ұғымы.
67. Жеке еңбек даулары: ұғымы, түрлері және сипаты.
68. Жеке еңбек дауларын шешуді жүзеге асыратын органдар және олардың мәртебесі.
69. Ұжымдық еңбек дауы: ұғымы, түрлері және сипаты.
70. Ұжымдық еңбек дауын қараудың және шешудің тәртібі мен рәсімі.
71. Ұжымдық дауды жұмыс берушімен қарау мерзімі.
72. Ұжымдық дауды еңбек арбитражымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
73. Ұжымдық дауды бітімгершілік комиссиясымен қараудың тәртібі мен мерзімі.
74. Ұжымдық және жеке еңбек дауын сот өндірісі тәртібінде қараудың ерекшеліктері.
75. Еңбекке ақы төлеуде мемлекеттік кәсіпорын басшысының өкілеттілігі.
76. Мемлекеттік қызметшімен азаматтық қызметшінің айырмашылығы және олардың құқықтық жағдайы.
77. Мемлекеттік қызметшілермен теңестірілген лауазымды тұлғалар.
78. Лауазымды тұлға және жауапты қызметкер: ұғымдары және олардың айырмашылықтары.
79. Тиісті саладағы уәкілетті органның келісімімен, мемлекеттік кәсіпорынға қатысты, басшылық қызметке тағайындаудың талаптары және тәртібі.
80. Еңбек және азаматтық заңнамаға сәйкес ұйымды қайта құрудың ұғымы.
81. Ұйымның қайта құрылуы кезінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері.
82. Ұйымның жойылуы кезеңінде еңбек қатынастарының реттелу ерекшеліктері: қызметкерлерге таралатын кепілдіктер.
83. Жеке кәсіпкермен еңбек шартын жасасудың ерекшелігі.
84. Уақытша жұмыс: ұғымы және сипаты.
85. Жұмыспен қамтуды іске асыратын органдар.
86. Штаттық кестенің қысқаруына байланысты қызметкерлерді алдын ала ескерту мерзімі және төленетін өтемақы мөлшері.
87. Қызметтен шеттетілген жағдайда қызметкердің жалақысының сақталу негіздемесі.
88. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызметкерге тәртіптік жаза қолданудың негіздемесі және рәсімі.
89. Шетел азаматымен еңбек қатынастарына түсудің ерекшеліктері.
90. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квотаны анықтаудың тәртібі.
91. Ішкі еңбек нарығына қатысты айқындалатын жігерлі халықтың құрамы.
92. Еңбек нарығында жігерсіз деп танылатын халық.
93. Шетел еңбек күшін ішкі нарыққа тартуда белгіленетін квота: ұғымы және сол квотаны бекітетін орган.
94. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру: ұғымы, деңгейлері және олардың сипаты.
95. Еңбек стандарттары: ұғымы, қайнар көздері және негізгі қағидаттары.
96. Халықаралық Еңбек Ұйымының, халықаралық ұйым ретінде, сипаты.
97. Еңбек жарақаты: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
98. Кәсіби науқастық: ұғымы, сипаты және рәсімдеу тәртібі.
99. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығын анықтаудың және рәсімдеудің тәртібі және құқықтық негіздемесі.
100. Кәмелет жасына толмаған азаматтармен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері.
1.Еңбек құқығының түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне жалданбалы еңбеқ. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы – бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттеп отыратын құқық саласы болып табылады.
2. Еңбек құқығының пәні және жүйесі. Еңбек құқығының пәні жұмыс күшін қоғамдық өңдіріске тартумен, еңбекті ұйымдастырумен және оның жағдайын белгілеумен байланысты туындайтын еңбек қатынастары болады. Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: 1) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар. 2) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар. 3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. тандай алады. 4) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. 5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты. 6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты. 7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. 8) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады. Еңбек құқығының жүйесі –құқықтың осы саласының құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды.
3. Еңбек құқығының тәсілдері. Еңбек құқығының мынандай тәсілдері бар: 1) мемлекеттік орталықтандырылған еңбек қатынастарын реттеу тәсілі; 2) шартты түрде реттеу тәсілі; 3) кәсіпорын, ұйым, мекеменің деңгейінде нормативтік актілер және басқа да құқықтық актілер маңызы бар қабылдау негізінде еңбек қатынастарын реттеу тәсілі - еңбек заңнамасына Конституциядан, Еңбек кодексінен басқа да салалық заңнамадан, Үкімет қаулыларынан, ҚР Презилентінің жарлық күші бар жарлықтарынан, уәкілетті мемлекттік органдардың бұйрықтарынан, аумақтық деңгейде әкімдермен, маслихаттармен өабылданатын шешімдер, ҚР Конституциялық Кеңесінің шешімімен, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан тұрады.
4. Еңбек құқығының қағидалары. Қағидаттардың сақталуы еңбек құқығы нормаларының дұрыс қолдануының, еңбек қатынастарын реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру процестеріне парапар болуға тиіс. «Принцип» ұғымы адамдардың жүріс-тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді. Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы қағидаттар өздерінің мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық бағыты жағынан алғанда бір мағыналы емес. Олар жалпы (салааралық), салалық және еңбек құқығының жекелеген институттарының қағидаттары болып бөлінуі мүмкін. Салааралық қағидаттар еңбекті және тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық реттеудің базалық қағидаттары болып табылады. Оларды ҚРның Конституциясында бекітуі олардың жалпы ортақтық сипатын білдіреді. Жалпы қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады: заңдылық, азаматтардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу; қоғам пікірін ескеру және жариялылық; халықаралық қарым-қатынас. Салааралық қағидаттар салалық құқықтық нормаларда нақтыланады. Еңбек құқығына байланысты мына қағидалар салалық болып саналады: еңбек шартының бостандығы, еңбек міндетінің айқындығы; еңбек құқығының бірлігі және жіктелуі; еңбек жағдайының қауіпсіздігі, еңбек ақының заңда белгіленген мөлшерден аз болмауы және т.б.
5. Еңбек құқығының қайнар көзінің түсінігі мен түрлері. Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер сол актілердің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, онда ресми түрде жарияланган сəттен бастап он күннен кейін занды күшіне енеді. 2) ҚР Парламентіның қаулылары - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді. 3) ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді. 4) Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың, атап айтсақ, ҚР Жоғаргы сотының, Ұлттық банктің, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, оларды ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күннен соң занды күшіне енеді. ҚР-ның нормативтік-құкыктық актілерінің күші бүкіл республика аумағына таралады. Республика аумағы деп мемлекет егемендігіндегі құргақ жер, аумақтық сулар, ішкі сулар жəне əуе кеңістігін айтамыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағына дипломатиялык елшіліктердің, өкілдіктердің аумағы, Қазақстанның əуе, су кемелері жатқызылады. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің занды күші тиісті территорияға гана таралады. Еңбек құкығының локальды қайнар көздерінің күші ұйым, мекеме, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады. Əлеуметтік əріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады.
6. Жұмыс берушінің актілері: ұғымы, түрлері және сипаты. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.
7. Еңбек құқығының субъектілері. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс ісиейиін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сəйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне мемлекетті кəсіпорындар деп бөлуге болады. Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кəсіптік одақ ұйымдарының мəртебесі белгіленген заңнамада кəсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен əрекет қабілеттілігі, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мемкемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тəртіп бойынша құрылады.
8. Еңбек құқығының субъектілері ретінде – азаматтар. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар, ұйымдар, еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі келесі негізгі элементтерден тұрады. 1. Еңбекке құқық қабілеттілігі; 2. Негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер; 3. Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы кепілдіктері; 4. Еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік; Негізгі статуттық еңбек құқықтары мен міндеттері; а) Еңбек тəртібін сақтау міндеті; б) Еңбек нормасын орындау міндеті; в) Сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті; Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік – техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Азаматтарда еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттілік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде ғана таниды. Еңбек заңнамасына сəйкес он алты жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда он бес жастағы, кейде он төрт жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі.
9. Жұмыс беруші - еңбек құқығының субъектісі. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.
10. Еңбек қатынастары: ұғымы, түрлері және сипаты. Еңбек қатынастары – ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. ҚР-ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбек қатынастарының мазмұны, бір жақ ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып белгілі бір лауазым, кәсіп бойынша жұмыс орындауға міндетті, ал екінші жақ еңбекақы төлеуді, еңбек жағдайын қамтамасыз етуді өз міндетіне алады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында туындайтын қатынастардың мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері: - еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, бұзуға; -жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарт талаптарын сақтауды талап етуге; - еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға; -уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;- тынығуға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына; -бірігуге; -кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге, өз біліктілігін арттыруға; -еңбек мінд-рін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге; - кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне; т.б-ға құқылы. Қызметкер:- еңбек міндеттерін еңбек ш-на, ұжымдық ш-қа, жұмыс беруші актілеріне сәйкес орындауға; - еңбек тәртібін сақтауға; -жұмыс берушінің және өзге мүлікке ұқыпты қарауға; -еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мме-к құпияны, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге; - жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеуге т.б. міндетті. Жұмыс беруші: - қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, бұзуға; - жұмыс берушінің актілерін шығаруға; - бірлестіктер құруға және оларға кіруге; - қызметкерлерден еңбек тәртіптемесі ережелерін орныдауды талап етуге; -қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға, қызметкерлерді көтермелеуге т.б. құқылы. Жұмыс берушінің міндеттері: - ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға; -қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; - жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; -қызметкерлерді жабдықпен, құралмен, өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етуге; - қызметкерді міндетті әлеуметтік сақтандыруға; -қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге; -қызметкерлердің кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуін және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; т.б. міндетті.
11. Еңбек қатынастарының пәні: ұғымы, түрлері және сипаты. Еңбек құқығының негізгі қатынастары- жұмыс берушінің қызметкердің еңбекке қабілетін пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: а)еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижемен аяқталмайды, яғни еңбек қатынастары – бұл ұзаққа созылатын қатынастар; ә)еңбек қатынастары-бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін,ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар; б)еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі б.т.,яғни еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. таңдай алады; в)қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді; г)еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен-еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байл.; д)мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байл.; е)жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады; ж)қызметкерге оны жұмыстан босыту жөнінде бұйрық жарияланган және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
12. Еңбек қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқталу негіздемелері. Еңбек құқы қатынастарының туындауының өзіндік ерекше негіздемесіне еңбек шарты жатады. Еңбек шарты екі жақты заң актісі, оның негізіне тараптардың еңбек құқық қатынастарын тудыру мақсатында өз еріктерімен келісулері жатады. Еңбектік құқық қатынастары басқа да жағдайларда туындайды. М/ы: тағайындау, конкурс, сайлау негізінде. Тиісті мем-к органның басшысының қызметкерді жұмысқа қабылдауы (тағайындауы); мемлекеттік қызметтің бос әкімшілік қызмет орнына конкурс бойынша алу; Сайланбалы қызмет бойынша еңбек құқық қатынастары туындау үшін сайлау актісі қажет. Бұл көрсетілген жағдайлардың барлығында да тағайындау, конкурс не сайлау актісінен бұрын адамның сол қызметті атқаруға келісімі керек. Еңбек құқы қатынастары басқа кәсіпорыннан шақыру тәртібінде ауысқан қызметкермен де туындайды. Еңбек құқық қатынастарының өзгеруі жақтардың келісімі арқылы да болуы мүмкін. Еңбек құқық қатынастарын өзгерту туралы ынта жұмыс беруші тарапынан шықса, онда қызметкердің келісімі керек. Ал, егер қызметкер тарапынан шықса, онда жұмыс берушінің келісімі керек. Еңбек құқық қатынастарының өзгеруі біржақты тәртіпте – қызметкердің көңіл білдіруі жағдайында да кездеседі. М/Ы: екіқабат әйел медициналық қорытындыға сәйкес, ауыр және зиянды жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылады. Жақтардың келісімі, қызметкердің бастамасы, жұмыс берушінің біржақты көңіл білдіруі т.б. еңбектік құқық қатынасарының тоқтауына негіз болады. Еңбектік құқық қатынастарын тоқтату туралы шешімге келген қызметкер үшін ешқандай қосымша жағдайлар қажет емес. Ал, жұмыс берушінің өз ынтасымен еңбектік құқық қатынастарын тоқтата алатын негіздер заңнамада көрсетілген.
13.Еңбек қатынасының біржақты өзгертілу негізі. Еңбек қатынастары жұмыс берушімен қызметкер арасында еңбек шарты негізінде п.б.Еңбек шарты -қызметекр мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім,бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға,еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге,еңбек кодексінде ҚР заңдары мен өзге де норм/құқықтық актілерінде,ұжымдық шатта,жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге,қызметкерге уақтылы ж/е толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады ж/е оған тараптардың қолдары қойылады.Бір данасы қызметкерде,ал екіншісі жұмыс берушіде сақталады.Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.Еңбек шартына,оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде,өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар жазбаша нысанда жүзеге асырады.Еңбек шартының талаптарын өзгерту тур.ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді ж/е екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам н/е орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды.
14. Конституция еңбек құқығының негізгі қайнар көзі: ұғымы және сипаты. Енбек құқығының қайнар көздері деп енбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді: 1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР-ның Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сəйкес келуге тиіс. 2. Еңбек кодексі жəне соған сəйкес қабылданған заңдар жəне ҚР Президентінің жарлыктары; 3. ҚР Президентінің жарлыктары; 4. ҚР Үкіметінің қаулылары; 5. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары; 6. ҚР Жоғаргы Сотының нормативтік қаулылары; 7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері; 8. Жергілікті мəслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері; 9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер; 10. Жұмыс берушінің актілері. ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер сол актілердің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, онда ресми түрде жарияланган сəттен бастап он күннен кейін занды күшіне енеді. 2) ҚР Парламентіның қаулылары - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап занды күшіне енеді. 3) ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді. 4) Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың, атап айтсақ, ҚР Жоғаргы сотының, Ұлттық банктің, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері - егер актілерде өзгеше көрсетілмесе, оларды ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күннен соң занды күшіне енеді. ҚР-ның нормативтік-құкыктық актілерінің күші бүкіл республика аумағына таралады. Республика аумағы деп мемлекет егемендігіндегі құргақ жер, аумақтық сулар, ішкі сулар жəне əуе кеңістігін айтамыз. Сондай-ақ Қазақстан аумағына дипломатиялык елшіліктердің, өкілдіктердің аумағы, Қазақстанның əуе, су кемелері жатқызылады. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің занды күші тиісті территорияға гана таралады. Еңбек құкығының локальды қайнар көздерінің күші ұйым, мекеме, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады. Əлеуметтік əріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында крлданылады.
15. Жұмыс берушінің актінің дайындалу тәртібі. Жұмыс беруші – қызметкерлермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға д.а. Заңды тұлғалар коммерциялық, ком-қ емес ұйымдар болуы мүмкін. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқық субъектілікке әділет органдарында тіркелгеннен кейін ие болады. Филиалдакр да еңбек құқық субъектілікке ие. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі мен мөлшерін, басқа табыстарды да дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен стандарттарды, еңбекке ақы төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекітілген жағдайларын орнатқан заңнаманы орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілген нормаларды қызметкерлердің жағдайын тек қана жақсарту жағына өзгерте алады. Жұмыс беруші заңды тұлға өзінің еңбек құқығы субъектілігін ұйымның таратылу кезінде жоғалтады. Жұмыс беруші (жеке тұлға) – жеке кәсіпкердің еңбек құқығы субъектілігі жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылады.
16. Сот шешімі негізінде еңбек қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздемесі. Жалпы еңбек қатынастынастары дегеніміз – ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.Сот шешімі негізінде еңбек қатынастарының пайда болу негіздері: егерде қызметкер еңбек жасына толмаған жағдайда, оған сот шешімі арқылы жұмыс істеуге рұқсат етілген жағдайда еңбек қатынасы пайда болады. Сот шешімі негізінде еңбек қатынастарының өзгеруі егерде жұмыс берушімен қызметкердің арасында еңбек шартына өзгертулер еңгізу кезінде түсініспеушілік пайда болған жағдайда сот шешімі арқылы өзгертулер енгізіледі. Егерде мынадай мән-жайлар орын алса: 1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде; 2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп танылған жағдайда соттың үкімінің немесе шешімінің негізінде еңбек қатынасы тоқтатылады.
17. Жұмыс беруші және меншік иесі: ұғымы, сипаты және арақатынасы. Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс берушң ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Еңбек құқығынң субъектілері ретінде жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне мемлекетті кəсіпорындар деп бөлуге болады. Бұл ұйымдардың еңбек құқық субъектілігі олар мем/к тіркеуден өткен ж/е заңнамада көзделген жағд/да лицензия алған сәттен бастап туындайды.Барлық ұйымдардың қызметі Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүз.асырылады. Жұмыс берушінің :1)жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 2)қызметкерлермен еңбек шартын Еңбек кодексінде козделген тәртіппен және негізднр бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 3)өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар; 4)өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге; 5)қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актіларінің орындалуын талап етуге; 6)Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіп жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға; 7)еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтеуге; 8)еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге құқылы.