Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Киматов Арслан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
21.25 Кб
Скачать

5. Саяси жүйені жіктегенде қандай өлшем қолданылады?

Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортак пікір жок. Олар бұл мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыкка алып (өндіріс тәсілінің және қоғамнын таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.

Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялык деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлык саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдыкөмірдің барлық саласын өзінін бакылауына алады. Авторитарлықсаяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдартобы шексіз билікке ие болады.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқа-рудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тск бөлуге бағдар ұсатайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей аксүйектердің саяси жәнс экономикалык үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан еллерде калыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халыктын саяси билікке қатысуына шек койылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына карай, құндылыктар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

6. Саяси жүйені топтастырудың қандай түрлерін білесіз?

У. Ростоу және т.б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан түрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу) қоғамы; 4) индустриялдык және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постиндустриялдык) қоғам. Бірінші сатыға алғашкы кауымдык, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнін басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен оларсанаспайды.

7.Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?

Президент Н. Назарбаев 2011 жылғы президент­тік сайлау алдындағы бағдарламасында және ұлықтау рәсіміндегі сөзінде еліміздің саяси жүйесін демократияландыру, Парламенттің өкілдіктерін кеңейту және оның құрамына бірнеше партиялар өкілдерінің сайлануы мәселесін көтерді. Парламент­тің мемлекеттік бағдарламалардың (мысалы: индустриялы-инновациялық, білім, денсаулық және т. б. ) орындалуына бақылау жасау керектігін айтты. Бұл, біздің пікірімізше, келешекте Парламент өкіл­діктерін кеңейту жөнінен заңнамалық өзгеріс­терге батыл баруды қажет етеді. Демек, бұл шаралар келешекте халық билігін демократияның мә­ні, мақсаты ретінде нығайтудың сара , өрісті жолы бо­лады деген сөз.