Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporra_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
89.57 Кб
Скачать
  1. Ұйымдастырушылық мінез-құлық мәні және заманауи кезінде даму ерекшеліктері

ҰМҚ-бұл ұйымдағы адамдардың мінез-құлқын зерттеу және осының мәнінде алған білімді тәжірибеде қолдану.ҰМҚ зерттеулері адам еңбегінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.ҰМҚ мақсаты еңбек үдерісінде әр түрлі жағдайда пайда болатын адамның мінез-құлқын жүйеге келітірп,сипаттау,белгілі жағдайда жеке адам қылығының себептерін түсіндіру,қызметкердің болашақтағы мінез-құлқын болжамдау.еңбек үдерісінде адамдарыдң мінез-құлқын басқару дағдыларын игеру және оны жетілдіру.ҰМҚ мульти пән болып табылады, ол психология социология ұйым теориясы т.б пәндердің әдісі мен қағидасын қолданады.

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасында болып жатқан өзгерістер,ұйымның даңа түрлерінің,жаңа парадигмалардың ж\е адамның м-құлқы туралы білімдердің пайда болуы заманның талаптарына сай болатын ұмқ-ның жаңа моделдерін өңдеу ж\е жүзеге асыруды қажет етеді.Жаңа моделдерде серіктестік,командалық жұмыс,қызықтыру,өзін-өзі бақылау,жоғары дәрежедегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бейімделу,өзін-өзі көрсету, идеяларды іске асырылады. Заманауи ұйымдардың сыртқы ортасы күрделіліктің, белгісіздіктің жоғары деңгейімен сипатталады. ҰМҚ-ға оның әсері күшті, сондықтан ол үнемі ұйымдастырушылық өзгерістерді қажет етеді. Ұйымның сыртқы ортадағы мінез-құлқын зерделеу, ҰМҚ мәселелерін ұйымдастырушылық деңгейге ары қарай өңдеу, бейімделу, өзара әрекеттесу, сыртқы ортаға әсер ету көзқарастарымен әдістерін табу қажеттілігін арттырады.

  1. Индивидтің мінез-құлқының қалыптасуында қабылдаудың мәні мен маңызы. Қабылдау қасиеті мен үдерісі.

Қабылдау- адам қоршаған ортаның элементтері ж\е құбылыстарына мән беретін маңызды ж\е күрделі жанама когнитивті үдеріс. Қабылдау арқылы жеке тұлға қабылдау әлеміндегі сезілетін ынталарды қабылайды. Қабылдау адамның 5 мүшесі арқылы: көру, есту, дәм сезу, түйсіну, іс сезімі арқылы орындалады. Қабылдаудың 6 қасиеті бар: заттылық, құрылымдылық, белсенділік, апперцептивтілік, контексттілік, саналылық. Заттылығы- нақты заттырдың жеке бүтін бейнесі ретінде бейнелеу қабілеттілігі.

Белсенділігі- біздің санамызда белсенді белгілейді. Апперцептивтілігі- психикалық өмірдің жалпы мазмұнынан тәуелділігі, ақыл- ой үдерісінің белсенділігін білдіреді.

Құрылымдығы- қабылдау көп жағдайда біздің бір мезеттік сезіміміздің бейнесі емес ж\е оның қарапайым сомасы емес.

Контексттілігі- қабылдаудың жағдай арқылы анықталатындығын білдіреді.

Саналылығы- затты не ақпаратты саналы түрде қабылдау.

Қабылдау үдерісі- бұл күрделі интерактивті үдеріс. Ол бірнеше сатылардан тұрады: тіркеу, селекциялау, ұйымдастыру, әртүрлі ынталандыруларды мағыналы ж\е логикалық жүйелілік әлем бейнесіне психологиялық тәжірибемен категоризациялау, сақтау, түсіндіру. Қабылдау үдерісінің жалпы сызбасы:

1. ынталандыруларды бақылау

2. ынталандыруларды талғап алу

3. ынталандыруларды ұйымдастыру

4. ынталандыруларды түсіндіру.

  1. Әлеуметтік қабылдаудың бұрмалануы. Атрибуция теориялары мен қателіктерінің себептері

Жұмыс ортасында қабылдау үдерісінің кез келген бөлігіндегі дәлсіздіктерден пайда болатын қабылдаудың бұрмалануы ерекше мағынаға ие. Қабылданудың бұрмалану себептері психиканың іргелі себептерінде түбірленуі болып табылатын өзіндік қателіктер, эффектілер ж\е маңызды заңдылықтары болып табылады. Ореолдың эффектісі- тұлғаарлық перцепцияның барлық қателіктері арасында аса танымал болып табылады. Адам жайлы жалпы жақсы пікір сонымен бірге позитивті ретінде қабылданатын оның белгісіз қасиеттерін бағалауға да алмастырылады. Жүйелілік эффектісі біріншілік эффект ретінде тұлға туралы алғашқы ақпаратты аса бағалау тенденциясынан оны белгілеуден келешекте кейіннен түскен ақпаратқа қатысты жоғары тұрақтылықтан тұрады. Жүйелілік эффектісі жаңалық эффектісі ретінде бейтаныс адамды қабылдауға емес ілдеқашан таныс адамды қабылдауға жатады. Жүйеліліктің соңғы 2 эффектісі стереотиптеу эффектілері тобына жатады. Стереотип ұғымы адамадрдың жеке ерекшеліктері жайлы аса жалпыланған, өте қарапайым, тұрақты түсінікті білдіреді. Рқөл эффектісі- адамның өзінің жеке ерекшеліктерін, рөлдік функцияларымен бірге анықталатын, оның мінез құлқын ажырата білген жөн. Қатысу эффектісі- егерде адам қандайда бір қызметтің дағдыларын тиімді пайдаланса, онда ол оны айналадағылардың көзінде жалғыздыққа қарағанда, жақсырақ орындайды. Аванстау эффектісі- адамға онда жоқ абыройларды есептеп кейннен оның жағымды көрінісі туралы тепе-тең емес қалыптасқан,оның м-құлқын байқап отырып, көңлі қалу да кқрініс табады. Кішіпейілділік эффектісі- асшының бағыныштыларды әлі өзгереді деген пікірмен жағымсыздықты бағаламаудан тұрады.

Атрибуция- адамның м-құлқына не себепші болуы туралы пайымдау. Кузальды атрибуция ұғымын енгізген, зерттеген Ф.Хайдер. каузальды атрибуцияға сәйкес адамның басқалардың м-құлқын қабылдауды айтарлықтай осы м-құлыұқтың себебі деп нені санайтындығымен анықталады. диспозициялық атрибуция- оның мінез құлқына әсер еткен индивидтің мінездемесіне ерекше көңіл аударады. Жағдайлық атрибуция- сыртқы ортаның м-құлыққа әсеріне ерекше көңіл бөледі. Атрибуцияның қателігі анықталған: атрибуцияның негізгі қателігі ж\е өз пайдасына бұрмалау. Атрибуцияның негізгі қателігі кімнің де болсада м-құлқы туралы пікір білдірер кезінде ситуациялық әсерді бағаламау, жеке фокторларды асыра бағалау тенденциясы. Атрибуцияның іргелі қателігінің пайда болу шарттары мыналар болып табылады: жалған келісім( өз мінез құлқын асыра бағалау,ол бақылаушы өзінің көзқарасын тек қана дұрыс деп санауы.) ,тең емес мүмкіндіктер(рөлдік ұстанымды есепке алмау), болмаған жағдайдың ақпараттық құндылығын елемелеушілік(ақпаратқа немқұрайлы назар аудармау), пікірге қарағанда дәйектерге көбірек сену(фигура фон қабыладауы болады), бақылау локусы(адамның жауапкершілігі кімге жүктелетінін анықтайды) т.с.с атрибуцияның 2-ші қателігі- өз пайдасына бұрмалау нашар орындалған жұмыс үшін жеке жауапкершілігін мойындамау, бірақ табысты жұмыс үшін жауапкершілікті өзіне алу тенденциясында көрінеді.Атрибуцияны заңын,негізгі атрибуциялық қателікті білу менеджер үшін тиімді,өзінің қызметкерлерін қабылдауды дұрыс түзетуге мүмк береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]