
- •Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
- •2012 Жылдың 9 айында:
- •2.Туристік бизнесте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •4. Турөнімнің өзіндік құн калькуляциясы ж/е шығындар есебі
- •7. Туроператор және турагент қызметіндегі негізгі айырмашылық
- •8. Туроператорлар қызметі есебі
- •9) Турагент қызметі есебі
- •10) Туризм қызметіндегі делдал есебі
- •11. Туристік ұйым атқаратын негізгі функциялары
- •13. Туризмдегі басқа қызмет есебі.
- •14. Шығатын туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу есебі.
- •15. Туристерді сақтандыру есебі.
- •16. Туристік ұйымдарда салық есебін ұйымдастыру.
- •17. Туристік ұйымдардың қосылған құн салығы есебі.
- •18.Туристік ұйымдардың корпоративтік салығы есебі.
- •20. Ақша қаражаттары және валюталық операциялар есебі.
- •21. Тур ұйымдардағы қаржы нәтижесі есебі
- •22. Касса және касса операциялары есебі
- •23. Валюталық операциялар есебі.
- •24. Курстық айырма есебі.
- •25. Қонақ үй бизнес есебінің ұйымдастырылуы.
- •26. Әр түрлі категориядағы номерлердің өзіндік құнының калькуляциясы.
- •27. Қонақүй қызметі шығындары есебі.
- •28. Қонақүй қызметін сатудан түскен кірістер есебі.
- •29. Қонақ үй кәсіпорынының бизнесінің қаржы нәтижесі есебі.
- •30. Қонақ үй қызметіне салық салу.
7. Туроператор және турагент қызметіндегі негізгі айырмашылық
Халықаралық туризмде негізгі рөл атқаратындар – туроператорлар болып табылады. Себебі: олар туристік өнімді қалыптастырып,оның құрамына кіретін қызмет түрлерін ( тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет және басқа да қызметтер) ұйымдастырушы болып табылады.
Турагенттер- тек туроператорлардың қызметін сатумен айналысатын операторлар болып табылады. Бұл ұйымдар туристік нарықта тікелей туристермен жұмыс жасап, туроператорлардан сыйақы алатын ұйымдар болып табылады.
Туроператорлар мен турагенттер арасындағы айырмашылық:
Турагенттер туристік өнімді өздері қалыптастырмайды, тек оны туроператорлардан сатып алып туристерге сатумен айналысады.
Турагенттердің туристік өнімді сатудағы негізгі ерекшелігі мынада:
Турагент туроператорлар қалыптастырған өнімдерін сатып, туроператорлардың шарты б/ша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда турагент туроператорлармен туристердің арасында делдал рөлін атқарады. Яғни турагенттер туристерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы, алдағы саяхаттың шарттары туралы толық мәлімет беруге тиіс.
Егер туристер тарапынан туристік саяхат жөнінде немесе көрсетілген қызмет жөнінде наразылық болған жағдайда келісім шартқа сәйкес оны қарауды туроператорлар жүзеге асырады.
Турагенттер туристермен жұмыс жасаған кезде сапалы туристік өнім ұсынатын туроператорлардан қажетті туристік өнімдерді алып жұмыс жасауына болады.
Кәсіпкерлік қызметтек кейбір туроператорлар 1туристік ұйымда 2 функцияны біріктіріп туроператорлық және турагенттік қызметпен айналысуына болады.
8. Туроператорлар қызметі есебі
Туроператорлық қызмет есебінде ең негізгі есеп учаскесі болып табылатын турөнімді қалыптастыруға байланысты шығын есебі және оның өзіндік құнын анықтау болып табылады. Бұл жағдайда жеке туристік өнімнің өзіндік құнын анықтау барысында кәсіпорын өз қызметінің ерекшелігін ескеруі қажет және калькуляция баптары б/ша шығындарды топтастыруы қажет.
Турөнімді қалыптастыру – туристердің тапсырысы б/ша немесе операторлардың келісім шарттары б/ша жүзеге асырылады. Турөнімнің өзіндік құнын қалыптастыру есебі 8110 шот негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан турөнімді қалыптастыруға байланысты шығындардың бәрі 8110 шотына жинақталуы тиіс.
Туристік өнім есебі 1320 шот негізінде жүзеге асады. Ал қажет болғанда осы шоттар негізінде субшот ашуға құқылы.
Егер туристерден тапсырыс түскенде турұйым турөнімді қалыптастыруы тиіс. Төлемақы ылдын-ала төленгенде:
Дт 1610
Кт 1010, 1030
Құқық алуға байланысты шығындар
Дт 8110
Кт 3310
Өзара есепке алу (төлемақыны)
Дт 3310
Кт 1610
8110 шотын жабамыз
Дт 7010
Кт 8110
7110–ды жабамыз
Дт 5610
Кт 7010
9) Турагент қызметі есебі
Турагенттік тәжірибелік қызмет 2 жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Турагенттер туристік өнімдерді өз меншіктеріне алып туристік өнімді өз аттарынан сатады.
Мұндай жағдайда турагенттер путевкаларды сату және сатып алумен айналысады.
Турагенттер агент рөлін атқарады.
Бұл жағдайда туристік өнімді агенттік келісімшарт бойынша сатады.
Комиссиялық келісімшарт бойынша комиссионер рөлін атқарады.
Бұл жағдайда туристік өнімді иеленуші атынан сатып, қызметттері үшін сыйақыны туроператорлардан алады.
1-ші қызмет бойынша :
Туроператорлардан әрі қарай жылжыту үшін туристік өнімдерді сатып алу Дт1330 Кт3310
ҚҚС сомасын есепке алу Дт1420 Кт 3310
Соманы есепке алу Дт 3130 Кт1420
Туроператордың төлемақысын төлеген жағдайда Дт3310 Кт1030
Туристік өнімді сатуға байл басқа ұйымдардың қызметтері Дт 7110 Кт3310
ҚҚС сомасы Дт1420 Кт3310
Туристік ұйымды басқаруға байл ұйымның өзінің шығындары Дт7210 Кт2410,2710,2730,3350,2540,2420,3150,3190
Сатылып алынған туристік өнімнің сатылып алыну құнына шығысталуы Дт 7010 Кт1330
Туристік өнімнің сатудан түскен табысДт 1210 Кт6010
Сатылған туристік өнімнің ҚҚС сомасын Дт 1210 Кт 3130
Есепке алу Дт3130 Кт1010,1030