Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризм 777.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
335.36 Кб
Скачать

4. Турөнімнің өзіндік құн калькуляциясы ж/е шығындар есебі

Туристік қызмет есебінде ең негізгі есеп учаскесі болып туристік өнімдерді қалыптастыруға б/ты шығындар есебі мен оның өзіндік құнын анықтау табылады.Нарық экономикасы кезінде әр кәсіпорын өзінің қызмет ерекшелігіне қарай шығындарды калькуляция баптары б/ша топтастырады. Калькуляция баптары б/ша шығындарды топтастыру әрбір шығынның қайда жұмсалатындығын анықтап және шығындарды бақылаудағы рөлі артып, сонымен қатар шаруашылық қызметтің сапалы көрсеткіштерін анықтап ж/е өндіріс шығындарын кеміту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Өндіріс шығындарын келесідей топтарға бөлу ұсынылған:

  1. Туристік өнімді қалыптастыру мақсатында басқа ұйымдардың көрсеткен қызметтеріне б/ты шығындар (құқықты алу);

  2. Еңбекақы шығындары;

  3. Туристік өнімді қалыптастыруға қатысқан туристік ұйым бөлімшелерінің шығыны;

  4. Үстеме шығындар.

Туристік өнімді қалыптастыруға б/ты, яғни құқық алуға б/ты басқа ұйымдардың көрсеткен қызметіне б/ты шығындар:

1) Туристерді орналастыруға б/ты шығындар; 2) Тасымалдауға б/ты шығындар 3) Тамақтандыруға б/ты шығындар;4) Экскурсиялық қызмет көрсету шығындары;

5) Медициналық қызмет көрсету; 6) Мәдени іс-шараларға б/ты шығындар(спорт, концерт т.б.); 7) Сақтандыру қызметіне б/ты шығындар; 8) Гидтерге, аудармашыларға шығындар т.б. шығындар.

Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетуге б/ты шығындар жатады. Оның ішінде ғимараттарға қызмет көрсетуге б/ты шығындар, амортизация, коммуналдық қызмет көрсету, еңбекақыдан аударымдар, өндірістік қызметке б/ты іссапар шығындары (шетел паспортын рәсімдеу, виза), жалға алынатын ғимараттарға жал шығыны, жаңа турөнімді қалыптастыруға б/ты шығындар, өкілдік шығындар, еңбек қауіпсіздік шығындары, турөнімді өндіруге б/ты басқа да шығындар.

Турөнімнің өзіндік құнын калькуляциялау барысында турұйымдар төмендегідей әдістерді қолданады:

  1. Тікелей есептеу әдісі;

  2. Шығындарды бөлудің пропорционалды бөлу әдісі;

  3. Аралас әдіс.

Тікелей есептеу әдісін қолданған жағдайда турөнімнің өзіндік құнын тікелей есептеу негізінде анықталады, яғни турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жалпы шыққан шығынды жалпы турөнім санына бөлу арқылы анықталады.

Пропорционалды бөлу әдісі бұл жағдайда бір мезгілде бірнеше турөнімді өндіретін ұйымдарда қолданады.Тікелей есептеу әдісін қолдануға болмаған жағдайда қолданылатын әдіс болып табылады.

Аралас әдіс – өнімнің өзіндік құнын калькулциялауда бірнеше әдістерді қолдануға болатын әдіс, яғни тікелей есептеу әдісі немесе шығындарды пропорционалды бөлу әдісінің екеуінің бірін қолдануға болады.

Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуляциялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қарай төмендегідей түрлері қарастырылады: жоспарланған кезең ішіндегі мөлшер мен смета бойынша

жасалынған баға; 2)нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты

сомасы; 3)сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжатарқылы жасалған жобалық баға.

5.Туристік өнімнің өзіндік құны ж\е оны қалыптастуруға кеткен шығындар есебі.

Туристік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп маңызды бөлігі туристік өнімді рәсімдеуге ж/е оның өзіндік құнын анықтауға жұмсалған шығындарды есепке алу болып табылады. Калькуляциялық баптар б/ша туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға шыққан шығындардың, олардың неге жұмсалғанын анықтау, сонымен қатар шығындарды бақылауды ұйымдастыру, жалпы туристік ұйымдастыру ж/е олардың жекелеген бөлімшелерінің де шаруашылық қызметтерінің сапалы көрсеткіштерін анықтауға, өндіріс шығындарын азайтуға қай уақытта, қандай жолдарын іздестіру керек екенін белгілеуге мүмкіндік береді. Туристік өнімнің өндірістік шығындар құрамына келесідей топтарды енгізу ұсынылады:

  1. Туристік өнімді қалыптастыру мақсатында туристік қызметпен айналысуға құқық алуға байланысты жұмсалған шығындар;

  2. Туристік ұйымдағы қызметкерлердің әрекетіне б/ты шығындар, яғни еңбекақы шығындары;

  3. Туристік өнімді қалыптастыруға б/ты шығындар;

  4. Үстеме шығындар.

Туристік өнімдерді қалыптастыру б/ша шығындар есебі кәсіпорын есебін ұйымдастырудың әдеттегі схемасы б/ша жүргізіледі. Ал, туристік өнімдердің өзіндік құнын қалыптастыру б/ша шығындар есебін 8110 шот негізінде жүргізуге болады. Өзге ұйымдардың көрсетілген қызметтер есебі 8110 шот дебеті, 3310 шотының кредиті б/ша жүргізіледі.

  1. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің көрсеткен қызметін есепке алған жағдайда:

ДТ 8111 КТ 8310 ( қосымша), 8410 (үстеме шығын)

  1. Турөнімді қалыптастыруға б/ты қызметкерлерге еңбекақы есептелген жағдайда

ДТ 8112 КТ 3350

  1. Әлеуметтік салық есептелгенде: ДТ 8113 КТ 3150

  2. Өндірістік шығындарды түрлері б/ша жабу:

ДТ 8110 КТ 8310, 8410

ДТ 7010 КТ 8110

ДТ 5610 КТ 7010

Турөнімнің жеке түрлері б/ша өзіндік құн топтастырылады және калькуляция баптары б/ша есептеледі.Кәсіпорындарда жоспарлау, өнімнің өзіндік құн есебі мен калькуляциялау негізгі жағдайларына калькуляция баптары б/ша шығындарды типтік топтастыру бекітілген:

1)Шикізат мен материалдар; 2)Қайтарылған қалдықтар; 3)Өзге ұйымдар мен кәсіпорындар көрсеткен қызметтер мен сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар; 4)Технологиялық мақсаттар үшін отын мен энергия; 5)Қызметкерлердің еңбекақысы; 6)Әлеуметтік қажеттіліктер үшін аударымдар; 7)Өндірістік дайындық пен жүзеге асыру шығындары; 8)Жалпы өндірістік шығындар; 9)Жалпы шаруашылық шығындар; 10)Ақаудан болған жоғалтулар; 11)Басқа да өндірістік шығындар; 12)Коммерциялық шығындар.

6 - 19.Туристік өнімнің сатылу есебі.

Туритсік өнімнің сатылуы. Туризмнен түсетін кіріс мұнай өнімдерінен кейінгі екінші орында. Туристік қызмет заңды ж\е жеке тұлғалардан туристік қызмет көрсету бойынша әрекеті. Туристік қызмет көрсету туристерді қанағаттандыруға қажетті қызметтер, яғни оның туристік сапары кезіндегі ж\е осы сапарға байланысты туристік ұйымдарда көрсетілетін қызмет. Тур өнім сапар барысында туристі қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызметтің жиынтығы. Тур жолдама туристік қызметтер кешенін алу құқығын растайтын құжат. Тур ваучер сапар құрамына енетін оның көрсетілуін растайтын, туристік қызмет құқығын белгілейтін құжат.

Туристік өнімді сатқанда немесе тікелей сатқанда:

ДТ 1010, 1030 КТ 6010;

Өзіндік құнына ДТ 7010 КТ 1320;

Туристік өнімдерді сату бойынша табыстың мойындалуы ДТ 1210 КТ 6010;Есепті кезең соңында табыс жиынтық табыстың артуына жатқ-лып ДТ 6010 КТ 5610;

Есепті кезең соңында шығын жиынтық табыстың кемуіне жатқ-лып ДТ 5610 КТ 7010

Тур-агенттердің туристік өнімді сатудағы негізгі ерекшеліктері мынада:

  • тур-агенттер тур-операторлар қалыптастырған өнімдерін сатып, туроператорлардың шарттары бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда тур-агент туроператорлармен туристердің арасында делдал рөлін атқарады, яғни тур-агенттер туристерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы, алдағы саяхаттың шарттары туралы толық мәлімет беруге тиісті.

  • Егер туристер тарапынан туристік саяхат жөнінде немесе көрсетілген қызмет жөнінде наразылық болған жағдайда, келісім шартқа сәйкес оны қарауды тур-операторлар жүзеге асырады.

  • Турагенттер туристермен жұмыс жасаған кезде сапалы туристік өнім ұсынатын тур-операторлардан қажетті туристік өнімдерді алып жұмыс жасауына болады.

Туристік өнімді сату бойынша салық салынатын айналым болып туристік өнімді сату бойынша қызметтер құны, яғни тур агенттің алатын комиссиондық сыйақысы болып табылады. Бұл кезде тур оператордан алған туристік өнімдер баланстан тыс шотта ескеріліп 004 баланстан тыс шоты бойынша кіріске алынады. ДТ 004

Тур оператордың шот фактурасы бойынша туристік өнімнің құнына ДТ 1410 КТ 3310;

Клиенттен оның құны өтелгенде ДТ 1010 КТ 1410;

Комиссиондық сыйақы түріндегі табыстың мойындалуы ДТ 1210 КТ 6010;

Комиссиялық сыйақы бойынша ҚҚС сомасына ДТ 1210 КТ 3130;

ҚҚС бюджетке төленуі ДТ 3130 КТ 1010,1030;

Комиссиялық сыйақы сомасына төмендетіліп ДТ 3310 КТ 1210;Тур операторға төлемақы төленгенде ДТ 3310 КТ 1030;

Сатылған туристік өнімнің есептен шығарылуы КТ 004

Егер тур оператор резидент емес, ал тур агент резидент болса резидент тұлғаның резидент емеске туристік өнімдерді сату бойынша қызметіне ҚҚС салынбайды.