
- •Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
- •2012 Жылдың 9 айында:
- •2.Туристік бизнесте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •4. Турөнімнің өзіндік құн калькуляциясы ж/е шығындар есебі
- •7. Туроператор және турагент қызметіндегі негізгі айырмашылық
- •8. Туроператорлар қызметі есебі
- •9) Турагент қызметі есебі
- •10) Туризм қызметіндегі делдал есебі
- •11. Туристік ұйым атқаратын негізгі функциялары
- •13. Туризмдегі басқа қызмет есебі.
- •14. Шығатын туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу есебі.
- •15. Туристерді сақтандыру есебі.
- •16. Туристік ұйымдарда салық есебін ұйымдастыру.
- •17. Туристік ұйымдардың қосылған құн салығы есебі.
- •18.Туристік ұйымдардың корпоративтік салығы есебі.
- •20. Ақша қаражаттары және валюталық операциялар есебі.
- •21. Тур ұйымдардағы қаржы нәтижесі есебі
- •22. Касса және касса операциялары есебі
- •23. Валюталық операциялар есебі.
- •24. Курстық айырма есебі.
- •25. Қонақ үй бизнес есебінің ұйымдастырылуы.
- •26. Әр түрлі категориядағы номерлердің өзіндік құнының калькуляциясы.
- •27. Қонақүй қызметі шығындары есебі.
- •28. Қонақүй қызметін сатудан түскен кірістер есебі.
- •29. Қонақ үй кәсіпорынының бизнесінің қаржы нәтижесі есебі.
- •30. Қонақ үй қызметіне салық салу.
28. Қонақүй қызметін сатудан түскен кірістер есебі.
Өз қызметінде қонақүйлер табыс табады және шығындарға ұшырайды. Кіріс бұл экономикалық ресурстардың активтер ағымы, өсімі арқылы немесе міндеттемелердің кемуі арқылы артуы.
Қонақүйдегі сатудан, қызмет көрсетуден түскен кіріс есебін жүргізу үшін «Кірістер» деп аталатын бөлімнің шоттарын пайдаланамыз.
Кірістер есебіне байланысты шоттар корреспонденциясы:
№ |
Содержание операции |
Дебет |
Кредит |
1. |
Сатылған өнімнің, қызметтің өзіндің құнына |
1010,1030,1210-1240,2110-2140 |
6010 |
2 |
Өткен кезеңде алынған, бірақ есепті кезеңге қатысты кірістерді көрсету |
3520,4420 |
6010 |
3 |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешектері қайтарылған тауар мен өнімге байланысты азаюы |
6020 |
1210-1240,2110-2140 |
4 |
Сатып алушыларға сатылымға және бағаға байланысты жеңілдіктер ұсынылды. |
6030 |
1210-1240,2110-2140 |
5 |
Сатылған негізгі құралдардың, МЕАдің және басқа да активтердің құнын көрсету |
1010,1030,1210-1240,2110-2140 |
6210 |
6 |
Негізгі құралдарды ликвидациялаудан бағалы материалдар келіп түсті. |
1350 |
6210 |
7 |
Акциялар бойынша дивиденттер есептелді. |
1270 |
6120 |
8 |
Заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде әртүрлі активтер келіп түсті. |
1310,1330,2410, 1010,2730 |
6220 |
9 |
Оң курстық айырманы көрсету. |
1020,1050, |
6250 |
10 |
Операциялық жал бойынша операциялық төлем есептелді. |
1260 |
6260 |
11 |
Қызметін тоқтатуға байланысты ұйымда сатылған активтерден түскен кірісті мойындау |
1010,1210-1240,1280 |
6310 |
29. Қонақ үй кәсіпорынының бизнесінің қаржы нәтижесі есебі.
Қонақ үйлерде есепті кезең соңында соңғы қаржылық нәтиже – есепті кезеңде қаржылық-шаруашылық үрдісі кезінде жалпы пайда мен зиян түрінде көрсетілетін ұйым капиталының өсуі немесе кемуі.
Табыс - компанияның қалыпты қызметі нәтижесінде активтерді өсіру, міндеттемелерді азайту жолымен экономикалық ресурстарды өсіру.
Табыс мынандай нәтижелерде алынуы мүмкін: тауарлы-материалдық қорларды сату; қызмет көрсету; ұйымға тиесілі және пайыз, роялти және дивидент алып келетін активтерді қолданысқа беру.
Тауарды сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс ұйымдар арасындағы келісімшартта қаралған сату құны арқылы анықталады.
Тауарды сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс мынадай шарттарды сақтаған кезде мойындалады:
табыс сомасы сенімділіктің жоғары дәрежесінде бағаланады – бұл келісімге қатысатын екі жақ та сатушы қандай баға сұрайтынын және сатып алушы қанша сома төлеу керектігін біледі.
келісіммен байланысты экономикалық пайда ұйымға алынады дейтін ықтималдылықтың болуы – қызмет көрсететін жақ клиент тауарларды сату немесе қызмет көрсету бойынша келісімшарт бойынша келісілген соманы төлейтініне сенімді болуды білдіреді.
Сондай-ақ, тауарларды өткізуде табыстарды мойындаудың негізгі жақтарына мыналар жатқызылады : сатып алушыға меншік құқығын беру, соған байланысты маңызды тәуекелдер мен келісім сыйақысы; келісім бойынша нақты және күтілетін шығындар бағалауы сенімділіктің жоғары шегінде жүргізіледі; бартер бойынша келісімшарт жасасқан кезде, егер тауар ұқсас тауарларға айырбасталса, бұндай айырбас табыс әкелмейтін келісім болып табылады, ал ұқсас емес тауарларды айырбастағанда табыс келісім бойынша мойындалып, сатылған тауарлар құны бойынша бағаланады.
Тауарларды өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыстар мына жағдайларда мойындалмайды: Сатып алушыдан және тапсырыс берушіден алынған аралық төлемдер мен аванстар; Қызмет көрсету бойынша келісімнің нәтижесі жоғары дәрежелі сенімділкпен бағалауға мүмкіндік болмаған жағдайда және өндірістік шығындардың орны жабылмауы туралы күмән туындағанда.
Қаржылық есептіліктің түсініктеме хатында қонақ үй келесілерді ашып көрсетуі тиіс: қызмет түрлері бойынша мойындауға қабылдаған табыстардың есеп саясатын; құрамына тауарларды өткізуден, қызмет көрсетулерден, пайыздар, роялти, дивидендтерден (соның ішінде әрбір маңызы бар табыс құрамына кіретін тауарлар мен қызметтер айырбасында пайда болатын табыс сомасы) тұратын және есепті кезеңде мойындалған әрбір табыс түрінің сомасын.
Ұйымның табыстарын көрсету үшін 6 бөлім «табыс» шоттары пайдаланылады.Ал, кредиті бойынша өнімді өткізуден түскен табыс, өткен кезеңде алынған бірақ есепті кезеңге жатқызылатын негізгі құралдарды, материалды емес активтерді шығыстаудан түскен табыстар, оң курстық айырмадан алынған сомалар, алынған субсидия мен басқа да табыстар.
6 «Табыстар» бөлімінде табыстарды түзетуге (жөндеуге) арналған 2 шоттар тобы бар: 6020 «Сатылған өнімнің қайтарылуы», и 6030 «Сату бағасынан жеңілдіктер». Жыл соңында 6 бөлім шоттары 5610 «есепті кезенің қорытынды пайдасы (зияны)» шоты арқылы жабылады. 1 қаңтар мен 31 желтоқсанда оларда қалдық қалмауы тиіс.
6010 «Өнімдерді өткізуден, қызметтерді көрсетуден түскен табыс» шоты бойынша кредиттік айналым № 11 журнал-ордерде, 6020,6030 шоты бойынша № 14 журнал-ордерде, басқа табыстар шоттары № 12 журнал-ордерде көрініс табады.
Қонақ үй есепті жылы ешқандай тауар шығармаса да, қызмет көрсетпесе де,шығын шегуі мүмкін.
Кезең шығындары – бұл пайд және зиян жайлы есептілік көрсеткіштері. Кезең шығындары пайда болған есепті кезеңдегі қорытынды пайданы кемітеді, бірақ келесі кезеңге өндірілмеген тауарлар қалдығы құрамына жазылмайды.
Тауарларды (қызмет, жұмыс) өндіру шығындары ретінде келесілер қарастырылады: Жылжыту бөлімінің жұмысшыларының еңбекақысы; Тауарларды; жылжыту процесіне қызмет ететін кәсіпорын мүлкін сақтандыр шығындары; Жылжыту бөлімінің жұмысшыларының іссапар шығындары; Жылжыту мен өткізу процестеріне қызмет ететін негізгі құралдардың амортизациясы; Негізгі құралдардың мазмұны бойынша шығындар; Жөнелту пунктінен жүктерді жіберу; Тиеу-жөнелту жұмыстары; Жарнама шығындары; Кәсіпорын өнімдерін орамын жасау шығындары; Комиссиялық ұсталымдар мен шығыстаулар; Тауар жоғалтулар .
Қонақ үй бұл шығындардың есебін 7200 «Әкімшілік шығыстар» шоты бойынша жүргізіледі. Осы шоттың дебетінде есепті кезеңнің әкімшілік персоналды ұстауға байланысты, ұйымның басқару мен қызмет көрсету бойынша, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кірмейтін шығын сомалары анықталады және қалыптастырылады. Есепті кезеңнің соңында жалпы және әкімшілік шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады. Бұдан кейін 7200 шоты жабылады.
№ 10 журнал-ордердің № 5 ведомостінде Б бөлімінде жалпы және әкімшілік шығындардың аналитикалық есебі жүргізіледі. Әр айдың шығындары бойынша жазбалар бірінші және құрама құжаттардың, басқа да журнал-ордерледің негізінде корреспонденцияланатын шоттардың бөлінуі арқылы жасалады. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына қосылмайтын шығындарға пайыз төлеуге байланысты шығындар да жатады.
Пайыз бойынша шығындар :
Банк кредитінің пайызын төлеу
Жалдау мен басқа қызмет түрлері бойынша пайыз төлеу
Кредит жеткізушілеріне пайызын төлеу