Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризм 777.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
335.36 Кб
Скачать

10) Туризм қызметіндегі делдал есебі

Егер турагент комиссиялық келісімшарт бойынша жұмыс істеген жағдайда бұл 2 түрлі жолмен жүзеге асырылады. Себебі делдалдық келісімшарт делдалдық есеп айырысуға үлкен әсерін тигізеді. Туристік өнімдерді жеткізуге байланысты іс-әрекетті бұл міндетті түрде сенімгердің есеп айырысу шоты бойынша жүзеге асырылады. Екіншіден, егер турагент агенттік немесе коммерциялық келісімшарт бойынша тауарларды өз аттарынан сатқан жағдайда оның төлемақысы 3 күннің ішінде агентттің есеп айырысу шотына аударылуы тиіс (сыйақыдан басқа). Мұндай есеп айырысу делдалдық келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Үшіншіден, Турагент өз әрекетін заңда белгіленген шекте жүзеге асырады. Яғни, турагенттерге бюджетке салық төлеу немесе еңбекақыдан төлемақылары төлеу жүктелмейді.

Сыйақы төлемі бұл жағдайда :

Турагент туроператорлардан алынған сыйақы төлемі жалпы сатылған өнім көлемінің пайыз есебінде немесе бекітілген сома негізінде жүргізеді. Бұл жағдайда оның бухгалтерлік есебі әдеттегі бойынша , яғни делдалдық қызметке пайдаланылатын есеп негізінде жүргізіледі.

Сыйақы алуға байланысты шығын 8110 шоттың негізінде ескерілетін болады.

Сонымен туристік өнімдердің сатылуы келесідей көрсетіледі:

Туроператорлардың делдалдық қызмет көрсеткіші үшін сыйақы Дт 1210 Кт 6010

Сыйақыдан ҚҚС Дт 1210 Кт 3130

Егер есеп айырысу шотына келіп түскен жағдайда Дт 1030 Кт 3130

Бюджетке төленген жағдайда Дт 3130 Кт 1030

Делдалдық қызметке Дт 8110 Кт 3350

Фирманы басқаруға байл шығын Дт7210 Кт

Сатылған қызметтің ӨҚ-н анықтау Дт 7010 Кт 8110

Дт 5610 Кт 7010

Дт 6010 Кт 5610

Делдалдық қызмет көрсетуге байл қаржылық нәтиженің анықталуы Дт 5610 Кт 5510

Турагенттердің есеп айырысудағы жағдайы:

Келісімшарт бойынша келіп түскен туристік өнімдерді бұл жағдайда турагент 004 баланстан тыс шот бойынша балансқа алу қажет: Дт 004

Делдалдық келісімшарт бойынша сатылған туристік өнімнің төлемақысы сатып алушылардан келіп түскен жағдайда: Дт 1030 Кт 1210

Әр түрлі ұйымдармен олардың көрсеткен қызметі бойынша делдалдық келісімшарт негізінде төлемақылар төленген жағдайда дт3310 Кт 1010; 1030

Делдалдық келісімшарты бойынша белгілегнген пайыз негізінде сыйақы есептелген жағдайда: Дт 1210 Кт 6010

Сыйақы сомасынан ҚҚС сомасы алынған жағдайда Дт 1210 Кт 3130

Сатылған туристік өнімді есептен шығарған жағдайда

Кт 004

Турагенттің делдалдық келісімшарты бойынша шығындарының есепке алынуы Дт8110 Кт 3350;3310

Туроператордарға делдалдық келісім шарт аясында АҚ – ры аударылған жағдайда Дт 3310 Кт 1030

ҚҚС сомасы Дт1420 Кт3310

ҚҚС сомасын есепке алуДт 3130 Кт 1420

Фирманы басқаруға байл шығындар Дт 7210 Кт 3310;3350

Шығындарды жабу Дт8110 Кт 7010

Дт 5610 Кт7210

Дт6010 Кт 5610

Жылдық табыс жиынтық табысың артуына жатқызып,Дт 5610 Кт 5510

Немесе Кемуіне жатқызып: Дт 5510 Кт 5610

11. Туристік ұйым атқаратын негізгі функциялары

Белгіленген шеңберде келісім бойынша Туристік ұйым туристік агенттігінің өз құқығы негізінде туристік өнімдерді сатуға мүмкіншілік береді.Сонымен қатар туристік ұйымдар туристік агенттікке тур жайлы барлық ақпараттарды беруге міндетті,мұнымен байланысты агенттер клиенттерге бар ақпаратпен қамтамассыз ету керек.Барлық турға қатысты ақпараттарды тур ұйым мойынына ала отырып турагенттіктерге оларды сатуға және сол қызметке байланысты құжаттарды толтыруға міндетті болып танылады.Клиенттермен келісімшартқа турагенттер турұйым атынан отырады.Егер клиентпен келісімшарт бұзылатын болса ,турагенттер турұйымды бұл жайлы ескертуі тиіс және бұзу себептерін анықтап оны дәлелдеуге тиісті.егер турист турөнімнен бас тартатын болса,тапсырысты жою жайлы турұйымға хабарлау керек.Бұл жою жайлы хабарламаны турұйым растаған уақыттан бастап жойылды деп танылады.Туристік ұйымдардың атқаратын біркелкі қызметтеріне келетін болсақ:Турөнімді клиенттерге өткізу үшін туристік агенттіктерге өткізу,сонымен қатар келісімшартқа сәйкес және соның негізінде барынша ақпарат беру.Турөнім бойынша факспен,хатпен немесе телеграмма арқылы турагенттерге әр турөнім бойынша бағасын,уақыттарын,шарттарын және жою тәртібін ,сонымен қатар өзге де шарттар бойынша ақпараттарды беріп отырады.Агенстік жіберген брондау парағын қабылдау не одан бас тарту бойынша қайта турагенттерге 48 сағат ішінде жіберуге міндетті.Туристік жолдаманың аяқталу кезінен 30 күн ішінде көрсетілген қызметтер бойынша клиенттерден наразылықтарды қабылдап оны қарастырады.Турұйымдардың ең алғашқы міндеттерінің бірі клиенттері барған елдің территориясында жеке қауіпсіздігі мен сақтануын қамтамасыз ету болып табылады.Төленген және тапсырыс берілген қызметтер бойынша жоғары деңгейде қамтылып отыруын қамтамассыз етеді.Форс мажор жағдайларда турұйымдар клиенттеріне жағдай жасауға міндеттеледі.Егер кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда өкілдіктер полиция , жедел жәрдемге хабарласу нөмерлерімен қамтамасыз етеді.

12. ҚР туристік қызмет туралы заңы Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы

2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Заң 5 тарау, 30 баптан тұрады.  

1-тарау. Негізгі ережелер                       (1 -  7 баптар)

2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу   (8 -  14 баптар)

3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру          (15 - 23 баптар)

4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері,     (24 - 27 баптар)

         туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету                             

5-тарау. Қорытынды ережелер                     (28 - 29 баптар)

Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

 Қазіргі таңда туристік қызмет осы Заңмен қатар, ҚР Конституциясымен, Азаматтық және Салық Кодксімен реттеліп отырады. Бұл заңда туристік қызмет оъектілері, субъектілері, олардың міндеттері мен құқықтары , туристік ұйымның құрылу тәртібі, туризмнің түрлері туралы айтылады.

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне: туристiк операторлар, (туроператорлар), туристiк агенттер (турагенттер); гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; туристер және олардың бiрлестiктерi; экскурсанттар; туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер; туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады.

2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

4-бап. Туристiк индустрия

- туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi: турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету; тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету; тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету; ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; көлiк қызметiн көрсету; ойын-сауық; өзге де туристiк қызмет көрсетулер.

5-бап. Туристiк ресурстар

Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады. Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi

1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады.

2. Халықаралық туризм:

1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;

2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.

4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк