Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризм 777.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
335.36 Кб
Скачать

18.Туристік ұйымдардың корпоративтік салығы есебі.

Туристік ұйым қызметіндегі корпоративтік табыс салығын төлеушілер ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар. Корпоративтік табыс салығын салу объектілері: 1) салық салынатын табыс; 2) төлем көзінен салық салынатын табыс; 3) ҚР/да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Туристік ұйымның салық салынатын табысы есептік салық жылы нәтижесі салық жылы ішінде туристік ұйымның барлық алынатын табыстары кіреді. Бұл табыстарға турөнімді өткізген және өндіруден түсетін табыстар жатады. Салық салынаты табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Шегерімдерге:қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын өтемақыларға:

1) жол жүру мен броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар; 2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар; 3) қызметкерге іссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы жатады. Іссапарда болу уақыты: жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы жазбаша өкімі; жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. 4) салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар, келу визасын ресімдеуге арналған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындалады.

Салық кезеңі- 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл. КТС ставкасы 20 пайыз мөлешерімен есептеледі.

Корпоративтік табыс салығының есебі бойынша атқарылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік жазбасы:

Табыс көзінен ұсталынған КТС: Дт 3310, 3390 Кт 3110

Есептелген КТС: Дт 7710 Кт 3110

КТС сомасы бюджетке аударғанда: Дт 3110 Кт 1010

Уақыт айырмашылығының нәтижесінде н/се уақыт айырмашылығының жойылу нәтижесінде есепті кезеңде төленуге тиісті КТС: Дт 4310 Кт 3110

Салық салудағы уақыт айырмашылығына орай келешектегі есепті кезеңде төленетін пайдаға салынатын салық мөлшерін көрсету:Дт 7710 Кт 4310

Есепті кезеңнің соңында «КТС б/ша шығыстар» шотын жабу: Дт 5610 Кт 7710

20. Ақша қаражаттары және валюталық операциялар есебі.

Валюталық курс тербелістері курстық айырымдардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Курстық айырма бухгалтерлік есеп жүйесі мен қаржылық есептілікте 1 мезгілде көрсетілетін шет елдік валюталар өзгерісі. Курстық айырма:

1) импорттың операцияларына байланысты ұлттық валютаның келісімшарт және оның кедендік рәсімдеу мерзімі аралығындағы және ақша қаражаттарының аударылу уақытындағы туындайтын айырма не/се туындаған дебиторлық не/се кредиторлық қарыздардың қайта бағаның өсуі не/се төмендеуіне байланысты айырма.

Мысалы, туристік ұйым 2000 $ тұратын, кедендік рәсімдеу кезінде 254000 тг құрады.дт 1320 кт 3310

- Төлемақысын төлегенде курс 127,5тг құрады: дт 3310 кт 1030

- Теріс курстық айырма пайда болды (1000тг); дт 7430 кт 3310

- Егер төлемақы төленген күні курс 126,8 құрағанда: дт 3310 кт 1030

Оң курстық айырма болып табылады

дт 3310

кт 6250

Кіріс болып есептеліп, жиынтық табыстың артуына жатқызылып

дт 6250

кт 5610

Бағасы 5000$ тұратын туристік өнімді саттық. сатылған күні курс әрбір доллар 147 тг құрады. Кедендік рәсімдеу кезінде 735000 тг Туристік ӨӨҚ 305000 тг құрады

дт 7010

кт 1320

Туристік өнімнің келісім құнына

дт 1210 735000

кт 6010 735000

Тур өнімнің төлемақысы төленген жағдайда 147,3 тг құрады 736500

дт 1030, 1010

кт 1210

Теріс курстық айырма пайда болады 1000тг

дт 7430

кт 1210

Валютаны сатуға немесе сатып алуға байланысты ұлттық банк курсымен биржаның немесе банктің курс арасында да айырмалар пайда болып тұрады. Мұндай курстық айырманы "курстық қарама-қайшылық деп атайды және есепті кезеңнің не шығыны не кірісі есебінде ескерілетін болады. Ал салық есебінде ЖЖТ-ы анықтаған жағдайда оң курстық айырма алып тасталынып, ал тері курстық айырма ЖЖТ-ы арт-н болады